400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Менің достарым мейірімді!

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылармен достық қарым қатынас туралы әңгіме жүргізе отырып, оларды кішіпейілділікке, ынтымақтастыққа шақыру. қызықты психологиялық жаттығулар жүргізу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Менің достарым мейірімді»

3-4 сынып оқушыларымен жүргізілген тренинг.

Мақсаты: достық қарым-қатынас орната білуді үйрету; ұжымдық қарым-қатынас орнату, әр оқушының өзіндік «Менін» бағалауды үйрету, ұл балалар мен қыздардың арасындағы бір-біріне деген негативтік көзқарасты жою.

Міндеттері:оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынас жасау ерекшеліктерін анықтау, айналасындағыларға көмек көрсете алу қабілеттерін арттыру, әр оқушыларға топтың мүшесі ретінде түсінік қалыптастыруды дағдыландыру.

Барысы:

І. Психологиялық ұйымдастыру. Әр оқушы оң жағындағы және сол жағындағы сыныптастарына жымиып, бір-бірінің қолын алып, «Сәлеметсіңдер ме!» деп дауыстап айтулары керек.

ІІ. Қарым-қатынас мәдениетін орнату. Психолог барлық оқушыларға бір уақытта үйінің мекен жайын айтуды тапсырады. Айта кететін жайт, оқушылар өз мекен-жайларын басқаларға жеткізу үшін бәрінен де қатты айтуы керек. Кез келген оқушыдан сұрағанда басқа оқушының айтқан мекен жайын қайталап айтып беруі керек. Психолог оқушылардан ақпаратты неге түсінбей қалғандарын сұрайды. Оқушылардың жауабынан кейін психолог қарым- қатынас жасаудағы басты қағиданымен таныстырады:

  • Басқаның сөзін бөлуге болмайды;

  • Сені тыңдасын десең, алдымен өзің тыңдап үйрен.

ІІІ. «Адал дос пен амал дос» тақырыбындағы әңгімені талдау.

ІҮ. «Менің жетістіктерім» жаттығуы. Оқушыларға кезекпен биылғы оқу жылында жеткен жетістіктерін айту ұсынылады. Қалған оқушылар «Бұл керемет!» деп оң қолдарының үлкен саусақтарын көрсетеді.

Ү. Сергіту сәті:

Сыныптағы оқушылардың барлығы қол шапалақтасын;

Енді тек қыздар;

Жақсы тамақтанғанды ұнататындар;

Сабаққа кешігіп келетіндер;

Сабақты жақсы оқитындар;

Каникулды ұнатпайтындар;

Тәттіні ұнататындар;

Футболды ұнататындар;

Өмірді сүйетіндер;

Ата-аналарын сүйетіндер;

Тек көңілділер!


ҮІ. «Күн сәулесіндегі менің портретім» жаттығуы.

Тақтаның ортасына «Менің қолымнан келеді» деген жазуы бар қағаз ілінеді. Оқушылар кезекпен шығып, басқалары үшін не істей алатындарын жазады. Жаттығуды қорыта келе, психолог оқушылардың бойындағы жағымды қасиеттерінің арқасында сынып ұйымшыл болатындығын айтып жеткізеді.



ҮІІ. «Мен – ол біз» қорытынды жаттығуы. Әр оқушыға өзінің эмблемасын жасау тапсырылады. Эмблемада өзінің есімі мен жағымды қасиеттері жазылады. Эмблеманы әдемілеп өрнектеп жасап болғаннан кейін, оқушылар кезекпен магнитпен тақтаға жабыстырады. Соңында оқушылар «Біз барлығымыз» деп бастап, әр эмблемадағы жағымды қасиеттерді оқып шығады. Бұл жаттығудың маңызы, «Мен» болмаса, «Біз» деген ұғым қалыптаспайды, ал «Біз» дегеніміз ол біздің ұжым, яғни біздің сыныбымыз екендігін оқушылардың бойына сіңіру.

ҮІІІ. Рефлексия. «Ұялы телефон» әдістемесі.

Оқушыларға алдын ала жасалынған ұялы телефонның суреті таратылып, сол ұялы телефон арқылы хабарлама жіберу тапсырылады. Хабарламада бүгінгі тренинг жайлы пікірлері және өздерінің қатысу белсенділіктері жазылады.































Қорытынды

7 –ақпанда «Менің достарым мейірімді» тақырыбында 4 сынып оқушыларымен тренинг жүргізілді. Тренингтің мақсаты оқушылардың бойында достыққа деген көзқарастарын арттыру, достық қарым- қатынас орнатуға шақыру. Тренингте оқушылар алдымен бір бірімен жағымды эмоцияда амандасып, келесі жаттығу әр адам басқа адамды тыңдай білу керектігін түсіндіру мақсатында жүргізілді. Ал «Адал дос пен амал дос» тақырыбын талдауда оқушылар өз ойларын анық жеткізе білді. Сонымен қатар, достарды қадірлеу керек, сыйластық болу керек деген ойға келді. «Күн сәулесіндегі менің портретім» жаттығуында оқушылар өз достары үшін не істей алады, сол жайлы өз ойларымен бөлісті. «Мен – ол біз» қорытынды жаттығуында оқушылар тақтаға өздерінің эмблемаларын жасады. Жүргізілген тренинг оқушыларға өте ұнады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
1045
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі