15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Менің достарым мен қарым-қатынасым» тренингі
Байгожина Айнур Еламановна
«Менің достарым мен қарым-қатынасым» тренингі
Сыныбы: 5
Тренинг сабақ
Мақсаты: Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету, коммуникативті өрісті дамыту.
Міндеті:
Адам қарым-қатынасындағы достық ұғымы туралы түсінік беру;
Оқушылардың арасында достық сезімдерін дамытуға ықпал ету.
Оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке, шынайылыққа, адалдыққа тәрбиелеу.
Барысы:
Сәлемдесу.
Оқушылар хормен:
Үлкенге де «Сіз»,
Кішіге де «Сіз».
Бар адамға құрметпен,
Бас иеміз біз.
Тыныштық сәті:
Барлықтарыңыз көздеріңізді жұмыңыздар. Балалар денелеріңді түзу, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңыздар. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстаңыздар. Денелеріңізді бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі сіздерді аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезініңіздер. Тұла бойларың жақсылыққа толғанын сезініңіздер.
Тренинг ережелерімен таныстыру.
Танысу
Пікірлесу
Бес құндылық
Социометрия әдісі
Сыйластық
Танысу тренингі.
Өз есіміңізге сын есім қосып танысайық.
Әдепті – Балжан
Үлпілдеген – Айсұлу
Жағымды –Айтолқын
Мейірімді – Мадина
Ақылды – Дінмұхаммед
Ғажайып – Алмаз
Ақкөңіл – Динара
Батыр – Нұрдәулет
Айбатты – Аңсаған
Салмақты – Мәрлен
Пікірлесу
Енді, балалар, мына өлеңді тыңдап көрелік.
Дос көп еді жүретін сыр ақтарып,
Жандарынан тұратын шуақ тамып.
Домбырамның үні де естіледі,
Достарымның сырлары сияқтанып.
Шын достықтың оттары жалындайды,
Дос қамалдар ешқашан алынбайды.
Дос көңілдер есепке бағынбайды,
Дос жүректер өсекке бағынбайды.
Достық дегенді қалай түсінесіңдер?
Шын досты қалай білуге болады?
Достары көп болу үшін адам қандай болуы қажет?
Енді көзімізді жұмып, әркім өзінің досы, оның жалпы қасиеттері туралы ойлаймыз. (2-3 секунд)
Балалар, достарымызды ойлап болсақ, көзімізді ашайық. Параққа аты-жөнімізді жазып, ойлаған досымыздың есімін жазайық.
Дәйек сөз.
Енді балалар, бүгінгі тақырыбымызға сай мына дәйек сөзді жаттап, дәптерімізге жазып алайық. «Шын дос – таусылмас қазына»
Бес құндылық
Мақсаты: оқушылардың құндылықтарын бағалай білуге, өмірге деген сүйіспеншіліктерін ояту. Сіздер қазір осы өмірдегі өзіне ең қымбатты, ең қажетті, ең керемет деген құндылықтар туралы ойланып көріңіздерші. Енді, осы құндылықтардың ішінен өздеріңе тек «5» құндылықты ғана таңдауларыңыз керек, яғни бес параққа таңдап, атап жазуларыңыз керек. Келесі осы құндылықтарды бағалап қойыңыздар, яғни 1-ші ең қымбат құндылық, 2-ші, 3-ші, 4-ші, 5-ші. Барлық құндылықтарды бүктейсіздер ме, әлде
умаждайсыздар ма, өздеріңіз білесіздер және нөмір сандардың ретін естеріңде сақтауға болады. Әрі қарай, енді бір керегі жоқ құндылықты, жерге тастау керек болып тұр. Иә, қате естіген жоқсыздар. Қимасаңыздар да тастауға тура келіп тұр. Одан кейін 2-ші құндылық, 3-ші, 4-ші, 5-ші әрі қарай қимай-қимай тастай бересіздер, құндылықтарыңызды бағалайсыздар. Ал енді айтыңыздаршы бүкіл құндылықтан айрылып қалғанда қандай сезімде болып отырсыздар? (оқушылардың жауаптары). Ендігі кезде, жердегі жатқан құндылықтарға қарап оның ішінен біреуін ғана таңдап алып көтересіздер, біреуін ғана. Жақсы, енді екіншісін көтересіздер, әрі қарай 3-шісін, 4-ші және соңғысын 5-шісін көтересіздер. Көтерген кезде рет-ретімен кімде сан реттері сәйкес келіп тұр. Енді салыстырма жұмыс жүргізіп көрейік. Енді барлық құндылықтарыңызды алақандарыңызға алып, жүрек жағына қатты басыңыздар. Енді мен сіздерге айтарым осы құндылықтарыңызды ешкімге бермей, қолдарыңыздан шығарып алмай, әрқашанда дұрыс бағалап, жағымды көз-қараспен, осы өмірге сүйіспеншілікпен, өз Отанымызға, отбасымызға, жұмыс-оқуымызға және өз-өзімізге дұрыс көзбен қарап, бағалап өмір сүрейік деп айтар едім.
Социометрия әдісі
Мақсаты: Балалар ұжымдағы өзара қарым-қатынасты анықтау, алынған мәліметтерді оқу-тәрбие жұмыстарында қолдану, топ ішінде психологиялық қолайлы жағдай орнату. Нұсқау: Балалар, сіздерге қазір сұрақтар қойылады. Сол сұраққа осы өз сыныптарыңнан үш адам есімдерін жазасыңдар.
Кіммен дос болғың келеді?
Партада кіммен бірге отырғың келеді?
Мерекелерде кімге сыйлық бергің келеді?
5.Сыйластық
Мақсаты: оқушылардың өзін-өзі тануға жағдай туғызу. Қатысушылардың өзіндік санасы мен рефлексиясына ықпал ету.
Қазір мынадай тапсырма орыңдандар: Қасыңызда тұрған оқушыға қолыңызды созып, мынандай сөздерді айтыңыз:
«Мен сенімен жүздесуге қуаныштымын». Ал ол өзінен кейінгіге осы сөздерді қайталайды. Сөйтіп қайталанып, барлығы қолынан ұстап, шеңбер түзеді. Жүректен-жүрекке жылы лебіз білдіру.
Енді қасымыздағы адамға жүрегіміздегі жақсы жылы лебізді білдірейік. Мұғалімдерге жүрекке жылы сөздер жазып беру.
Қорытынды.
«Қоршаған ортамен қарым-қатынас» тесті
Адамдар тек қана бір-бірімен дос болып қана қоймайды, қоршаған ортамен де дос болады екен.
-
Қоршаған орта
ДостарменТабиғатпенҚұстармен КітаппенЖануарларме
Көшемен
Сұрақ
Сіз кіммен
доссыз?
Өміршеңдік ережесі.
Әр адамның ережесі - өз жүрек қалауымен жүру және батыл әрекет жасау. Сол сияқты иығыңды тіктеп, жарқын көңілмен іштей табысқа жетуге талаптанып, өміршеңдік ережелерін айтайық.
Жігер деген – Мен
Күш деген – Мен
Махаббат деген – Мен
Кешірім деген – Мен
Құдірет деген – Мен
Жасөспірімдік деген – Мен
Жастық шақ деген – Мен
Денсаулық деген – Мен
Адалдық деген – Мен
Жарқындылық деген – Мен
Бар ғажайып бұл сендер!
Хормен:
Бәрі маған байланысты,
Бәрі менің қолымда.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген