жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Менің достарым.Дд дыбысы мен әрпі
|
Пән: сауат ашу |
Мектеп: Тараз қаласы |
||||||||||
|
Бөлімше: |
Мұғалімнің аты: |
||||||||||
|
Күні: |
|
||||||||||
|
Сынып: 1 |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: |
|||||||||
|
Сабақ тақырыбы |
Менің достарым.Дд дыбысы мен әрпі |
||||||||||
|
Сабақ негізделген оқу мақсаты |
1.1.7.1 Тыңдалған материалдардың мазмұны туралы өз пікірін білдіру.(қызықты,қызықты емес,неліктен) 1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындапоқу,жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу)қолдану 1.2.9.1 Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру. 1.3.12.1 Жазу жолын,жоларалық кеңістікті, жолдың жоғары және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін жазу. 1.2.5.1 Мәтін немесе сурет бойынша сұрақтар қоя білу немесе оқығаны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру. |
||||||||||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар орындай алады: |
||||||||||
|
-берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айтады -оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолданады -мұғалімнің көмегімен сөз/ сөйлем/ мәтінді тексереді және қателерін түзетеді |
|||||||||||
|
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: |
|||||||||||
|
-сөздерді буындап оқиды,сөйлемдер құрайды |
|||||||||||
|
Кейбір оқушылар орындай алады: |
|||||||||||
|
-берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме реттіқұрап айтады -өмірмен байланыстыра алады |
|||||||||||
|
Бағалау критерийлері |
- берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айтады - оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолданады -мұғалімнің көмегімен сөз/ сөйлем/ мәтінді тексереді және қателерін түзетеді |
||||||||||
|
Тілдік мақсат |
Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: Дос-друг- Доп-мяч- дыбыс-звук-sound әріп-буква-letter |
||||||||||
|
Талқылауға арналған сұрақтар: -Сенің досың бар ма? -Досыңның аты кім? - Дауыссыз дыбыс дегеніміз не? -Д дыбысы бар сөздерден мысал келтіре аласыңба? -Қатесіз жазу үшін не істеу керек? |
|||||||||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Қарым-қатынас жасау дағдылары, сын тұрғысынан ойлау,сабақтан алған білімдерін өмірмен байланыстыру, жауапкершілік |
||||||||||
|
Пәнаралық байланыс |
Дүниетану, көркем еңбек |
||||||||||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Бейнежазба, электронды оқулық |
||||||||||
|
Бастапқы білім |
Оқушылар мектептің бір күнін сипаттау үшін және айтып беру үшін мектеп туралы әңгімелермен, балаларға арналған өлеңдермен және сөздермен таныс. |
||||||||||
|
Жоспар |
|||||||||||
|
Жоспарланған уақыт есебі |
Жоспарланған іс- әрекеттер |
ресурстар |
|||||||||
|
Басы минут |
Психологиялық жағымды ахуал туғызу: «Мен елімді
сүйемін!» жаттығуын
жасату Түрлі түсті маркерлер арқылы 3 топқа бөлу Қызыл, жасыл, көк Балалар бүгін бізде ерекше күн, бізге қонақтар келіпті, сол қонақтармен амандасып алайық. - Саламатсыздар ма?! - Здравствуйте! - Hello Алдыңғы оқу: (қайталау) «Суреттер сөйлейді» әдісі бойынша - Дәптер,тетрадь - Тауық,курица - Балмұздақ,мороженное - Тышқан,мышь - Шар,шарик - Нан,хлеб - Гүл,цветы Ал, енді балалар «Кофе таяқшалары»әдісі бойынша ережелерді еске түсірейік. -Дыбыс дегеніміз не? -Буын дегеніміз не? -Дыбыстар нешеге бөлінеді? -Жуан дауысты дыбыстарды ата? -Жіңішке дауысты дыбыстарды ата? - Сөйлем дегеніміз не? -Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? -Балалар біз үлкен бөлімді аяқтадық .Ол қандай бөлім? -Менің отбасым. -Орысша қалай айтамыз ? -Моя семья -Ағылшынша қалай ата? -Отбасы мүшелеріне кімдер жатады? -Ата,апа,әке,ана,аға,апке, іні,қарындас. |
Топқа бөліну
|
|||||||||
|
Ортасы минут
|
Дала сөзіне назар
аудартып, кедергі арқылы шығып тұрған жаңа дауыссыз, үнді
дыбыс Дд
дыбысы туралы -Дд әрпінің емлесі -Дд дыбысын айтқанда үн шығарып, созып айтуға болады, яғни-үнді дауыссыз дыбыс -Дд дыбысы сөздің басында ортасында, ортасында, аяғында келетінін түсіндіру Электронды оқулық 1-тапсырма «Коллаж әңгіме» әдісі
Оқушыларға түрлі-түсті суреттер беріледі.Сол суреттер арқылы әңгіме құрастырады. Дескриптор: -Берілген суреттер арқылы әңгіме құрайды -Балалардың іс –әрекеттерін атайды. -Жақсы мен жаман әрекеттерді ажыратады.
(ҚБ) «Ауа райы» әдісі Жүргізілген үдерісті ауа-райы әдісі арқылы бағалайды Сергіту сәті
2-тапсырма
Тыңда.
Достары көп Мараттың Ойнайды олар аулада. Ағасымен Болаттың Барады олар тауға да. -Бұл өлең бе, әлде әңгіме ме?
(Ж) «Детальдарын қосу» әдісі. Оқылым Бастапқы-кеңейтілген
Дала аула Дана Дулат Далада аулада Данада Дулатта
Берілген сөздерді оқиды. Кестедегі берілген суреттерді пайдаланып Д дыбысы қатысқан сөздерді буынға бөліп, қай буында тұрғанын атап көрсетеді. Сөздерді қатыстырып сөйлем құрайды
Дескриптор: -берілген сөздерді буындап оқиды -жиі кездесетін сөздерді тұтас,түсініп оқиды -Дд дыбысы қай буында кездесіп тұрғанын атап көрсетеді - сөздерді қатыстырып сөйлем құрайды
(ҚБ) Кері байланыс: Кез-келген оқушыдан сабақ кезінде оқылған аса маңызды сөздерді (пайдалы, мағынасы бар) анықтап айтып бере аламыз ба?- деген сауал арқылы кері байланыс жасаймын. (алған білімді пайдалану )
3-тапсырма (Т) «Жүгіртпе диктант»әдісі Жазылым. Топтық жұмыс Тақтаға құрамында Дд әрпі бар сөздер жазылған қағазды жапсырып қоямын. Әр топ мүшелері Доп, дала, аула, нан,ана берілген сөздерді оқиды, есте сақтайды, топтың басқа мүшелеріне жаздырады. (Ж) «Түртіп алу» Жазған жүгіртпе сөздік диктантарынан бүгінгі сабаққа қатысты жаңа сөздерді түртіп алып, атап көрсетеді. ( жұптық жұмыс) өзара дәптер тексеру
Дескриптор: - сөздерді оқиды, жазады - қателерді түзейді -каллиграфиялық талаптарға сай жазады.
(ҚБ)Жүргізілген үдерісті «Бағдаршам» арқылы бағалайды -өте жақсы -жақсы -орта
Кері байланыс: Дананың кілттері арқылы кез-келген оқушыдан “Әліпби” кілті – яғни, өтілген тақырыптарға қатысы бар сөздердің тізімін А-дан Я-ға дейін әліпби ретімен тізбектеп айтады. (өтілген әріптер реті бойынша)
4-тапсырма «Сұрақ-жауап» әдісі -Сенің досың бар ма? -жауап -Ол кім? -жауап -Саған оның қандай қылығы ұнайды? -жауап
Дескриптор: -Сұрақтарға жауап береді. -Достарын атайды. Ұнайтын қылықтарын айтады
Кері
байланыс:
|
Электронды оқулық
Кітаппен жұмыс
Ресурстар, кеспе қағаздар
|
|||||||||
|
Соңы 5 минут
|
Рефлексия (оқушының қорытындысы) «Менің сөзім» әдісі арқылы бүгінгі сабақты пысықтау жүргіземін Сыныптан бір оқушы тұрып, сабақтан бүгінгі үйренгендерін қорытындылап айтады. Айтып болған соң, басқа бір оқушының атын атайды. Сөзді сол оқушы жалғастырып, сабаққа рефлексия жасайды. Барлықоқушысабақтықорытындылауға осы ретпен қатысады.
|
|
|||||||||
|
Қосымша мәліметтер |
|||||||||||
|
Саралау - Сіз қандай тәсілмен қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз? Қабілеті жоғары оқушыға жеке тапсырма беремін. Кейбір оқушылар алған білімдерін өмірде қолдана алады. Сюжетті суреттерден шағын әңгіме құрай алады, ойланырын нақты жеткізе алады.
Ерекше қолдауды қажет ететін оқушыларға қандай тапсырма бересіз? Ерекше қолдауды қажет ететін оқушылар мұғалімнің көмегімен сөздерді түсініп, буындап, тұтастай оқиды. Сөйлем құрайды.
|
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?
(ҚБ) «Ауа райы» әдісі Жүргізілген үдерістіауа-райы әдісі арқылы бағалайды Кері байланыс: (ҚБ) Жүргізілген үдерісті «Табыс сатысы» арқылы бағалайды Кері байланыс:Минуттық шешім
(ҚБ) Жүргізілген үдерісті «Бағдаршам» арқылы бағалайды -өте жақсы -жақсы -орта Кері байланыс: Дананың кілттері:“Әліпби” кілті Кері байланыс. «Екі жұлдыз» Рефлексия «Менің сөзім» әдісі |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
Сабақтағы шаралар барысында оқушылардың денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақталуын қатаң бақылаймын. |
|||||||||
|
Бүгінгі сабақта саралап оқытудың мынадай тәсілдері қолданылды:
«Дереккөздер» тәсілі «Бір сөзбен» әдісі
«Тапсырма» тәсілі: «Коллаж әңгіме» әдісі
«Қарқын» тәсілі: «Детальдарын қосу»әдісі. Оқылым Бастапқы-кеңейтілген
«Диалог және қолдау көрсету» тәсілі: «Жүгіртпе диктант» әдісі
«Түртіп алу» әдісі
Қорытынды тәсілі: «Менің сөзім» әдісі |
Берілген сөздер бойынша алынған ақпаратты, ұсынылған проблема бойынша толыққанды түйіндеме жасау арқылы жаңа сабақтың мазмұнын түсініп, тақырыбын таба біледі
Оқушылардың сыни ойлау және коммуникативтік дағдыларын дамыту мақсатында жүргізіледі Берілген айғақтарды ұтымды пайдалану, жасаған сюжеттерге сәйкестендіріп шағын әңгіме құрау және ұтымды презентациялау қабілеттерін арттыруды көздейді.
Топ ішінде жұмыс істеу кезінде сізге алынған білімдерін көрсету үшін тапсырмалары спираль арқылы күрделенеді.Жеңілден-күрделі ойлау әрекеттерін жетілдіреді Буын-сөз-сөйлем
Оқушылардың нақтылық жүгіну, өлшенетін уақытта орындау, жылдамдық, ынтымақтастық, қатесіз жазу, жауапкершілік , қолдау көрсету дағдылары артады.
Оқушылардың таным-түсініктері қалыптасады, есте сақтау қабілеттері артып, нақты тақырыпқа сәйкес дәлдікті табуды үйренеді,атап көрсетеді
Үдеріске барлық оқушы қатысады.Пікір білдіру, дұрыс әрі нақты жауап беру, өтілген , жасалған іс-әркеттерді дұрыс бағалай алу дағдылары қалыптасады, қорытынды жасай алуды үйренеді
|
|
|||||||||
|
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен? |
Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.
Арнайы, нақты, уақытпен өлшенген,әрі қолжетімді болды. Себебі, тренердің , әріптесім Нұржамал апкейдің көмегімен оқу мақсаттарынсабақ тақырыбына сәйкестендеріпоқушылар қажеттіліктерін ескере отырып,оқу мақсатына негіздеп құрдым, дұрыстығына көз жеткіздім.
Барлық оқушылар оқу мақсатына жетеді. Себебі, оқу мақсатына сай болжау жасап, тұжырым жасадым. Оқушыларды деңгейіне қарай жіктедім және тапсырмаларды таңдап алдым.. Әдіс-тәсілдер дұрыс сараланбаса, сабақтың оқу мақсаты ашылмайды. Дұрыс әдіс-тәсілдер қолдану қажет.
Дұрыс жүргізілді. Себебі, тренердің үйреткен саралау тәсілдеріне сүйене отырып әдіс-тәсілдерді таңдадым. Тапсырмаларды орындау барысында тексердім. Дұрыстығына көз жеткіздім.
Уақыт тиімді пайдаландым. Себебі барлық тапсырманы уақыт шеңберіне сала отырып есептедім, оқушылардың қарқынына қарай тапсырмаларды ыңғайладым. Болмады, себебі барлық тапсырмаларды оқу мақсаттарына жету үшін, әдіс- тәсілдерді саралай отырып жүйелеп, сабақты жоспарладым. |
||||||||||
|
Қорытынды бағалау |
|||||||||||
|
Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқыту мен оқуға қатысты) 1: «Коллаж әңгіме» әдісіоқушылардың сыни ойлау және коммуникативтік дағдыларын дамыту мақсатында жүргізіледі. Берілген айғақтарды ұтымды пайдалану, жасаған сюжеттерге сәйкестендіріп шағын әңгіме құрау және ұтымды презентациялау қабілеттерін арттыруды көздейді.
2:«Жүгіртпе диктант» әдісіНақтылық жүгіну, жылдамдық, өлшенетін уақытта орындау, ынтымақтастық, қатесіз жазу, жауапкершілік , қолдау көрсету дағдылары артады.
|
|||||||||||
|
Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты) 1: Оза оқыту технологиясы бойынша оқушылардың ішкі уәжін ояту, жауапкершілікке, тиянақтылыққа баули отырып өзіндік ізденістерін арттыруға көп ықпалы бар деп білемін. 2: Сабақ барысында қалыптастырушы бағалаудың тиімділігін арттырып, кері байланысты жүйелі жүргізу, түзету жұмыстары оқушының функционалдық құзыреттерін қалыптастырып, білімін арттыруға ықпал етеді. |
|||||||||||
|
Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажетті болуы мүмкін қандай ақпарат білдім? 1: Дереккөздер арқылы, өз білімін көтеру семинарлары,курстары, әріптестердің дәлелденген пікірлері мен түзетулері арқылы тәжірибені жетілдіруге болатынын түсіндім. 2: Осы ақпараттарды саралап, әдәс- тәсілдерге сәйкес тапсырмалар дайындап оқушының ой- өрісін, білімін дамыту керектігін білдім. |
|||||||||||








Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген