15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Менің досым
Тақырыбы: Менің досым |
Мектебі: Петерфельд орта мектебі |
||
Күні, айы: |
Мұғалімнің аты-жөні: Молдагожина Перизат Саматилаевна |
||
Сынып: 1 |
Қатысқан оқушылар саны: |
Қатыспаған оқушылар саны: |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты |
1.1.2.1
Күнделікті
өмірде қолданылатын таныс сөздердің
мағынасын түсіну. 1.2.3.1 Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру. 1.3.2.1 Мәтіндегі таңыс сөздердің мағынасын түсіну. 1.5.1.2 Мұғалімнің көмегімен көптік/тәуелдік/жіктік/септік жалғауларын ауызша тілде қолдану. |
||
Сабақ мақсаты |
Барлық оқушылар: Өзінің досы туралы айтады (оның атын, оның неше жаста екенін, оның нешінші сыныпта оқитынын, оның қандай екенін). |
||
Оқушылардың басым бөлігі: Тыңдаған ақпаратты түсінеді, достары туралы сұрақтар қоя алады, өзара достары туралы сөйлесе алады. |
|||
Кейбір оқушылар: Өздерінің достары туралы қосымша ақпарат бере алады |
|||
|
Сабақтың барысы |
|
|
Сабақтың кезендері |
Жоспарланған жұмыс |
ресурстар |
|
Сабақтың басы (2-5 минут) |
(МК) Амансың ба, алтын күн! (қолдарымызды жоғары көтереміз) Амансың ба, көк аспан! (қолдарымызды одан жоғары көтереміз) Амансың ба, достарым! (қолдарымызды жаямыз) Көргеніме баршаны, (отырамыз) Қуанышты мен бүгін. (алақанды соғамыз).
|
Кеспелер (жапырақ, қар ұлпасы) |
|
Сабақтың ортасы (27 минут)
|
(МК, Ұ) Өткен сабақтағы тақырыптарды қайталау мақсатында мұғалім әр оқушыға қолындағы допты лақтырады. Ұстап алған оқушы мұғалімнің сұрағына жауап береді:
(МК,Ұ) Сабақтың тақырыбын анықтау мақсастында оқушыларға ребусті шешу тапсырылады. Балалар ребусті шешіп, сабақтың тақырыбы «Дос» екенін анықтайды.
Сабақтың тақырыбын қайталап жатқанда интербелсенді тақтада тақырыпқа қатысты суреттер көрсетіледі. (МК,Ұ) Оқушыларға Д, О, С әріптері жазылған кеспелер таратылады, бір оқушы шығып сол әріптермен «Дос» сөзін тақтада көрсетеді. Мұғалім оқушылармен бірге «Дос» сөзін қазақ-орыс-ағылшын тілдерінде қайталайды. (МК, Ұ) Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тап. берілген сөйлеу үлгісіне аударады (Бұл – менің досым. Оның аты - Юра. Ол күшті). Мұнда оқушылар үшін жаңа сөз – дос. Сондықтан мұғалім оқушыларға дос сөзінің мағынасын және оның тәуелдік жалғауының 1 жағында қолдануын түсіндіреді. Сондай-ақ осы тапсырмада берілген сөйлеу үлгісі бойынша, Юраның неше жаста екенін және нешінші сыныпта оқитынын біледі. Жетекші сұрақтар:
(Ж) Мұғалім оқушыларға бес саусақтың суреті салынған А3 қағазын таратып береді. Әр саусаққа әр оқушы өзінің досының суретін салуы тиіс. Сынып қабырғаларына қар ұлпасы мен жапырақтар жабыстырылады. Артында әдемі, ақылды, күшті, 1 сынып, 6 жас, 7 жас сөздері суретпен беріледі. Оқушылар сол суреттер арқылы өз достарын, сипаттайды. Сергіту сәті. «Аяқпенен топ-топ-топ» (МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі. (Ж) 4-тапсырма. Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім диалог негізінде оқушыларға сұрақтар қояды. - Бұл кім? - Бұл-менің досым. - Оның аты кім? - Оның аты – Ақылбек. - Ол неше жаста? - Ол алты жаста. - Ол нешінші сыныпта оқиды? - Ол 1 сыныпта оқиды. - Ол қандай? - Ол күшті, ақылды.
Тапсырмалар орындалып болған соң, интербелсенді тақтада Қазақстандағы түрлі ұлт өкілдерінің суреті шығып тұрады. Мұғалім әрқайсымыз әр ұлттың өкілі болсақ та, бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүріп жатқанымыз туралы, мұның бәрі достықтың арқасында екенін түсіндіреді. |
Доп
АКТ
Оқулық Аудиодиск 3.3.4
Кеспелер, А3 қағазы, түрлі-түсті қарындаштар
АКТ
№ 1 жұмыс дәптері
Доп
АКТ |
|
Сабақтың соңы (3 минут) |
(Қ)
|
|
|
Қосымша ақпарат |
|||
Қорытындылау |
|
||
1.Сабақ барысына өзгертулер енгіздініз бе? Неге? 2.Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды? |
|
||
Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі нәрсе не? 1: 2:
Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді? 1: 2:
|
|||
Бұл – менің досым. Оның аты – Бақдәулет. Ол күшті.
Ол алты жаста. Ол бірінші сыныпта оқиды.
Бұл – менің досым. Оның аты – Кирилл. Ол ақылды.
Ол жеті жаста. Ол бірінші сыныпта оқиды.
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген