400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Менің досым

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақ тілі пәні мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

23маусым, 2017 жыл

Ақтау қаласы,

Мұғалімнің аты-жөні:

5-сынып


Сабаққа қатысқан оқушылар саны: 0

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны: 0

Қазақ тілі

8-бөлім.

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Адамның сырт келбеті мен мінезі






Сабақ тақырыбы: Менің досым

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

5.О6. Оқылым стратегиясын қолдану: жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқу

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар мәтіннің мазмұнын түсінеді, негізгі ақпаратты табады.

Оқушылардың көпшілігі ғаламтордан алынған мәтіннен тірек сөздерді таба алады,қолданыстағы мағыналарын ашады.

Кейбір оқушылар мәтін бойынша нақты және қосымша ақпаратты анықтап,өз пікірін білдіре алады, өз ойын анық,толық жеткізеді, өмірден мысалдар келтіре отырып дәлелдейді;

Бағалау критерийлері































Ойлау дағдыларының деңгейлері


1-тапсырма.


Критерий

Дескриптор

1

Мәтіннің негізгі ойын түсіне отырып топтарда талқылайды.

-Берілген мәтін негізгі ойды түсіне алады.

-Тақырыптарды топтарда талқылай алады.

-Топ арасында оқушылардың белсенділігін көтере алады.


2

Мәтіннен тірек сөздерді табады

Мәтіннен негізгі ақпаратты анықтайды.

Мәтіннен қосымша ақпаратты табады

-Мәтіннен тірек сөздерді таба алады.

-Мәтіннен негізгі ақпаратты анықтай алады.

-Мәтіннен қосымша ақпаратты таба алады

3

Мәтінді түйінді бір сөзбен анықтайды.

-Мәтіннен негізгі ойды білдіретін бес сөйлемді анықтай алады.

-Мәтіннен негізгі ойды білдіретін үш сөйлемді анықтай алады.

-Бес сөйлем ішінен үш сөйлемді ала алады.

-Үш сөйлемнен түйінді ойды анықтайтын бір сөйлемді ғана анықтап айта алады

-Мәтінді түйінді бір сөзбен анықтай алады.

 


Білу,түсіну, қолдану


Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады: Мәтін бойынша нақты және қосымша ақпараттарды анықтайды, салыстырады, өз пікірін білдіреді.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:достық,нағыз дос,жолдас,тату-тәтті,сыйластық.

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: нағыз дос,сенімді болу,татулық,бірлік т.б.Өмірдегі ұстанымым-сыйласып,тату-тәтті достықта тыныш өмір сүру.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Достық дегенді қалай түсінесің?

Дос жолында құрбан болу деген не?

Достық-адамдар арасындағы байланыс


Не себепті ... деп ойлайсыз?

Достардың тату-тәтті өмір сүруінің сыры неде деп ойлайсың?

Ишара: мақұлдау,қолдау бас иіп, күлімдеу, қошемет көрсету

Құндылықтарға баулу

Құрмет ,ынтымақтастық,ашықтық,бауырмалдық қасиеттерді насихаттау, қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік

Пəнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті,Өзін -өзі тану пәндерімен АКТ-мен байланыс.

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Сүйіспеншілік пен достық туралы біледі


Жоспар

Жоспарланған уақыт


Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

Оқушыларды топтарға бөлу 1, 2, 3 санымен жүзеге асырылады.

1, 2, 3 сандары жазылған қима қағаздар

Сабақтың ортасы



13 минут

























15 минут































12 минут


Топтарға 3 абзацқа бөлінген «Менің досым» тақырыбындағы мәтін беріледі. Әр топ мәтінді детальді түрде оқып шығады.


1-топ тапсырмасы.

«Дос жолында құрбан болу емес, нағыз досты табу қиын» .Дос деген – өзіңмен мақсат-мүддесі, арман тілегі бір адам. Одан жасырар сырың жоқ. Ол да сенен ештеңе жасырмайды. Егер осындай досың болса, сен оны ренжітпе. Оған жәрдем беруге әзір бол. Достарың мен жолдастарыңның болғаны қандай жақсы! Олармен бірге жүргенде өзіңе-өзің сенімді боласың! Достарың көп болғаны жақсы, өйткені бірде-бір жан жалғыз өмір сүре алмайды

2-топ тапсырмасы

-Жаман жолдастан таяғым артық

-Күлме досыңа –келер басыңа

-Досы көппен сыйлас,

Досы азбен сырлас.

-Заттың жаңасы жақсы,

Достың ескісі жақсы.

-Жақсымен жолдас болсаң – жетерсің мұратқа. Жаманмен жолдас болсаң-қаларсың ұятқа.

3-топ тапсырмасы.

Қазір бізге достық бұрынғыдан бетер қажет. Достық – бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық.

Дос табу оңай, ал оны сақтау одан да қиын. Достық қатынасқа нәзіктікпен қарап, берік сақтау керек. Өйткені ол да баптауды қажет ететін нәзік өсімдік сияқты. Біздер достықты сақтау үшін жан-тәнімізбен еңбектенбеуіміз керек. Қайтарымын қажет етпей, берудің жолдарын үйрену керек. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді.

1-тапсырма. «ДЖИГСО» әдісі бойынша топтар өзара талқылап, бір-біріне түсіндіреді.

Бағалау

«Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау

Критерий

Дескриптор

1

Берілген мәтіннің негізгі ойын түсінеді.

-Берілген мәтін негізгі ойын түсіне алады.

2

Тақырыптарды топтарда талқылайды.


-Тақырыптарды топтарда талқылай алады.

2-тапсырма:

«Ривин кестесі» бойынша мәтінмен жұмыс жүргізеді.


Мәтін атауы


Тірек сөздер


Негізгі ақпарат


Қосымша ақпарат


Бағалау

«Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау

3 тапсырма. «Жинақтап оқу» әдісі

1.Мәтінді оқи отырып негізгі ойды білдіретін бес сөйлемді анықтайды. Бес сөйлем ішінен үш сөйлемді алады, үш сөйлемнен түйінді ойды анықтайтын бір сөйлемді ғана анықтап айтады.

Критерий

Дескриптор

1

Мәтіннен негізгі ойды білдіретін бес сөйлемді анықтайды.

-Мәтіннен негізгі ойды білдіретін бес сөйлемді анықтай алады

2

Бес сөйлем ішінен үш сөйлемді алады

-Бес сөйлем ішінен үш сөйлемді ала алады.

3

Үш сөйлемнен түйінді ойды анықтайтын бір сөйлемді ғана анықтап айтады.


-Үш сөйлемнен түйінді ойды анықтайтын бір сөйлемді ғана анықтап айта алады


Бағалау

«Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау


АКТ

«Мақал-мәтел»




















































































Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия: «Екі жұлдыз, бір тілек»

Кері байланыс жазылған қима қағаздар

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)



«Менің досым» тақырыбына бір шумақ өлең шығарады.



«Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау

«Әдебиет»,«Өзін-өзі тану»,АКТ-мен байланыста жүргізіледі.

Құрмет,ынтымақтастық,ашықтық,бауырмалдық қасиеттерді насихаттау, қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу


Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жоспарланған сабақ мақсаты мен оқу міндеттері орындалады.Оқу мақсатында көрсетілген дағдылар бойынша тапсырмалар орындалады. Сабақ жоспарланған уақыт бойынша жақсы деңгейде өтеді.Жоспардағы тапсырмалар уақытылы орындалғандықтан жоспарға өзгеріс енгізілмейді.



Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.«Ривин кестесі» бойынша мәтінмен жұмыс жүргізу

2.«ДЖИГСО» әдісі арқылы жұмыс

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1. Достық туралы бейнежазба көрсетілгенде.

2. Мәтін мазмұнына сай ақын өлеңін оқытқанда

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

  1. Жекеленген оқушыларға дербес тапсырма беру

  2. Шығармашылық жұмыс ұйымдастыру































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
738
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі