Материалдар / Менің досым 2-сынып Т2
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Менің досым 2-сынып Т2

Материал туралы қысқаша түсінік
Менің досым тақырыбы бойынша орыс сыныбының 2-сыныбына арналған сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қаңтар 2024
260
1 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бөлім

Менің отбасым және достарым

Педагогтың аты-жөні

Библова Жанар Амантаевна

Күні

28.11.2023ж

Сынып

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы


Менің досым

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.​1.​4.​1 тыңдаған материалдың мазмұнын түсіну мұғалімнің қолдауымен жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді анықтау

Сабақтың мақсаты


Оқушыларға сабақ аясында шағын мәтіндер негізінде жаңа сапалық атауларды меңгерту.

Қазақша сөйлем құрау арқылы әдеби тілде дұрыс сөйлеуге машықта дыру.

Қарапайым коммуникативті сөйлемдер арқылы әдепті сөйлеуге тәрбиелеу.

Бағалау критерииі

  • - Оқушылар жұмыс дәптерiмен және онымен жұмыс істеуге қойылатын талаптарды біледі;

  • Оқушылар жаңа сөздердің ұғымдарының мағынасын біледі.

  • Сөйлесім бөлімде сөздікті қолданып алған білімдерімен пысықтайды..

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Осындай жақсы көңіл күйімен өткен сабақтағы алған білімдерімізді бекітейік.

Үй тапсырмасын тексереді, бағалайды.

«Ыстық микрoфон» ойыны

Мақсаты: Оқушылардың және олардың отбасының күнделікті өмірі туралы әңгіме сұхбат жүргізу, сұхбатқа белсенді қатысу.

Ортаға бір оқушы шығады. Ол сұхбат алушы қызметін атқарады.

1. Отбасы дегеніміз не? - Отбасы дегеніміз бір үйде тұратын ең жақсы туыс адамдар.

2. Ол адамдарды қалай атаймыз? - Ол адамдарды отбасы мүшелері дейміз.

3. Отбасын кімдер құрайды? - Отбасын :ата, әже, ана, әке, аға, қарындас, әпке, сіңілі, іні құрайды.
4. Сенің отбасын қандай? – Менің отбасым үлкен.

5. Сенің отбасыңда неше адам бар? –Менің отбасымда бес адам бар.

6. Әкеңнің аты кім? – Әкемнің аты...

7. Сенің анаң қандай? -Менің анам –ақылды.

8. Сенің әжең бар ма? – Иә, менің әжем бар.

9. Әжең қандай кісі? – Менің әжем – мейірімді.

10. Сенің отбасың қандай? – Менің отбасым тату.

Жүргізушілер сұраққа жауап берген оқушыларға алғыс айтып, ойын аяқталады.

- Өте жақсы балалар, өткен сабақты ұмытпапсындар! Shape1 Shape2 Shape3

Оқушылар мұғалімдермен бірге қайталап, бір-біріне жақсы тілектер айтады: «Бүгін мен саған сәттілік тілеймін, бес ал, жақсы жауап бер».

Үй тапсырмасын айтады , тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

Смаликтер арқылы

ҚБ өзін өзі бағалау













Мәтін жазылған парақшалар




Ортасы


Тақырыпты ашу. Қызығушылықты ояту: Оқушыларды жаңа сабаққа кіргізу мақсатында мұғалім балаларға төмендегі суреттер бойынша тақырыпты ашу сұрақтарын қояды:

- Суреттердегі кімдер?

   

Болжалды жауаптар:

-Балалар, қыз, ұл, дос...

-Дұрыс айтасыңдар «Достар».

-Бүгін біз сабақта «Менің ең жақын досым» атты тақырыппен танысамыз.

Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Ең жақын- самый близкий

Сенімді – надежный

«сенімді» сөзіне дыбыстық талдау жасату.

2. Мәтінмен жұмыс. Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді оқытады, қайталатады.

Менің досым көп. Қанат –менің ең жақын досым. Ол ұзын бойлы, шашы қара . Біз екеуміз доп ойнаймыз. Ол-жақсы бала. Қанат – сенімді дос.

1-топ өзінің досын суреттеп беріндер. Шашы, көзі қандай?; мінезі қандай?

2-топ Достарымен бірге бос уаққытты қалай өткізесіңдер?

Осыны постерге түсіріп, ауызша қорғайсыңдар.

 Мәтінмен жұмыс: Кезекпен оқу, сұраққа жауап беру.

Менің досым бар. Оның аты – Әлібек. Ол сегіз жаста. Әлібек екінші сыныпта оқиды. Ол спортпен айналысады. Бос уақытында компьютер ойнайды. Тоғызқұмалақ ойнауды да жақсы көреді. Әлібек менің ең жақын, адал досым.

Енді осы мәтін бойынша сұрақтарға жауап берейік.

1. Досымның аты кім?
2. Әлібек неше жаста?
3. Нешінші сыныпта оқиды?
4. Әлібек немен айналысады?
5. Бос уақытында не істейді?
6. Әлібек не ойнағанды жақсы көреді? Жарайсыңдар!

Шығармашылық жұмыс:

Ал, енді көздеріңді жұмып отырыңдар, мен әдемі әуен қоямын, ал сендер оны тыңдап өз достарыңа қандай затқа ұқсайтынын елестетіп, мына алдарыңды тұрған ақ параққа салып беріңіздерш.

Ойын: «Ренжістік, достастық»

— Балалар, қазір мен сіздермен «Ренжістік, достастық» ойын ойнаймыз.

— «Ренжістік» дегенде бір-бірлеріңе арқаларыңмен бұрылыңдар. Содан кейін «Достастық» деген бұйрық берілгенде бір-бірлеріңе қарама-қарсы бұрыласыңдар (3 рет қайталау).

— ПІКІР АЛМАСУ: — Сендерге татуласу ұнады ма?

— Не сездіңдер? (қуаныдық)

— Сендерге ренжіскен ұнады ма?

— Не сездіңдер? (көңіліміз түсті)

Ендіше балалар достармен ренжісуге болады ма? Жоқ

Доспен қандай қарым-қатынаста болу керек? Тату

Қуанышта да, қиыншылықта да досыңның жанынан табыла білуің керек, солай ма? Ия.

V.Пысықтау: (5 мин) Класстер

Ал енді балалар қорытындалай келе ДОС — деген сөзді естігенде ойларыңа қандай сөздер келеді. Қане балалар ассосиация жасайық.

ДОС → Адал, мейірімді, көмектеседі, жақсы, ойнаймын. ЖАРАЙСЫҢДАР! Сабағымызды мынадай өлең шумақтарымен аяқтағы келіп тұр:

Достар бірге жүреміз,
Бірге ойнаймыз, күлеміз.
Бірге балық аулаймыз,
Міне біздер қандаймыз.

Бағалау критериі

тапсырма

Дескриптор

Үндестік заңын ескеріп, сауатты жазады

3

Сауатты жазады

Қателер жібермейді

Орман, көлге, шыңға біз,
Саяхатқа шығамыз.
Бөлінбейді іргеміз,
Әрқашан да біргеміз.

Балалар бүгінгі сабақ сіздерге ұнады ма? Тапсырмалар қиын болды ма? Алдарыңда тұрған алақандарға өз ойларыңды жазып күннің жан-жағына жабыстырайқ. (комментировать)

Бүгінгі сабақты 14 - 9 жұлдызша «5»

8 – 5 жұлдызша «4»

4 – одан да аз «3»



ҚБ. Бағалаушы сарапшылар топтарға өз бағаларын береді.

Өзара жұптық, топтық, өзіндік бағалау және мұғалімнің критерийлер арқылы бағалауы жүзеге асады.

Тыңдалым.Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды

Айтылым. Сөздерді дұрыс аытуға жаттығады, қайталайды.

Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді оқиды, сұраққа жауап береді.

Айтылым. Сұрақтарға жауап береді

Жазылым. Суретке қарап 3- 4 сұрақ құрап жауап жазады

Тыңдалым. Айтылым. Тыңдайды,мәнерлеп оқуға машықтанады, жаттайды.

Сергіту жаттығуын жасайды.

Тірек сөздерді пайдаланып, мәтін құрайды.

Айтылым. Бір- біріне сұрақ қойып диалог құрайды.

Сөйлемдерді оқиды, талдайды.

Тақырып аясында өзініңмесінде қалған сөздерін, сөйлемдерін параққа жазады

Смаликтер арқылы

ҚБ өзін өзі бағалау













































ҚБ «Бағдаршам»








ҚБ «От шашу»






Слайдар



















Ашық сұрап-жауаптар

Сабақтыңсоңы


Балалар дос қандай болу керек? Соны стикерге жазып, тақатаға жабыстырамыз.

.


Үйге тапсырма: тақырыпқа байланысты мақал -мәтелдер, нақыл сөздер, әңгімелер, өлең шумақтарын тауып жазып келу.


Кері байланыс

1.Сіз үшін жаңа ақпарат...

2.Не қиын болды?

3.Не оңай болды?

4.Нені ескеруім керек?

Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.


Рефлексия парағы



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!