Тақырыбы: « Менің
Елбасым»
(тәрбие
сағаты)
Мақсаты:
Жас ұрпаққа президентіміздің
сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенің таныту. Елін сүйген,
елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
Көрнектіліктер:Елбасы
суреті,буклет,кітаптар,
Шаттық
шеңбері:Әнұран
орындалады.
Тәрбиеші:Жарайсыңдар
балалар!
Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы, біздің
бүгінгі тәрбие сабағымыз ерекше болады .
Балалар бүгін біз сабағымызда
еліміздің тұңғыш президенті жайында айтамыз. Қараңдаршы, мына
суретте кім бейнеленген?

Балалар:
Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев!
Тәрбиеші:Дұрыс, Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев. Балалар ол кім екенін білесіңдер
ме?
Балалар:
Ол біздің
президентіміз!
Тәрбиеші:Дұрыс,
балалар! Ол
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті.
Балалар, сендердің мамаларың, папаларың
жұмыс істегендей, Нұрсұлтан Назарбаевтың жұмысы президент
болу.
Тәрбиеші:
Ал бұл суреттен нені көріп
тұрмыз?
Балалар:Біздің
туымызды.
Тәрбиеші:Балалар біздің
туымыздың түсі қандай?
Балалар:Көк!
Тәрбиеші:Дұрыс! Ол аспанымыз ашық
болсын дегенді білдіреді.
Тәрбиеші:Балалар көк туымыз туралы өлең жолдарын кім
айтып береді?
Лашын
:Көк байрағы бабамның
–
Бүгінгі ұрпақ
алауы.
Тірегі әке-баланың
–
Қазақстан
жалауы.
Айару:Айнымайды
аспаннан
Біздің тудың
бояуы.
Оны халық
қашанда,
Биікке іліп
қояды
Ән: «Көк тудың
желбірегені».
Сөзі
жазғанА.Ахметбекұлы.
Әні жазған
Е.Зейіпхан.
Тәрбиеші:Балалар,Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең
ауданындағы Шамалған ауылында туған.
Мектепті жақсы оқып,жақсы
білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты. Ол ерте есейді,орта
мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды
металлургия комбинатының көлемді құрылысына
аттаннды.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы,домна
пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды,ал кейінірек инженер
дәрежесіне көтерілді.
Отбасылық жағдайына келетін
болсақ, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жұбайы – Сара Алпысқызы.
Олардың 3 қызы бар: Дариға, Динара,
Әлия.
1991 жылы 1-желтоқсанда
республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты
Республикамыздың Президенті етіп
сайланды.
Тәрбиеші:Ал,балалар біз осы
тәуелсіз Қазақстанымыз туралы қандай тақпақтар мен өлең жолдарын
білеміз
Ерасыл :Тәуелсіздік
жолында,
Талай-талай тер
тамған,
Билігім өз
қолымда,
Еркіндігім –
Елтаңбам.
Тәрбиеші:Біздің президентің
жұмыс орны қайда, кім біледі?
Балалар:Астанада!
Тәрбиеші:Дұрыс! Астанада Ақордада. Балалар Астанада тағыда
не бар?
Балалар:Астанада Бәйтерек бар!
Тәрбиеші:Дұрыс! Бәйтерек бар, ол біздің елдің
символы.
Тәрбиеші:Балалар,Астанамыз
туралы өлең жолдарын айтайықшы.
Ақтоты:Астана – арман
қала,
Бағы бір жанған
қала,
Тұрады ол жап-жасыл
боп,
Мен үлкен болғанда
да.
Нұртілеу:Бақыт беріп Нұрсұлтандай нұрлы
ағам
Бүкіл әлем күліп бүгін тұр
маған
Қамқоршы басшы ағаларым
барында
Мен қашанда құлпырамын
нұрланам.
Әлинұр:Менің тұнғыш
Президентім
Әбішұлы
Нұрсұлтан
Бүгінгі күн бүкіл әлем
таниды
Қазақ елін,қазақ жерін
Қазақстан
(Тәрбиеші балаларғаЕлбасы
туралы көрнекіліктер мен буклеттер арқылы
шағын
әңгіме
жүргізіледі)
Барлығы:«Біз,осы тәуелсіз
еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ
елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді
сезінемі.
Тәрбиеші:
«Елбасына»
Ауыр күнді артымызға тастауы
–
Қиын сәтте қиындықтан
қашпауы.
Тілім,дінім, ұлтым қайта
көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның
бастауы
Туды ұстап тура жолға
түсіріп,
Жас Отанның өмірін де
түсініп,
«Елім,жерім» деп ұрандап
тайсалмай,
Бір керемет жасады-ау
кісілік!
Ән: Тәуелсіз ел ұланы»
.
Тәрбиеші:Балалар,біз бүгін
Республикамыздың Президенті Нұрсұлтан
Әбішұлы
Назарбаев туралы тәрбие
сағатымыз аяқталды:
.
Тақырыбы:«МЕНІҢ
ЕЛБАСЫМ»
(тәрбие
сағаты)
