жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«МЕНІҢ ЕЛБАСЫМ» мектепалды даярлық тобы
Бекітемін__________________
«Күншуақ» балабақшасының
Меңгерушісі: А.Қ Құлымбетова
« 28 » «қараша» «2019ж»
Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы:«МЕНІҢ ЕЛБАСЫМ»
«Мұрагер» мектепалды даярлық тобы
Әдіскер: Курмангалиева Г.Т
Тәрбиеші: Амантаева А.Б
2019-2020оқу жылы
(тәрбие сағаты)
Мақсаты:
Жас ұрпаққа президентіміздің сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенің таныту. Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
Көрнектіліктер: Елбасы суреті,буклет,кітаптар,
Шаттық шеңбері: глобуспен бір-бірлеріне бүгінгі сабаққа тілектер білдіру
Тәрбиеші:Жарайсыңдар балалар!
-Біздің жеріміз қалай аталынады?
-Қай қалада тұрамыз?
ҚР туралы тағы не білеміз?
Өте жақсы
Ондай болса тәрбие сағатымызды әнұранымызбен бастайық
Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы, біздің бүгінгі тәрбие сабағымыз ерекше болады .
Слайд1
-Балалар қазіргі уақыта біздің елбасшымыз кім?
Қасым-жомарт Тоқаев Кемелұлы– Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, саяси ғылымдар докторы. 1953 жылы 17 мамырда Алматыда туған.
Әкесі Кемел Тоқаев (1923-1986) Ұлы Отан соғысының ардагері, белгілі қазақ жазушысы болған. Анасы Тұрар Шабарбаева (1931-2000) Алматы шет тілдер педагогикалық институтында жұмыс істеген.
1992 жылы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды. 1993 жылы сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, 1994 жылы сыртқы саяси ведомствоның басшысы болды. Тоқаев сыртқы істер министрлігін бес жыл басқарды.
1999 жылдың наурызында премьер-министрдің орынбасары болып
тағайындалды Ал 1999-2002 жылдары Қазақстан үкіметін басқарған.
2002 жылдың қаңтарында отставкаға өтініш берді, кейін Мемлекеттік
хатшы – Сыртқы істер министрі болып тағайындалды.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың отбасы
Үйленген, баласы Тимур Тоқаев 1984 жылы Мәскеуде туған, Швейцариядағы
"Коллеж дю Леман" және Вебстер университетінде білім алған. Саяси ғылымдар
Жары Надежда Тоқаева 1957 жылы туған, Мәскеу тарих-мұрағат институтының түлегі
Ән: «Қазақстаным -Отаным»
Слайд2
Балалар
бүгін біз сабағымызда еліміздің тұңғыш
президенті жайында айтамыз. Қараңдаршы,
мына суретте кім бейнеленген?
Балалар: Еліміздің
президенті Нұсұлтан Әбішұлы
Назарбаев.
Тәрбиеші: Балалар,Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.
Мектепті жақсы оқып,жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты. Ол ерте есейді,орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттаннды.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы,домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды,ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.
Отбасылық жағдайына келетін болсақ, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жұбайы – Сара Алпысқызы. Олардың 3 қызы бар: Дариға, Динара, Әлия.
1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.
Видео ролик қоямын
Тәрбиеші
:1-ші
желтоқсан еліміз үшін мереке күні
болып
Есептеледі.
Өйткені бұл күн «Тұңғыш президент
күні».
Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев еліміздің тұңғыш
президенті.
1991
жылы 1-желтоқсанда халық өз таңдауымен
Нұрсұлтан
Әбішұлы
Назарбанвты президент етіп сайлады.
Ал, 10-шы
Желтоқсаннан
бастап президент өз қызметін
бастады.
Тәрбиеші: Ал,балалар біз осы тәуелсіз Қазақстанымыз туралы қандай тақпақтар мен өлең жолдарын білеміз
Айтолқын:
Елбасы
елді қорғайды
Халық
қамын ойлайды,
Осындай
жақсы адамның,
Жақсылығы
тарайды.
Інжу:
Елбасымыз жолдайды,
Халқы
оны қолдайды,
Ешқашанда
орынсыз
Шешімдері
болмайды.
Сергіту
сәтті
Оң
қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес
саусақ.
Алақанды ашамыз
Бесті
беске қосамыз.
Кел санайық ал
мұны,
Нешеу болды барлығы?
Оң
қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес
саусақ.
Жасырып ем бесеуін,
Қалды
мұнда нешеуі?
Бесеу екен қалдығы,
-деп ,балалар Нұрсұлтан атаның қолын басады
Тәрбиеші:Біздің президентің жұмыс орны қайда, кім біледі?
Балалар: Нұрсұлтан!
Тәрбиеші: Дұрыс! Нұрсұлтан да Ақордада. Балалар Нұрсұлтан да тағыда не бар?
Балалар: Нұрсұлтан да Бәйтерек бар!
Тәрбиеші: Дұрыс! Бәйтерек бар, ол біздің елдің символы.
Тәрбиеші: Балалар,Астанамыз туралы өлең жолдарын айтайықшы.
Қайсар: Нұрсұлтан – арман қала,
Бағы бір жанған қала,
Тұрады ол жап-жасыл боп,
Мен үлкен болғанда да.
Адэла: Төкті оған нұрын дала,
Нұрсұлтан – сұлу қала.
Біз оны анамыздай
Сүйеміз шынында да.
Ақжарқын Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым,елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.
(Тәрбиеші балаларға Елбасы туралы көрнекіліктер мен буклеттер арқылы шағын
әңгіме жүргізіледі)
Барлығы:«Біз,осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінемі.
Тәрбиеші: «Елбасына»
Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім,дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім,жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады-ау кісілік!
Ән: «Отан ана» .
Тәрбиеші: Балалар,біз бүгін Республикамыздың Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы тәрбие сағатымыз аяқталды:
.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген