400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Менің елім!"

Материал туралы қысқаша түсінік
әріптесіме қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Айгөлек» ортаңғы тобының ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы


Күні:

Тәрбиеші: Бедеева Л.Р

Білім беру салалары:Таным. Коммуникация.

Бөлімдері:Қоршаған орта. Сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы: Менің елім – Қазақстан!

Мақсаты: Балаларға Отанымыз жайлы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы қарапайым ұғым бере отырып, Қазақстан картасы, қалалары, ұлты, ана тілі, ұлттық ойындар жайлы білімдерін қалыптастыру.

Туған жер, туған ел, ұлттық салт-дәстүр туралы ой-өрісін дамыту.

Өз Отанын сүюге, өз халқын, ана тілін құрметтеуге, рәміздерді қастерлеуге тәрбиелеу.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар:Қазақстан елінің ұлттық ойындар туралы видеоролик тамашалау.

Әдіс-тәсілдер:түсіндіру, көрсету, жұмыстандыру, ойын ойнату, қорытындылау.

Қажетті көрнекті құралдар: слайд, Қазақстан Республикасының картасы,рәміздердің суреттері, шығармашылық жұмысқа қажетті құралдар.

Биллингвальды компонент: Отан – Родина- homeland, Елбасы – Президен- President ,Рәміздер – Символы- symbols , Басқала – Столица - capital , ұлттық ойын – национальные игры

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің кезеңдері

Балалардың іс-әрекеті

Себепті қызығушылығын ояту кезеңі

-Балалар, бүгінгі оқу қызметіміз ерекше болмақ

Енді барлығымыз бірігіп «Шаттық щеңберіне» тұрайық,

Қуанамын менде,

Қуанасын сенде.

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге!


- Балалар, бүгін бізге қонақтар келіпті, қане амандасайық!

Біздер жақсы баламыз,

Өсті ақыл санамыз.

Қонақтармен ең алғаш,

Амандасып аламыз

Сәлеметсіздер ме!

Здравствуй, солнце золотое,

Здравствуй, небо голубое.

Здравствуй утро,здравствуй день.

Нам здороваться не лень.

Здравствуйте гости!


-Өте жақсы балалар, енді барлығымыз орнымызға отырайық.




Қуанамын менде,

Қуанасын сенде.

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге!


Біздер жақсы баламыз,

Өсті ақыл санамыз.

Қонақтармен ең алғаш,

Амандасып аламыз

Сәлеметсіздер ме!

Здравствуй, солнце золотое,

Здравствуй, небо голубое.

Здравствуй утро,здравствуй день.

Нам здороваться не лень.

Здравствуйте гости!


Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі

Күтпеген сәт:

( осы кезде музыка ойналып, ортаға бейтаныс бейне келеді).

-Балалар, бұл не болды екен?

Кәне, ашып көрейік ( ішінен ерекше киінген өзге ғаламшарлық шығады)

Өзге ғаламшарлық: Сәләматсіздар ма,!

-Мен қайда келдім?

-Бұл қай жер?

Тәрбиеші: Сіз қазақ жеріне, қазақ еліне және «Өркен» балабақшасына келдіңіз.

Өзге ғаламшарлық: Онда мен дұрыс келіппін. Мен әр елді, мекенді аралап. Солар туралы ақпарат жинап жүрмін.

Тәрбиеші: Өзге ғаламшарлық біздің елімізге, біздің балабақшамызға қош келдіңіз. Біз бүгінгі оқу қызметімізді сүйікті Отанымыз Қазақстанға арнаймыз. Ол үшін кең байтақ Республикамызға пойызбен сапарға шығамыз.

-Сендер пойыздың қайда баратынын білесіздер ма?

Ол «Қазақстан» деген мерекелік пойыз екен. Оның ішінде тақпақта, әнде,биде, ойында болады.

-Сізде, Өзге ғаламшарлық бізбен бірге сапарға шығып, Қазақстан елі туралы ақпарат алыңыз.

Пойызда «Жолсерік» деген қызметкер бар. Ол жолаушыларға қызмет көрсетеді. Мен бүгін сендерге жолсерік боламын. Бүкіл елімізді аралағанда бірнеше бекетке тоқтаймыз.Әр бекетте тапсырмалар болады. Сол тапсырмаларды орындағанда ғана келесі бекетке жолға шығамыз.

-Дайынбыз ба?


І Бекет: «Отан» деп аталады.

Отан деген – атамекен

Отан деген –туған жер

Отан – ана,

Отан-үлкен

Қазақстан туған ел!

-Біздің Отанымыз Қазақстан деп аталады.

Қазақстан Республикасының елбасы - Н.Ә.Назарбаев.

Бас қаламыз Астана қаласы

Тапсырамасы: «Отан туралы өлең білесіздер ме ?»

Ән: «Отан»

Биллингвальды компонент: Отан – Родина- homeland. Елбасы – Президент – President, Бас қала – Столица - capital

ІІ Бекет: «Қазақстан Республикасының

рәміздері»

Қазақстан Республикасының рәміздері – Ту, Елтаңба, Әнұран.

-Тудың түсі көк, пішіні тіктөртбұрыш, ортасында күн сәулесі, астыңда қыран құс, шеті ою-өрнекпен көмкерлінген.

-Елтаңбаның пішіні дөңгелек, екі шетінде қос тұлпар, ортасында шаңырақ, астында Қазақстан деген жазуы бар.

Әр мемлекеттің өзінің Әнұраны болады. Оны салтанатты жиындарда орындайды.

Биллингвальды компонент: Рәміздер – Символы- symbols

Тапсырмасы: Дидактикалық ойын «Қазақстан Республикасының туына не жетіспейді?»

- Қазақстан Республикасының туының түсі қандай?

-Пішіні қандай?

-Тудың ортасына не жетіспейді?

-Күннің түсі қандай болады?

Мына алдарында жатқан сары жіптермен толықтырайық.

Өзге ғаламшарлық балалармен бірге жұмыстанады.


ІІІ Бекет: «Ұлттық ойындар» деп аталады.

Ұлттық ойындар – қазақ халқының ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойындарының бірі.
Ұлттық ойындар – ата – бабаларымыздан бізге қалған байлығымыз, асыл қазынамыз. Ұлттық ойындар ойнату арқылы тапқырлыққа, жылдамдыққа, шапшаңдыққа, икемділікке, батылдылыққа, төзімділікке үйренеміз.

Тапсырмасы: «Қандай ұлттық ойындар білесіздер?»

-Бір ұлттық ойын көрсетіп беріңіздер?

Ұлттық ойын: «Соқыр теке»


ІV Бекет: «Ана тілі» деп аталады

-Әр ұлтының өзінің тілі бар.

-Ол ана тілі.

-Ана тіліміз қандай тіл?

Ана тілі дегенде ойымызға не келеді?

-Ал, бөбекжайдада қай тілдерді меңгеріп жатырық?

-Ендеше үш тілде қазіргі жыл мезгілін атайықшы?

Қыс – Зима - winter

Тапсырма: «Ана тілі туралы тақпақ білесіздер ма?

-Кім айтып береді?

- Халқымыз қашанда тіл өнеріне, шешендікке зор мән берген. Атақты билер, ақындар мен жыраулар ұйқастыра өлеңдетіп жырлаған. Қазақ халқының атақты үш биімен жалғастырғым келіп отыр. Ертеде билердер арасында шешен тілдермен төрелік етіпті. Ана тілі туралы не депті?


Төле би: Әр бір тілде сөйле әлемді таң қылып

Ана тілін білмеу қандай заңдылық

Өсер бабаң, байтақ далаң тұрғанда

Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.


Қазыбек би: Жетер енді әркімге бір ермейік,

Қазақ болсаң құлашты бір сермейік

Қанға сіңген ана тілін халқым-ау

Шұбарлауға ешқандай жол бермейік


Әйтеке би: Қазақ, қазақ болғалы

Тіл үшін күрес көргені

Көргені көп тілімнің

Мүмкін емес өлмегі


V Бекет: «Қазақстан картасы»

-Қазақстан Республикасы үлкен мемлекет.Біздің еліміз де көптеген қалалар, ормандар, таулар, өзен-көлдер бар. Қазақстан картысына қарап бәрін көруге болады.

Мысалы: еліміздің басқаласы – Астана қаласы.

Тапсырма: «Басқаламыз Астананың эмблемасы не?»

«Сендердің туып өскен қалаңыз қалай аталады?»



VІ Бекет: «Шығармашылық» деп аталады.

-Келесі бекет «Шығармашылық» деп аталады.Сол бекеттің тапсырмасына назар аударайық.

Тапсырма: Қазақ елінің ұлттық биі «Қара жорғаны»

орындап беріңіздер.


-Барлық бекеттерден кідірмей, тапсырмаларын орындадық,

Өзге ғаламшарлық: Мен сендермен сапарға шығып, әр бекетке тоқтап Қазақстан жері, елі туралы көп мағлұмат алдым. Өздерің сондай ақылды, әдепті, әдемі балалар екенсіңдер.

Ал, сендерге тәрбие беріп, білімге үйреткен апайларыңа да рахмет айтамын.

Ал, мен қазақ жерін, қазақ елін басқа ғаламшарларға танытуға кеттім.

Қош, сау болыңыздар!

( музыка ойнап, шығып кетеді)


Балалар бейтаныс бейнеге тамсана қарайды.





-Сәләматсіз ба!











-Иә, білеміз

Ол алыс қалаларға барады.








-Иә, дайынбыз




Отан – ата-анамыз,туған ауылымыз, өлкеміз т.б


-Қазақстан

Қайталайды

-Н.Ә. Назарбаев

Қайталайды

-Астана

Қайталайды




-Ту,елтаңба, әнұран

қайталайды













-Көк

-Тік төртбұрыш

-Күн

-Сары












-«Соқыр теке»

«Теңге алу», «Асық ату», «Арқан тартыс», «Айгөлек», «Ақ серек, көк серек»


-Қазақ тілі

-«ана», «әке», «ананың дауысы», «өз үйіміз», «балабақшамыз» ойымызға келеді.

-қазақ,орыс тілі және ағылшын тілі

Сәләматсыз ба! Здравствуйте! Good morning!

И.Аружан:

Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!

Айдар:

Ақыл-ойын адамның
Ана тілден аламын.
Ана тілім ардақты,
Ақ сүтіндей анамның
.














- Бәйтерек

-Орал қаласы






Би «Қара жорға»










-Сау болыңыз!



Іс-әрекетінің бағалау кезеңі

Тәрбиеші: Міне балалар, бүгінгі оқу қызметімізде Қазақстан жеріне саяхатқа шықтық. Саяхатта сендермен барлық бекеттерден кідірмей өтіп келдік.

Сендер тапсырмаларды өте жақсы орындадыңдар. Үлкен рахмет! Сендерді «Мені қуанттыңдар!» атты карточкаларымен марапаттаймын.

Осымен біздің оқу қызметіміз аяқталды, келген қонақтармен қоштасып, тобымызға пойызбен қайтайық






-Сау болыңыздар!

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Қазақстан Республикасы, мемлекеттік рәміздері, елбасы, басқала, ана тілі, ұлттық ойындар туралы біледі.

Түсінеді: Елімізді шексіз сүйіп, ұлттық салт-дәстүрімізді құрметтеу керек екенін түсінеді.

Қолданады: Берілген тапсырманы дұрыс қолданады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
19 ақпан
547
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі