400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Менің елім

Материал туралы қысқаша түсінік
Менің елім 6 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» білім беру бағдарламасы бойынша қорытынды жұмыс

Пән мұғалімі

Касымбаева Акнур



тапсырма

Сынып

6 T2

Сабақ тақырыбы

Менің елім

Оқу мақсаты

6.1.5.1. тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы негізгі ойды анықтау

тапсырма

Тапсырманың әдістемелік негіздемесі

Тапсырма.Тірек сөздер, жетекші сұрақтар көмегімен мәтіннің негізгі ойын анықта.

Тірек сөздер; Кен орындары, байлық, Қазақстан, облыс, Ел, Отан

Жетекші сұрақтар:

«Отансыз адам – ормансыз бұлбұл» деген мақалдың мағынасын қалай түсінесіңдер?

Мына тірек сөздер арқылы сабақтың тақырыбын қалай болжаймыз?

Балалар, қалай ойлайсыңдар, бүгінгі тақырыбымыз не жайлы болмақ?


Оқу мақсатына негіздеп тапсырманы таңдау себебім ,«Болжау» әдісі білім алушылардың мәтін тақырыбын оның негізгі ойын алдын ала анықтауға және бүгінгі сабақтың не туралы болатындығын болжауға мүмкіндік туғызады. Мәтіннен қосымша және детальды ақпаратты табуға дағдыланады.Білім алушылар мәтіннің негізгі ойын анықтай отырып, бір-біріне қосымша сұрақтар қойып,өзара пікір алмасуына үлкен мүмкіндік туғызады. Тірек сөздердің көмегімен шынайы өмірмен байланыстыра отырып сөйлем құрайды. Білім алушылар берілген тірек сөздер арқылы өз ойын дұрыс жеткізе білуге, тірек сөздер, жетекші сұрақтар көмегімен мәтіннің негізгі ойын анықтай алуға,саралай алуға, пайымдай білуге, мәтіннің тақырыбын анықтап, негізгі ойын түсініп, талқылауға,дәлел мен дәйек келтіруге жетелейді. Білім алушылардың қызығушылықтары оянып ,туған елге, туған жерге деген махаббатын жеткізеді. Әрі патриоттық сезімдерін оята отырып, бірлікке, татулыққа баулиды..

Бұл тапсырма оқушылардың жас ерекшелігіне сай алынды. Жасөспірімдерде Отанға, елге ,туған жерге деген сүйіспеншілік бала кезден қалыптасып,оны қорғауға, мемлекеттің заңына тәртібіне бағына отырып, бар жақсысын қадірлеуге, құрметтеуге,жақсы көруге , сүйіспеншілігін оятуға бағытталады .

Сабақ тақырыбын география, тарих пәндерімен тығыз байланыстыра отырып, білім алушыларды ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге насихаттау.

тапсырма

Сабақ тақырыбы

Қазақстан байлығы

Оқу мақсаты

6.4.4.1. Мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша постер, сызба кестелер жасау

«Топтастыру» әдісі арқылы мәтіндегі мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша постер, сызба кестелер жасаңдар

Пайдалы қазбалар

Жер байлығы пайдалы қазбалары – жер қойнауында кездесетін табиғи және минералды заттар. Өзінің физикалық қасиеті бойынша қатты,сұйық және газ тәрізді болып үшке бөлінеді. Пайдалануына байланысты олар мынадай топтарға бөлінеді: жанғыш- көмір, мұнай – жанғыш газдар мен тақтастар; құрылыстық- гранит, мәрмәр,утас, құм және т.б. химиялық шикі зат – күкірт, калий тұзы, апатит,графит және т.б. Отқа төзгіш шикі зат – қара,қара түсті және сирек метел кеңдері.

Shape2 Shape1

Химиялық шикі зат

жанғыш


Shape3

Отқа төзгіш шикі зат


Shape4

құрылыстық




«Топтастыру» әдісі арқылы білім алушылардың мәтіндегі ақпаратты саралай білуге, топпен жұмыс істеуге,өз ойын дәлелдеуге, алған мәліметтерді жинақтай алуға дағдыландырады. Берілген тапсырма сабақтың оқу мақсатына сәйкес келеді. Білім алушылардың мәтінді түсініп оқу, дұрыс оқу, саралай білу фантазиялық ой ұшқырлығын, нақтылыққа, әсемдікке,көркем сөйлеуге, фунционалдық қабілеттерін шыңдауға бағытталады.Сонымен қатар білім алушылар шынайы өмірмен байланыстырап сөйлем құрап,өзара пікір алмасады.Білім алушылар мәтінді түсініп,ақпараттарды біріктіруге мәтінге нақты талдау жасай алуға дағдылана отырып , тапсырмаларды орындайды.Өз ойын ашық жеткізе отырып дәлелдейді.

Бұл тапсырманы орындатуда білім алушылардың жас ерекшелігі ескерілді. 12-13 жастағы балаларда Отан, туған жер оның қазба байлықтары туралы түсінік, пайым болуы тиіс. Туған жердің қазба байлықтарын бағалап, құндылығын түсінеді. Мәтіннен қосымша және детальды ақпараттарды анықтауға дағдыланады.

Сабақ тақырыбы география пәнімен тығыз байланысты. Жер қойнауындағы қазба байлықтардың жайлы ақпарат беріп, қосымша ізденіп, қаншалықты бағалы екені айтылып , оларды үнемдеп қолдануымыз керек екендігін түсінеді. Білім алушылар мәтіндегі барлық ақпараттарды жинақтай отырып,тақырып бойынша сызба кестелерін жасауға үйренеді. тың ақпараттармен бөлісуге бағыттайды.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
06.02.2026
3
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12