400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Менің елім -Қазақстан

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды Отанын,елін,жерін құрметтеуге,сүйуге,мақтан тұтуға, арналған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сынып

1

Күні:26.01.19

Тақырыбы

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»
« Менің елім-Қазақстан!»



Мақсаты

Оқушыларды Отанды сүюге, өз елін, тарихын білуге, жалпыадамзаттық құндылықтар мен терең көзқарастарды сіңіру арқылы таным белсенділіктерін арттыруға бағыттау.


Оқушының қабілеті

Жалпыадамзаттық, мәдениетаралық білімдері мен сыни ойлау, зерттеушілік дағдылары дамыған, отансүйгіш тұлға.


Сабақта қамтылатын білім беру құндылықтары

Әріптестік;

Азаматтық жауаптылық;

Ашықтық.


Мектеп миссиясымен үндестігі

Өзінің даму барысында, өмір бойы оқуға қабілетті, жоғары адамгершілік құндылықтары бар, жоғары білімді, зияткерлік жеке тұлғаны тәрбиелеуге бағытталған мектеп қауымдастығын құру. Қазақстандық патриотизмді әр оқушының бойына өмірлік принциптері ретінде қалыптастыру.


Жаһандық азаматтық тұлғасы

Өз Отанын қатты сүйетін, әлем халықтарын мәдениетін, салт-дәстүрін сыйлай білетін, әлемді дамытуға өз үлесін қоса алатын тұлға.


Көрнекіліктер

1. Интерактивті тақта, бейне баян, түрлі-түсті парақшалар


Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

Сергіту сәті. 1. «Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.2. «Сантики, Фантики, Лимпопо». Барлығы шеңбер бойымен тұрып, бір баланы таңдайды да бөлменің сыртына шығарады. Шеңбердегі балалардың ішінен бір баланы жүргізуші етіп сайлайды, ол шеңбердегі балаларға қозғалыстарды көрсетіп тұрады. Барлық ойыншылар жүргізушінің артынан көрсеткен қимылдарды қайталау керек. Қимылдарды қайталаған кезде жүргізушіге қарамай, білтіртпей жасау керек. Шеңбердегі балалар шапалақ ұрып, «САНТИКИ, ФАНТИКИ, ЛИМПОПО» деп айтып ойынды бастайды. Бөлме сыртында тұрған бала ойыншылардың дауыстарын естіп, бөлмеге кіреді де шеңбердің ортасына тұрып, кім жүргізуші екенін табу керек. Егер жүргізушіні тапса, жүргізуші есіктің сыртына шығады. Ойын сол ретімен жалғасып отырады.

Топқа бөлу.От, Су, Күн суреттері арқылы топқа бөлу. Оқушылар Қорапшадан қағаз алады, сол қағаздағы сурет бойынша топтарға бөлінеді(қағаздарда От, Су, Күн, (суреттері бейнеленген).

Ойынға қатысады













Ойынға қатысады

















Топқа бөлінеді

Негізгі бөлім

Мұғалімнің сөзі
«Мәңгілік ел» патриоттық актісі. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында білім беру жүйесі жаңғыртылуда. Отандық білім беруді жетілдіру қажеттілігі басым мемлекеттік міндеттер қатарына шықты. Осы мақсатта 2016 жылғы 26 сәуірдегі Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» XXIV сессиясында «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі әзірленіп, қабылданды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев ««Мәңгілік Ел» патриоттық актісі Құжатында – Қазақстан халқының тарихи тағдыры мен жалпы мүдделері, біздің елімізді дамытудың базалық құндылықтары көрінетін «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының жеті мызғымас тұғыры, жеті құндылық ұсынылған:

Қазақстанның тәуелсіздігі мен Астанасы;

Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім;

Зайырлы қоғам және жоғары руханият;

Индустрияландыру мен иновацияларға негізделген экономикалық өнім;

Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы;

Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы;

Еліміздің ұлттық қауіпсіздігі, бүкіләлемдік , өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы және басты құндылықтар толық нұсқада 2014 жылғы 14 қаңтардағы «Қазақстандық жол-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Елбасының халқына Жолдауында және 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында айтылды. Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің идеялық негізі аталған құндылықтарды жастарға насихаттаумен байланысты.  Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы қоғамды рухани жаңғыртудың басымдықты идеяларын оқушылар арасында кеңінен насихаттау болып табылады. Аталмыш мақала Кіріспе, қорытынды және екі бөлімнен тұрады.

-Қазір сендерді сайысқа шақырамын.

І. Оқушыларға викториналық сұрақтар :

«От» тобының сұрақтары
1. Оттан да ыстық не?
Отан оттан да ыстық.

2.Көктем мезгілінде неше мереке бар?

3.ҚР-ның мемлекеттік тілі?

4.Қазақстан туының түсі қандай?

5.Қазақстан қандай мемлекет?

6.Тәуелсіздік күні қашан болады?

7.Наурызда пісірілетін тағам?

 8,Елтаңбаның екі жағында қанатты пырақтар бейнелген


«Су» тобының сұрақтары


  1. Қазақ әліпбиінде қанша дыбыс бар? (42)
    2. Дауысты дыбыс тілдің қатысына қарай нешеге бөлінеді? (жуан, жіңішке)
    3. Дауыссыз дыбыстың түрлерін ата. (қатаң, ұяң, үнді)
    4. «Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас» тақырыбы не? (дос)
    5. Дауыстылардың саны қанша? (12)
    6. Әліпбидегі 10-шы дыбыс қандай дыбыс? (Ж)

7. Ұлттық валюта қалай аталады?
8. Тәуелсіздік күні қашан болады?



«Күн» тобының сұрақтары:


  1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл - қай тіл?
    2. Қазақстан Республикасының Президенті кім?
    3. Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?
    4. Әнұранның әнін жазған кім?
    5. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні қай күні тойланады?
    6. Ұлттық валюта қалай аталады?
    7. Наурызда қандай дәстүрлі тағам әзірлейді?
    8. Наурыз мерекесі қай күні тойланады?


    ІІ. Топтық жұмыс: Постер дайындау және қорғау.
    1-топ. Патриот адам кім? Ол өзін қалай көрсетуі керек? 
    2-топ. Қандай патриот адамды білесіңдер? Мен патриотпын себебі???
    3-топ: Қазіргі заманның патриоты қандай болуы керек? (мінезі, ерекше қасиеттері, ұстанымы, ұраны).

ІІІ. Жұмбақ жасыру:



  1. Өзі ақ, өзі ұсақ
    Шықылықтап тұрмайды
    Өсекшіге ұқсап
    Құйрығы ұзын, ала
    Бұл қандай құс, бала? (Сауысқан)
    2. Аяғы бар, басы бар,
    Арқалаған тасы бар (Тасбақа)
    3. Қанаты бар,
    Қауырсыны жоқ (Жарқанат)
    4. Иір - иір ізі бар,
    Құлағы жоқ, көзі бар,
    Түсі суық, ызғарлы
    Аузында айыр бізі бар (Жылан)
    5. Күні бойы тынбайды,
    Дәмді тағам жинайды (Бал арасы)


6. Терісі бар - жүні жоқ
Жүрісі бар - ізі жоқ
Қанаты бар - ұшпайды
Су астында қыстайды (Балық)
7. Өзі айлакер, өзі бір қу
Жүрген жері айқай да шу (Түлкі).




.



Патриот ұғымының мәнін ашады,









































































Мұқият тыңдайды. Сұрақтар қояды.














Ойларын айтады



өз бойларында
-ғы және қоғамдағы патриот адамдардың образын жасайды.

Қорытынды бөлім

Рефлексия

Мұғалімнің қорытынды сөзі: Алда әлі ұзақ жол , үлкен асулар бар . Сол асулар мен қиындықты жеңу үшін білектің  күші  мен найзаның  ұшы  керек емес. Оған тек жүрек пен білім , талант  пен талап керек. Қазақ елінің абыройын асырып , мерейін үстем етер , әлем таңғалар , талай-талай жаңалық ашар білімділер керек . Осы Тәуелсіз еліміздің намысын  қорғайтын , бүгінімізді ертеңіне жалғайтын , қазақ елінің ертеңі , болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ Сендерсіңдер. “Сен де бір кірпіш  дүниеге ,Кетігін тап та бар қалан!”-  деп Ұлы ақын Абай атамыздың сөзімен іс-шарамызды аяқтаймыз.

Іс-шараға қорытынды жасайды. Кері байланыс қағаздарын бояйды.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 ақпан
407
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі