«Менің елім- Қазақстан».

Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Менің елім- Қазақстан».

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған ерекше балалармен өткізілген ,тақырыптық сабақ. Балаларға Отан, Рәміздер, Елтаңба, Тәуелсіздік күні туралы түсініктерін қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 15.12.2021

Тақырыбы: «Менің елім- Қазақстан».

Сабақтың мақсаты: Балаларға Отан, Рәміздер, Елтаңба, Тәуелсіздік күні туралы түсініктерін қалыптастыру.

Білімділік: Балалардың Отан, Рәміздер, Елтаңба, Тәуелсіздік күні туралы түсініктерін қалыптастырып, дамыту.

Түзете- дамытушылық: Ойлау, есте сақтау, қабылдау және ұсақ қол моторикасының икемділігін дамыту.

Тәрбиелілік: Патриоттық сезімдерін оятып Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.

Құрал- жабдықтар: Тақырыпқа арналған суреттер, түрлі-түсті доптар, желім, дайын қима қағаздар.

Топ: «Күншуақ» мектепке дейінгі күндізгі тобы.





Сабақ барысы

Ұйымдастыру

Балалармен сәлемдесу

Педагог- психолог: Сәлеметсіңдер ме балалар, көңіл-күйлерің қалай? Тамаша! Олай болса балалар біз Қазақстан Республикасының тәуелсіздік мерекесіне арналған тақырыптық сабағымызды бастаймыз.



Негізгі бөлім

Педагог- психолог: Балалар біздің Отанымыз қалай аталады?

Балалар: Қазақстан.

Педагог-психолог: Жарайсыңдар балалар, Қазақстан тәуелсіз, егеменді мемлекет.

  • Балалар біздің ең алғашқы президентіміз кім? Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев (суретін көрсету)

  • Еліміздің елордасы қай қалада орналасқан? Нұр-Сұлтан қаласында (суретін көрсету);

  • Нұр-Сұлтан қандай қала? Әдемі, үлкен қала.

Біз бүгін тәуелсіздік алған күнімізді мерекелеудеміз. Біздің еліміз тәуелсіз болғандықтан өзіміздің мемлекеттік Әнұранымыз, Елтаңбамыз және Мемлекеттік туымыз бар (суреттерін көрсету).

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны 2006 жылдың 7 қаңтарында Қазақстан Республикасының жаңа әнұраны қабылданды. Ш. Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әні Қазақстан Республикасының Әнұраны деп жарияланды. Балалар Әнүранды айтқанда оң қолымызды кеудемізге қойып тұрып айтамыз.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы- дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде- бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар.

Мемлекеттік ту- Қазақстан Республикасының мемлекеттік туының ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік төртбұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық оюымыз бейнеленген (суретін көрсету).

Балалар қазір біз суретпен жұмыс жасайтын боламыз, ал оған дейін бір сергіп алайық, жарай ма?

«Кім жылдам?» қимылды ойыны.

«Біздің ту» түрлі-түсті қағазбен жұмыс жасау.

Педагог-психолог: Олай болса балалар біздің ұлттық рәміздеріміздің бірі- көк ту. Ал енді мына дайын қима қағаздардан көк туымызды жабыстырып құрастырайық.

Сабақты бекіту

Д/О: «Өз туымызды тап». Партаның үстіне көптеген елдердің туының суреттері шашылады, балалар сол суреттердің ішінен өз елінің туын табулары қажет.

Қорытынды

Педагог- психолог: Жарайсыңдар балалар, сендер бүгін сабаққа өте жақсы қатыстыңдар. Қазақ халқының «Шашу» деп аталатын жақсы бір ырымы бар. Балалар бүгінгі келіп жеткен Тәуелсіздік мерекеміз құтты болсын, денсаулығымыз мықты болсын, еліміз тыныш болсын. Шашууу, шашшууу (балаларға бауырсақтар мен тәттілер таратылады).

  • Сау болыңдар балалар!







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.02.2022
502
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі