15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Менің елім осындай" тақырыбында Тәуелсіздік мерекесіне арналған кештің сценарийі
Кештің барысы:
1-Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздік күніне арналған «Менің елім осындай» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
2-Жүргізуші: Тәуелсіздік-ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттердің қатарына қоса алдық. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жетті.
1-Жүргізуші: Ел басымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2014 жылдың 17 қаңтарында халыққа жолдаған жолдауында «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жөнінде айтқан болатын. Елбасы «Мәңгілік ел идеясы-қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу» деген болатын.
2-Жүргізуші: Олай болса, Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
Отаныңды қорға ұрпақ, қырағы,
Сапқа тұрды тәуелсіздік қыраны.
Еркіндіктің азат туын тік көтер,
Қазағымның шырқалсын Әнұраны
Әнұран орындалады.
1-Жүргізуші: Құттықтау сөз мектебіміздің директоры Даурбаев Келдімұрат Түгелбайұлына беріледі. Оқушыларымызды мерекеге арналған өлең шумақтарымен қарсы алыңыздар.
2-Жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік-ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан-жүректі ұғысқан.
Ата-бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын , Қазақстан-Гүлстан!
Хор: «Қазақстан» 2 «А» сынып оқушыларын қарсы алыңыздар
1-Жүргізуші:
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан-елім менің
«Құстар биі» сахнада Назархан Аягөз 1 «В»-сынып оқушысы
2-жүргізуші:
Күй сені тәтті көрем, жаным сүйіп ,
Тыңдаймын тыным алмай, жаным -күйіп
Өмірдің сырын ашып жүрегіме
Музаның әміріне басымды иіп.
Алайық ескеі күйдің бәрін жиып.
Жандырған ой-қиялды қалың күйік
Шерттіріп құнарлырақ домбыраға
Тербеліп ырғағына тамылжиық
Күй «Балбөбек» Орындайтын: Аманқосұлы Нұргелді 3 «Ә» сынып оқушысын қарсы алайық.
1-Жүргізуші:
Бақытым Республикам Қазақстан,
Көгінде ақ көгершін самғап ұшқан.
Саған жетпес құшағы әлемнің де,
Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан.
Алдарыңызда МАД «А» сыныбының оқушыларын құттықтауларымен қарсы алыңыздар!
2-Жүргізуші:
Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе-тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы-құт, жері дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам
Ән «Сүйем сені, сары жайлау» орындайтын Мақсатқызы Аңсаған 2 «Ә» сынып оқушысы
1-Жүргізуші:
Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.
МАД «Ә» тобының оқушыларының орындауында хор «Тәуелсіз ел ұраны»
Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,
Соған шөлдеп, шөлкіреп тамсанады,
Өкініш пе білмеймін қуаныш па
Өз өзінен жүрегім ән салады.
2-Жүргізуші:
Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата-баба рухына
1-Жүргізуші: Ән «Менің елім осындай» орындайтын 5 «в» сыныбы оқушыларынан құралған «Тұмар» тобы
2-Жүргізуші:
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі,- дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына арналған «Менің елім осындай» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.
1-Жүргізуші:
Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбың!
2-Жүргізуші: Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген