Менің елім Қазақстан.

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Менің елім Қазақстан.

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіз Қазақстан жайында.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Елімнің еркіндігі Тәуелсіздік!

Балалар безендірілген залға кіреді. «Атамекен»әні қойылады.
Жүргізуші:

Құрметті ұстаздар, кішкентай бүлдіршіндер, бүгін біз дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздік туын алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың желтоқсанына арналған «Елімнің еркіндігі - тәуелсіздік»атты ертеңгілігімізді өткізбекпіз.

Мұз жастанып азаматтық жолында,
Тәуелсіздік туы тұрды қолында.
Жеңіп шықты, бас имеді, қасарып
Сойыл таяқ ойнаса да жолында

Желтоқсан - ау, ұмтылмайсың жүректе
Ұрпақ өсер айналатын тірекке
Егемендік тиді міне еншіме
Желтоқсаным, жеткіздің ақ тілекке.

Тәуелсіздігіміз баянды болсын дей отырып, кішкентай бүлдіршіндеріміз ертеңгілікті ән ұранмен ашады.
Әнұран айтылады.
Жүргізуші:Ендігі кезекте балалардың тақпақтарына берсек.


Алияр
Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды


Ақерке
Қатар шапқан қос тұлпар
Ай астында қазақ үй
Қалықтаған жас сұңқар
Шарықтаған таза күй
Елтаңбасы елімнің
Елдігімнің белгісі

Мейірхан


16 - желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн
Мерекеде ел қуанып
Шаттанып ән салған күн

Слайд: Балаларды таныстыру.

Тегеурінді соққыларды жайратқан
Ақша қарда судай ақты қайнап қан
Қайдан білсін қызбаланған ерлерім

Айырларым Ляззат,Ербол, Қайратан.


Балалар мұндағы суретте желтоқсан құрбандары. Осы аға, апаларымыздың арқасында егемен ел болып, көк туымыздың байрағы желбіреді. Ләззат, Ербол, Қайрат, апа – ағаларымызға 1 – минуттық үнсіздік жариялайық.

Хор: «Көктудың желбірегені» «Қарлығаш» тобы

Керилл

Я сын своей страны,

Хотя еще ребенок

Но твердо знаю я горжусь

Своей землей с пеленок

Елнар
Жасасын азат ерлік күн
Жасасын бейбіт елмен жер
Бостандық алған қазақтың
Мәртебесін көрсін ел

Асылан
Отан - деген ұлы ана
Отан деген ғұлама
Мен ғана емес атамда
Перзенті екен Отанға


Алім
Абыройың асқақ боп

Жасай берші гүл елім

Отыз жылдығың құтты боп

Биіктей бер жыр елім

Би: «Қамажай» «Улыбка»



Хор: «Балапан» тобы «Солдат болам мен ертең»

Абыройың асқақ боп

Жасай берші гүл елім

Отыз жылдығың құтты боп

Биіктей бер жыр елім




Хор: «Мен Қазақпын»



Осымен тәуелсіздік күніне арналған «Балапан»тобының ертеңгілігі аяқталды, көңіл бөліп тыңдағандарыңызға рахмет. Қазақстанымыздың көк байрағы желбіреп, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.04.2025
457
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі