жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Менің елім Қазақстан
Тақырыбы : "Менің елім - Қазақстан"
Сабақтың мақсаты: Балалардың Қазақстан Республикасы жайында білімдерін кеңейту. Мемлекеттік рәміздер туралы түсініктерін толықтырып, нақтылау. Өз Отанына деген сүйіспеншіліктерін, туған жері мен елін сүюге, оларды қорғай білуге тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін арттыру.
Көрнекі-құрал: Қазақстан Республикасының рәміздері, Қазақстан Республикасының картасы. Еліміздің, жеріміздің молшылығын бейнелейтін суреттер.
Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар, балалар! Бүгін біздің оқу-іс әрекетіміз, басқа күндерден ерекше, өйткені бізге бүгін көп қонақтар келіп отыр. Келген қонақтармен амандасайық. Ал, енді балалар, орнымыздан тұрып Қазақстан Республикасының ән ұранын орындаймыз.
Ән ұран орындау.
Тәрбиеші: Балалар, бүгін біздің сабағымыздың тақырыбы: «Менің елім - Қазақстан» яғни біз Қазақстан Республикасы жайында айтып әңгімелесеміз. Әңгімемізді бастамас бұрын мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын
Шаттық шеңбері:
Біз кішкентай баламыз
Өсіп –өніп толамыз
Күнге қарай талпынып
Күнге қанат қағамыз
Әлемдегі бар адамға
Тек жақсылық тілейміз
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Тәрбиеші: Балалар, бүгін мен балабақшаға келе жатқанда, хат тасушыны көрдім, хат тасушы маған хат берді. Ол хатты бізге көрші мемлекет Ресейден жіберіпті, кәне қазір мен сендерге оқып берейін. Балалар Бұл хатты Ресейдің балалары орыс тілінде жазыпты, ал сендерге мен аударып беремін.
- Здравствуйте дорогие дети из Казахстана! Пишут Вам дети из России. Мы очень хотим подружится с Вами. Напишите нам о себе, расскажите о своей Родине. Мы посылаем Вам свой рисунки: это мы в национальной одежде. Ждем вашего письма.
Балалар, мына хатта біздің көрші мемлекеттік балалары бізбен танысып, дос болғылары келетіні жайында жазыпты, және біздің Қазақстан Республикасы жайында не білетініміз туралы айтып бергендерімізді сұрайды.
Балалар, сендер Қазақстан Республикасы жайында не білесіңдер?Отан туралы не білесіңдер? Отанымыз деген не?
Балалар: Отан деген еліміз, жеріміз, отбасымыз, Отан деген – Қазақстан Республикасы, Отан дегеніміз-Астанамыз, қаламыз, балабақшамыз, табиғатымыз, көліміз, тауларымыз. (Балалар Отанға деген сүйіспеншіліктерін тақпақтар арқылы білдіреді)
Қ.Кәусар
Отан сенің ата-анаң,
Отан досың- бауырың.
Отан өлкен- астанаң,
Отан аудан-ауылың.
Құрбанай
Отан-тарих, Отан-тіл,
Жасаған елін, өз халқын.
Отан-өлең, Отан-жер.
Көтерген көкке ел даңқын.
Ақниет
Отан осы, достарым,
Көңілге мұны түйе біл.
Отан деп өсіп жас жаның,
Оны ардақтап сүйе біл.
Бекжан
Отанды біз Атамекен,
Деп аялап айтамыз.
Өйткені оны мекен еткен,
Бабамыз бен атамыз.
Ж.Кәусар
Отанды жас, кәрімізде,
Туған жер деп сүйеміз.
Өйткені онда бәріміз де,
Туып, өмір сүреміз.
Нұржігіт
Отан деген- атамекен,
Отан деген- туған жер.
Отан- ана, Отан- үлкен,
Қазақстан - туған ел.
Тәрбиеші: Балалар, көрдіңдер ме осы әсем тақпақ жолдарында қаншама Отан туралы жақсы сөздер айтылған, Отанды қандай жақсы сөздермен жеткізген.Отан-сенің ата-анаң, Отан-туған жер, Отан- Бұл Қазақстан Республикасы. Сондықтан біз Отанды жоғары бағалап, қадірлей білуіміз керек.
Айтыңдаршы, балалар, біз қай Республикада тұрамыз?
Балалар: Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.
Тәрбиеші: Дұрыс. Біздің Қазақстан Республикасының елордасы қай қала?
Балалар: Астана қаласы
Тәрбиеші: Дұрыс. Ал Қазақстан Республикасының Елбасы кім ?
Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Тәрбиеші: Өте жақсы, дұрыс балалар. Қазақтан Республикасының табиғаты өте бай, өте әдемі.
Балалар, айтыңдаршы, Қазақстанда не көп, қандай байлықтар бар?
Балалар: Өзендер, көлдер,аңдар, құстар,егін көп.
Тәрбиеші :Балалар Қазақтан Республикасының қандай әсем қалаларын білесіңдер?
Балалар: Астана, Қарағанды,Шымкент,Орал т.б
Тәрбиеші: Балалар, сендер өздеріңнің туған жерлерінде, қандай әсем қалалар бар екенін білдірдіңдер.
«Ойын Қазақсанның табиғатын құрастыру»
Шарты : Балалар геометриялық пішіндерді қолдана отырып табиғатын бейнелеп ақ қағаз бетіне жапсырады.
Тәрбиеші :Балалар, айтыңдаршы сендер қандай Қазақстан Республикасының рәміздерін білесіңдер?
Балалар: Ән ұран, ту, елтаңба.
Тәрбиеші: Өте жақсы. Ал ендеше осы мемлекеттік рәміздер туралы тақпақ айтып беріңдерші.
( Балалардың қолында әнұран, ту, елтаңба)
1-бала
Қазақстан рәміздері- елдігімнің белгісі,
Білу керек балаға дейін ең кіші.
Ән ұран, көңілдір ту, елтаңба,
Рәміздерді жатқа білсін әр кісі.
2-бала
Ән
ұраным - жан ұраным, 
Айтар әнім, сөйлер сөзім.
Туған жерім- сағынарым,
Жүрсем егер дүние кезіп.
3-бала
Айнымайды аспаннан,
Біздің тудың бояуы.
Оны халық қашанда,
Биікке іліп қояды.
4-бала
Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай астында қазақ үй.
Қалықтаған жас сұнқар,
Шарықтаған таза күй.
Бұл таңбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі.
Тәрбиеші: Балалар, көрдіңдер ме, біздің Қазақстан Республикасының рәміздері қандай әдемі, осы рәміздерді әрқашан естеріңде сақтап, құрметтеп, бағалай жүру керексіңдер.
Сергіту сәті
Көк байрақ желбіре
Асқақтап аспанда
Жасұлан ел бірге
Сап түзе жасқанба
Тәрбиеші : Балалар біздің Республикамызда қандай көп ұлттар тұрады?
Балалар: Орыс,татар,неміс, өзбек, қырғыз, беларусь, шешен т.б. ұлттар Қазақстан Республикасыңда тату өмір сүріп келе жатыр.
Тәрбиеші: Балалар, ал енді мен сендерді ойын ойнауға шақырамын. Ойынның аты: «Жылы сөздер»
Ойында біз сендер мен өз Отанымызға, туған жерімізге, Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікті жылы сөздер арқылы білдіреміз.
1. Менің Отаным өте сұлу
2. Менің Отаным өте әдемі
3. Менің Отаным өте бай
4. Менің Отанымда өте ақылды адамдар тұрады
5. Менің Отанымда өте бауырмалы адамдар тұрады
6.Менің Отанымның табиғаты тамаша
7. Мен Отанымды мақтан етем
8. Менің Астанам өте көркем
9. Менің балабақшам өте әдемі!
10. Менің Отанымда ормандар, көлдер көп!
11. Мен туған қаламды Көкшетауды өте жақсы көремін!
12. Менің Отанымда елдер тату тұрады!
Тәрбиеші: Өте жақсы балалар. Ендеше біз осы айтылған жылы сөздерді Қазақстан Республикасының қартасына жапсырамыз.
( балалар әсем музыка әуенімен қима қағаздарды Қазақстан Республикасының картасын жапсырады)
Тәрбиеші: Өте жақсы балалар. Ендеше біз осы аталған байлықты Қазақстан Республикасының қартасына жапсырамыз.
( балалар әсем музыка әуенімен қима қағаздарды Қазақстан Республикасының картасын жапсырады)
Тәрбиеші: Ал енді балалар. Қазақстан Күннен күнге өркендеп, гүлденуде. Біз осындай елде тұрғанымызға бақыттымыз, балалар, біз бақыттымыз ба? Балалар қазақ халқының жүрегі таза, көңілі кең ,қонақжай, бауырмашыл.
Аспанымыз ашық болсын!
Еркін, ұшқыр тәуелсіз елім,
Сүйікті Республикам менің.
Гүлдене бер сен әрқашанда,
Бостандық елім- Республикам менің!
(Балалар өз тілектері жазылған кішкентай жүрекшелерді үлкен жүрекшеге жапсырады)
1. Еліміз аман болсын!
2. Әр қашан күн күлім деп тұрсын!
3. Көк туымыз биік болсын!
5. Әрқашан соғыс болмасын!
6. Күніміз жарқырай берсін!
7. Елбасымыз жасай берсін!
8. Табиғатымыз сұлу болсын!
9. Суларымыз-мөлдір таза болсын!
10. Балабақшамыздың шаңырағы биік болсын!
11. Болашағымыз жарқын болсын!
12. Астанамыз көркейе берсін!
Ән «Атамекен»
Тәрбиеші: Міне, балалар, барлық махаббатпен, сезіммен жасалған Қазақстан Республикасының картасын біз көрші мемлекет Ресей балаларына сыйлыққа жібереміз. Осы картадан түсінеді Қазақстан Республикасы қандай бай көрікті, тату мемлекет екенін. Рахмет сендерге балалар, сендер бүгін көп жұмыс жасадыңдар.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген