|
–Балалар
біздің мемлекетіміз қалай аталады?
–Сендер
қандай қалада тұрасыңдар?
–Отан
деген сөзді қалай түсінесіңдер?
–Қазақсатан Республикасы – үлкен мемлекет, онда
үлкен,, кіші қалалар, ауылдар бар екен? Көп ұлттар тұрады екен.
Мемлекеттік тіліміз бар. Ол – қазақ
тілі.
–Біздің Республикамыздың тәуелсіздігіне
биыл 22 жыл толды.
Елімізде әр жыл сайын 16 – желтоқсан Қазақстан
Республикасының Тәуелсіздік күні болып тойланып аталады.
Ал енді
балалар менің сұрақтарыма жауап беретін болыңдар.
–Рәміздерге не жатады?
–Бас
қаламыз қалай аталады?
Рәміздер
туралы түсінік беру.
1. Елтаңба Қазақстан
Республикасының мемлекеттік елтаңбасының негізіне шаңырақ алынған.
Ол елтаңбаның жүрегі еспеттес. Шаңырақ әлемнің біртұтастығын,
отбасы ошағын бейнелейді.
Қанатты пырақ – мәңгілік өмір.
Елтаңба төбесінде бес бұрышты жұлдыз бар. әр адамның
өмірінде жол көрсетер өз жұлдызы бар. Мемлекеттің де осындай өз
жұлдызы болуы керек. (авторлары Жандарбек Мәлібеков пен Шота
Уәлиханов).
2. Ту – ортасында шұғылалы
алтын күн, оның астында қалықтап ұшқан құран бейнеленген, сабының
тұсында ұлттық өрнек нақышталған, түсі көгілдір.
3. Қазақстан
Республикасының әнұраны. Әр азамат білуі керек.
Қазақ халқының тұңғыш президенті –
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
(суреттерді көрсету, сұрақ – жауап).
Сергіту сәті
Көтеріліп шаңырақ,
Керегелер керіліп,.
өрімдей
боп өріліп,
бәріміз
жүрсек айналып,
киіз үй
боп көрініп
Тәрбиеші: Отан деген – біздің еліміз, жеріміз,
әке-шеше, бауырымыз, туған жеріміз. Отан туралы жырламаған ақын
жоқ. Ал қазір балалар сендердің алдарында Айлана, Аружан, Мұратхан,
Аяжан, Сайран, Гүлназ, өййз өнерлерін көрсетеді.
Айлана:
Отан –
сенің ата-анаң
Отан
досын баурың
Отан
үлкен астанаң
Отан –
туған аулың.
Аружан:
Елбасымыз жолдайды,
Халқы
оны қолдайды.
Ешқашанда орынсыз,
Шешімдері болмайды.
Мұратхан:
Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен-кіші, ағайындар бәріміз.
«Ұлтым,
елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз
біздердің піріз де, әніміз.
Аяжан:
Елбасы
елді қорғайды,
Халық
қамын ойлайды.
Осындай
жақсы адамның,
Жақсылығы тарайды.
Сайран:
Қазақстан дейтін менің бар елім.
Жатыр
алып жарты дүние әлемін!
Бұл
даланы анам жаспен суарған,
Бұл
далада атам қолға ту алған.
Гүлназ:
Бұл
далада жылап келіп, уанған
Бұл
даланы көріп алғаш қуанған
Бұл
далада өскен жанда жоқ арман.
Ойын «Мақал-мәтелдерді
жалғастыр»
1)
Отан -
2)
Отан – отбасынан
3)
Отансыз –
Ормансыз –
4)
Отан үшін отқа түс,
Тәрбиеші: Бостандық құтты болсын ерікті ел,
Айдын
көл, көк майсалы көрікті жер
Бостандықты аңсаған батырлардың
Әруағына бас ұрып, ту еткен жер.
Балалар
сендерге жұмбақ жасырамын сендер жауабын табыңдар.
Жұмбақ
Мен оның түнің сүйем, күнің сүйем,
Ағында
өзен, асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның
қасиетті тілін сүйем,
Мен оның
құдіретті үнін сүйем.
Ән
«Отаным»
|