Менің елімнің нышандары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Менің елімнің нышандары

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық оқушылар: –еліміздің рәміздерінің маңызын түсіндіреді; –Қазақстанның ресми және ресми емес нышандарын атайды. -Еліміздің ресми емес нышандарына сипаттама береді («Алтын адам», «Бәйтерек» монументтері, «Мәңгілік ел» қақпасы). Көптеген оқушылар: Қазақстанның ресми, бейресми рәміздерінің маңызын түсіндіреді Кейбір оқушылар: тарихи және мәдени ескерткіштерін қорғаудың маңыздылығын айта алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Дүниетану

Орта мерзімді жоспар бөлімі:

5-тарау «Өнер»

Күні: 25.01.2019ж

Сынып: 3-сынып

Мектеп: 14 мектеп-гимназия

Мұғалімнің аты-жөні: Мустафинова А.А.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Менің елімнің нышандары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу

мақсаттары (оқу

бағдарламасына сілтеме)

3.3.5.1 Қазақстанның бейресми рәміздерінің мәнін түсіндіру («Алтын адам», «Бәйтерек» монументі, «Мәңгілік ел» қақпасы)

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: –еліміздің рәміздерінің маңызын түсіндіреді;

Қазақстанның ресми және ресми емес нышандарын атайды.

-Еліміздің ресми емес нышандарына сипаттама береді («Алтын адам», «Бәйтерек» монументтері, «Мәңгілік ел» қақпасы).

Көптеген оқушылар: Қазақстанның ресми, бейресми рәміздерінің маңызын түсіндіреді

Кейбір оқушылар: тарихи және мәдени ескерткіштерін қорғаудың маңыздылығын айта алады.

Бағалау критерийлері

Оқушылар :

-ежелгі түріктердің өмір салтын анықтайды

-өнердің адам өміріндегі рөлін анықтайды

-Қазақстанның ресми, бейресми рәміздерінің маңызын түсіндіреді

-тарихи және мәдени ескерткіштерін қорғаудың маңыздылығын айта алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар

рәміздердің не үшін керек екенін түсіндіреді, оларға сипаттама береді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Еліміздің ресми емес нышандары: «Алтын адам», «Бәйтерек» монументтері, «Мәңгілік ел» қақпасы және т.б.

Диалогке/жазылымға қажетті тіркестер

Ресми емес нышандар еліміздің тарихымен, мәдениетімен және табиғатымен байланысты. Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен ұлттық идеяның нышаны.

Талқыланатын мәселелер:

Еліміздің қандай ресми рәміздерін білесіңдер?

Бүгін еліміздің қандай ресми емес нышандарымен таныстыңдар?

«Мәңгілік ел» қақпасының текшелеріндегі фигуралар нені білдіреді?

Бәйтерек жайындағы аңызда Самұрық пен бәйтерек ағашы ненің символдары? Аңыз қалай аяқталады?

Есік қорғанынан табылған сақ ханзадасы жайында не білесіңдер?

«Алтын адам» монументі нені білдіреді?

Тағы қандай нысандарды еліміздің ресми емес нышандары ретінде ұсынар едіңдер?

Жазылым:

Дәптерде сабақта атқарған жұмысыңды бағалау.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану, әдебиеттік оқу пәнінен алған мәдени мұралар мен тарихи ескерткіштерді сақтау және қорғаудың маңыздылығы, ежелгі түркі халықтарының өмірі, көшпелі өмір салты мен отырықшы өмір салтының ерекшеліктері, Қазақстан халықтары мерекелері мен демалыс мәдениеті тақырыптары,өз ата тегінің шежіресі, спорт түрлері, ауа райының олайсыз жағдайларында өзін- өзі ұстау ережелерін туралы білімдерін қолданады.

АКТ қолдану дағдылары

Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;

Ресурстар

Топқа бөлуге арналған парақшалар, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериалдар., постер, кері байланыс парағы т.б

Бастапқы білім

Оқушыларда 1,2 сыныпта «Мен және менің отбасым» тарауларынан отбасы шежіресіжәне құндылықтары туралы түсініктері бар.3 сыныптың «Адамгершілік» тарауында жеке тұлғаның және отбасының дамуындағы еңбектің рөлі оқып талдаған.Ал, 3 сыныптың «Уақыт» тарауынан адамдардың көшпенді және отырықшы өмір салтының ерекшеліктері,ертедегі түркілердің өмірі туралы ,мәдени ескерткіштерді қорғаудың маңыздылығы туралы . түсінік қалыптасқан.Қазақстанның бейресми рәміздерінің бірі «Бәйтерек» монументтін сипаттай алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы 2 мин












5 мин







2 мин























5 мин






























































10-15 мин















Сабақтың ортасы

Психологиялық ахуал….

Оқушылар:

-Мынау менің жүрегім

-Бәрі осыдан басталған

-Мынау басым ақылды

-Барлық істі басқарған

-Мынау менің оң қолым, мынау менің сол қолым

-Барлық істі атқарған(балалардың сабаққа деген ынталарын арттырып,зейіндерін саббаққа бөлу,белсенділік танытып,жұмыс жасау).

Оқушылардың топқа алдын ала бөліп, отырған топтарымен таныстыру. Әр топтың атауы жайлы мәлімет айта кету.

Баллардың белсенділіктері мен жасаған жұмыстары бойынша бағалау критерилеріне байланысты түсінік айтып өту....(бағалау критерийларына байланысты оқушалар ақшамен бағаланады. Тлық жауапқа он мың теңге, дұрыс жауапқа бес мың теңге, дұрыс жауап берген,бірақ әлі де қосары болса екі мың теңге беріледі)

Балалардың назарын видеоға аудару.

Балалардың барлығы экранға назар аударады.Оқушылар бейне таспа көіп,еліміздің ресми рәміздері мен тарихы,мәдениеті,қалалары туралы өз ойларын айтады.

«Менің елім» атты видеосын көреді...

Мұғалім: Балалар қалай ойлайсыңдар бүгінгі сабақ не туралы болмақ? (балалар сұрақтарға жауап береді)

ҚБ:Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату. Тапсырманы орындаған балаға бағалау критерийлері байланысты дұрыс жауаптарын тиын арқылы бағалау.

Бағалау критерийлері::

Еліміздің рәміздерінің маңызын түсіндіреді;

Қазақстанның ресми және ресми емес нышандарын атайды.

-Еліміздің ресми емес нышандарына сипаттама береді.

Мұғалім: - Енді балалар осы ойымызды толықтыра отырып мынандай ойын ойнайық.

«Мен бастаймын, ал сендер жалғастырасыңдар» ойыны.

Біздің еліміз – бұл

Біздің елімізде өмір сүретін адамдар ... деп аталады.

Біздің Отанымыздың астанасы -

Біздің елбасымыздың есімі …

Қазақстанның мемлекеттік рәміздері – олар

Гимн – бұл

Дала қыраны бүркіт ... бейнеленген

Елтаңбаның пішіні ...

Астана қаласындағы Экспо .... жылы өтті

Біздің еліміздің ірі қалалары....

Балалар, әр елдің Елтаңбасы, Туы, Гимнінен бөлек, ол елдің тарихын, мәдениетін, табиғатын көрсететін ресми емес нышандары болады. Ресми емес нышандар біздің елімізде де бар.

Бүгін сабақта еліміздің ресми емес нышандарымен танысатын боламыз...

Оқушылар:

ресми емес нышандардың мағынасы мен маңызы жайлы білетін боламыз;

Кіші Отанымыздың рәміздерін құрастыруды үйренетін боламыз.

Оқулықтағы «Рәмізді таны» тапсырмасын орындаңдар: иллюстрацияларды қарап шығыңдар. Ресми емес нышандарды анықтаңдар. Олар жайлы не білесіңдер?

Электронды қосымшадағы слайдтарды көру. Оқулықтағы «Алтын адам», «Бәйтерек» монуметі, «Мәңгілік ел» қақпасы туралы материалмен жұмыс жасаймыз.

Оқушылар оқулықпен жұмыс орындай отырып, келесі тапсырмаларды орындайды.

«Мәңгілік ел» қақпасы білдіреді?

Тірек мәтін «Мәңгілік ел» қақпасы

Қақпаның биіктігі 20 метрге тең. Ол Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын білдіреді. Қақпаның текшелерінде мына мүсіндер орналасқан:

Ақсақал – данышпандықтың белгісі;

Әйел-ана отбасының ұйытқысы. «Ана» бейнесіне «Отан Ана», «Жер Ана», «Ана тілі» секілді ұлттық құндылықтар қоса қамтылған.

орта ғасырдағы батыр;

қазіргі Қазақстан әскерінің жауынгері.

Орта ғасырдағы батырдың мүсіні қазақ батырларының батылдығын, ержүректілігін, ерліктерін бейнелейді. Осы екі мүсін Отанды қорғау қазақ ұлтының ежелден келе жатқан ең басты құндылықтарының бірі деген идеяны көрсетеді.

Қақпаның қасбетінде «Мәңгілік ел» деген жазуы бар.

Аңыздың басын оқы. Самұрық пен айдаһар ненің символдары? Аңыз қалай аяқталады?

Тірек мәтін «Бәйтерек» монуметі

Аңыз бойынша, кең далада үлкен терек, өмір ағашы Бәйтерек өсіпті. Қасиетті Самұрық құс алтын жұмыртқасын – бүкіл тіршілік иесіне жарық пен жылу сыйлайтын Күнді салу үшін өмір ағашы Бәйтерекке ұшып келіпті.

Ал төменде жұмыртқаны жұтуға асыққан аш Айдаһар қолайлы сәтті күтіп жүреді. Айдаһар үнемі жұмыртқаны жеп қоя береді. Бірақ Самұрық құс оған қарамай, қайта- қайта келіп, жұмыртқасын салып кетеді. Бұл аңызда жарық пен қараңғының, күн мен түннің, жаз бен қыстың, жақсы мен жаманның күресі бейнеленген.

Есік қорғанынан табылған сақ ханзадасы жайлы не білесің? «Алтын адам» нені білдіреді?

Тірек мәтін «Алтын адам»

Алматыдан 50 километр жердегі Есік қорғанынан 17-18 жас шамасындағы сақ ханзадасы табылды. Оның киімі, аяқкиімі, баскиімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен

безендірілген. Сол себептен оны Алтын адам деп атайды. Сонымен қатар, ол жерден алтын жүзіктер, қарулар, түрлі ыдыс-аяқтар табылған.

Алматы қаласындағы Республика алаңында қанаты бар барыстың үстінде тұрып басқарып тұрған билеуші бейнеленген «Алтын адам» монументі бар. Монумент – тәуелсіздіктің және мығым мемлекеттік биліктің символы.

Мұғалім: Ал енді балалар енді біз Қазақстан Ркспубликасының ресми емес нышандарымен танысамыз, алдарыңдағы тапсырма бойынша әр ірі қаланың нышандарын анықтап,жабыстырамыз.

ҚБ:Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату. Тапсырманы орындаған балаға критерийларға байланысты дұрыс жауаптарын тиын арқылы бағалау.

Топпен жұмыс.

Әр топтың алдында Қазақстан Республикасындағы ең ірі қалалар мен Тарихи қалалардың атаулары жазылып тұрады.Сол бойынша 3 топқа бөлініп отырады.

1-топ «Астана қаласы»

2-топ «Алматы қаласы»

3-топ «Тарихи қалалары»

Жұмыс ережесін келісу

Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

Уақытты үнемдейміз!

Нақты,дәл жауап береміз!

Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

Әр шағын топты атауына байланысты орналастырып,топтың атауына байланысты,сол қаладағы нышандарды дұрыс тауып, талқылауға және ойларын қағазға немесе тақтаға сызық арқылы қала атауы мен нышандарды қосуға тапсырма беріледі. Уақыт аяқталғанда топ мүшелері қаладағы нышандарымен таныстырып,өз таңдауларын дәлелдейді.

Мұғалім әр топты бағалау критерийлары арқылы бағалап,

тиын таратып отырады.

ҚБ:Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату. Тапсырманы орындаған балаға критерийларға байланысты дұрыс жауаптарын тиын арқылы бағалау.

Бағалау критерийлері:

1.Топтың атауына байланысты нышандарды анықтау

2.Нышандардың атауларын дұрыс табу

3. Нышандар туралы қосымша мәліметтер беру

«Мен ақылды баламын» сергіту жаттығуы.










Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.









Алдыңғы білімді еске түсіруге арналған сұрақтар
























Оқулықпен жұмыс


Электронды қосымшадағы слайдтарды көру

















































Топтық жұмыс



Электронды қосымшадағы слайдтарды көру











Сергіту сәті

«Жақсылық тамшысы»

2 мин



5 мин

Сергіту сәті «Бейне таспа» арқылы балалармен сергіту сәтін жасау.


Белсенді оқу тапсырмалары (жеке жұмыс)

Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау.

Мұғалім:

Жауаптарыңды негіздеңдер. Қазақстанның ресми емес нышандарына өз нұсқаларыңды ұсыныңдар...

Отанымыздың ресми емес нышандарын тауып,олардың атауларын жазып,бояймыз.

Тапсырма:

1)Қазақ халқының аспапты нышандарын тауып жаз және боя.

2) Қазақ халқының өсімдік нышандарын тауып жаз және боя.


3) Қазақ халқының тағамдық нышандарын тауып жаз және боя.


ҚБ:Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату. Тапсырманы орындаған балаға критерийларға байланысты дұрыс жауаптарын тиын арқылы бағалау.

Электронды қосымшадағы тапсырмаларды орындаймыз. Оқушылар оқулықтағы тапсырманы орындайды:


Оқушылар сергіту сәтін жасайды.













Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.



Белсенді оқу тапсырмалары




Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.


Сабақтың соңы

4 мин

Жаңа білім мен тәжірибені қолдану.

Мұғалім: Ол шөп қазақ даласының символына айналған. Оның емдік қасиеті бар. Көптеген ақын-жазушылар ол шөпті өзінің шығармасына қосып, оның иісін туған жердің иісіне балаған. Қай шөп туралы айтып отырмын, балалар! (жусан туралы)

Мұғалім: осы шөп жайлы не білесіңдер? Оқушылар:

Емшан-шөп туралы аңыз кеңінен танымал.

Жусанды «емшөп» деп атаған. Емшан-шөбі аңызында қазақ даласында өсетін жусанның иісін сағынып, жат елдегі алтын тағын тастап, «Туған жерім, қайдасың?» деп туған еліне оралған Бейбарыс сұлтан (қыпшақ) туралы аңыз кеңінен танымал.

Мұғалім: «Жат елде сұлтан болғанша — өз еліңде ұлтан бол!» деген қазақ халқының мақалы бар.

Ресми емес нышандар арқылы ұлттың тарихын, мәдениетін көруге болады. Туған жерінің иісін, жусан шөбінің иісін ұмытқан адамдар, ерте ме, кеш пе, міндетті түрде өздерін жоғалтады, есімдерін де ұмытады.

Жусан шөбі аңызынан сабақтың тақырыбы бойынша қандай қорытынды шығаруға болады?

Мемлекеттік рәміздерден басқа, әрбір елдің ұлттық,ресми емес нышандары болады. Әр елдің нышандары оның тарихымен,мәдениетімен,табиғатымен байланысты болады. Ресми емес нышандарға жануарлар мен өсімдіктер де жатады екен.

ҚБ:Оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату. Дұрыс жауапберген балаға критерийларға байланысты дұрыс жауаптарын тиын арқылы бағалау.

Рефлексия

Әр ақша жинаған бала топтары бойынша бағаланады. Әр топ өз жинаған қорын санап, ең көп ақшасын жинаған топқа бір жұлдыз табысталып, қалған екі топқа тілек айтылады.

Екі жұлдыз, бір тілек














































Оқулықтағы қосымша тапсырмалар.







Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
















«Болашақ» жинақ қоры











Екі тілек – бір жұлдыз


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.01.2019
4517
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі