400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 28 материал табылды

Менің елімнің рәміздері

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұйымдастырылған іс-әрекетінің технологиялық картасы. Ұйымдастырылған іс-әрекеті: Көркем әдебиет Тақырыбы: «Менің елімнің рәміздері»
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Ұйымдастырылған іс-әрекеті: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Менің елімнің рәміздері»

Мақсаты: Өлеңді дауыс ырғағын келтіре отырып оқу, мазмұнын ашу, балаларды еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу, имандылық, адамгершілік тәрбиесіндегі үлгі өнеге сөздерді үйретіп, елді қорғауға баулу.

Көрнекіліктер, қажетті құралдар: елтаңба, ту суреттері, гимн мәтіні, слайд, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар.



Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотовациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері

- Менің Отаным өте сұлу!

-Менің Отаным өте бай!

-Менің Отаным әдемі!

-Мен Отанымды, рәміздерімді мақтан етемін!

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Кіріспе әңгіме.

-Бүгін біз өзіміздің туған жеріміз Отанымыз туралы әңгімелесеміз

-Қазақстан Республикасының рәміздеріне не жатады?

-Елтаңбаның авторлы кім?

-Тудың авторлары кім?

-Гимннің авторлары кім?

-Енді, балалар, ақын Н.Қалқаның «Менің елімнің рәміздері» өлеңімен танысамыз.

Рәміздерім елдігімнің белгісі,

Білу керек бала дағы ең кіші

Рәміздерім елтаңба, ту, гимнді.

Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.

Дәптермен жұмыс.

Дәптердегі тапсырманы балаларға түсіндіру.

Балалармен жеке жұмыс жүргізу.

Сергіту сәті.

Біз кішкентай баламыз

Өсіп өніп толамыз

Күнге қарай талпынып,

Көкке қолды созамыз

Қанат қағып ұшамыз

Қарлығаштай самғаймыз.

Дидкатикалық ойын: «Менің сүйікті қалам»

Ойынның шарты: балалар дөңгелене шеңберге тұрады. Ойын бастаушы «Сүйікті қалаңды ата!» деп допты бір балаға лақтырады. Келесі бала ойынды одан әрі жалғастырады.

Біздің Отанымыз-Қазақстан.







Балалардың жауаптары.







Балалар өлеңді қайталай отырып жаттайды.

Қазақстан Республикасының рәміздері тудың, гимннің, елтаңбаның авторларын қайталайды.



Балалар жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындайды.

Балалар қимылмен сергіту сәтін орындайды.









-Менің сүйікті қалам Астана!

-Менің сүйікті қалам Алматы!

-Менің сүйікті қалам Петропавл!


Рефлекциялық түзетушілік

Қазақстан Республикасының бас қаласы Астана.

Қазақстан қазба байлықтарға өте бай.

Қазақстан Республикасының рәміздерін құрметтеу керек

Балалардың толық жауаптары тыңдалады.

Өлеңді жатқа айтып береді.




Күтілетін нәтиже:


Ойланатын: Қ.Р рәміздерін жатқа айтады.


Түсінеді: Қ.Р рәміздеріне құрметпен қарауды, Отанын қорғау міндеті екенін түсінеді.


Қолданады: рәміздерді мәнерлеп суреттей алады.










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13.12.2022
483
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12