400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Менің елімнің салт дәстүрі

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілері мен жас мамандар үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы:Әлеуметтік орта. Қатынас.

Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы:Менің елімнің салт-дәстүрі.

Мақсаты:

1. Туған елдің салт-дәстүрімен таныстыру. Бесік жыры, тұсау кесу, бесікке бөлеу дәстүрлері туралы түсінік беру.

2. Салт-дәстүрлерге қызығушылықтарын ояту. Еліміздің салт-дәстүрі туралы білімдерін дамыту.

3. Туған халқының дәстүрлеріне деген мақтаныш сезімдерін тудыру. Елінің салт-дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:демонстрациялық материалдар, ұлттық бұйымдар, табаққа салынған шашу, қуыршақ, жұмыс дәптері, қарындаш.

Сөздік жұмыстар:ұрпақ, ата-баба.

Полингвальді: салт-дәстүр-традиции и обряды, ұрпақ-поколение, ата-баба-предки, бесік-колыбель, бесік жыры-колыбельная песня.


Ұйым кезеңі:

Педагог балалармен шаттық шеңбер құрайды.

Қуан, шаттан, алақай! Қуанышты күн бүгін!

Қайырлы таң, балақай!

Күліп шықты күн бүгін!-деп бір-біріне күлімсірейді.


«Үй сыртында қолағаш» ойыны.

Педагог ойын барысында қауіпсіздік шараларына назар аударады.

Балалар дөңгелене қол ұстасып тұрады. Ойын бастаушы орамалды алып, балалардың сыртын айналып жүгіріп, былай дейді:

Үй сыртында қолағаш

Желбау тартам, есік аш.

Қол ұстасып тұрған балалар қолдарын ажыратпайды. Ол-есік ашпағанның белгісі.

Ойын бастаушы:

Үй сыртында қолағаш

Озам десең, ала-қаш-деп, өзі таңдаған баланың арқасынан орамалмен соғып қалып, орамалды тастай сала жүгіре жөнеледі. Орамал алған бала қарама-қарсы жақпен жүгіреді. Екі баланың бұрын жеткені әлгі баланың орнына келіп тұра қалады. Ойын осылай жалғаса береді.

Педагог мақалдар оқиды:

Атадан бала туар, ата жолын қуар.

Бабалар өмірі-ұрпаққа өнеге.


Педагог: -Мақалдардың мағынасын қалай түсінуге болады?

Ұрпақ, ата-баба сөздеріне сөздік жұмысын жүргізеді.

Ұрпақ-тұқым, жұрағат, нәсіл, келешек ұрпақ.



Балалар педагогтің көмегімен мақалдардың мағынасын ашады.

-Келешек ұрпақ ата-бабалардың үлгі өнегесін алып өседі, олардың ақылымен ержетеді.

-Ата-бабаларымыздың жақсы істерінен үлгі алып, солар сияқты еңбек ету керек.


Билингвальды компанент.

Салт-дәстүр-традиции и обряды, ұрпақ-поколение, ата-баба-предки, бесік-колыбель, бесік жыры-колыбельная песня.

Ата-баба-бұрынғы өткен әкелер.

Педагог: -Қазақ халқында ата-бабаларымыз бала тәрбиесіне көп мән берген. Кішкентай балалар өнегелі, тәрбиелі болып өсуі үшін, ұлттық салт-дәстүрді қалыптастырып, мұра ретінде келешек ұрпаққа қалдырып отырған. Бүгінгі оқу іс-әрекетіміз салт-дәстүрлер туралы болды. Салт-дәстүр дегеніміз-белгілі бір рәсім, әр түрлі жағдайларға арналған ұлттық мағынадағы елеулі кезеңдер.

«Омпы» ойыны.

Асықты мұртынан немесе жанбасынан тұрғызуды «Омпы» дейді. «Омпы» ойынына 2-10 балаға дейін қатыса беруіне болады. Ара қашықтығы 10-20 қадам (қалаулары бойынша) жерге 2 көмбе сызылады. Әр қайсысы көмбенің тең орьасына белгіленген сызық бойындағы көнге екі асықтан тігеді. Ортасына бір асықты омпасынан тұрғызады. Көмбедегі сызық бойна кезекке тұрып, қолдарындағы сақаларымен көнге тігілген асықтарды атып түсіруі керек. Атып алған асықтары өздерінде қалады. Егер омпыға тигізсе, көндегі барлық асықтарды алады. Неғұрлым көп асық ұтып алғандар жеңіске жетеді.

Күтілетін нәтиже:

Жаңғырады: қазақ халқының салт-дәстүрлерін сахналайды.

Түсінеді: салт-дәстүрлердің маңызын; ата-бабаларымыздан қалған салт-дәстүрді құрметтеуді.

Қолданады: этнопедагогиканың баланы тәрбиелеудегі рөлін.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 маусым
1420
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі