Бастауыш сынып мүғұғалімі.
Жанбуршина Айнагуль Тыныспаевна.
Жоғары білімді.
«Озерный негізгі мектебі»ММ
«Менің елордам – Астана!»
Ән дарыған далада шыңға айналған Астанам,
Төбесінде жарқырап, күн байланған Астанам!
Жұлдыздары жамырап, ай кетпейтін Астанам,
Қыс та қиып кете алмай, жай көктейтін Астанам...
Ақтарылып ауасы, ағылатын Астанам,
Ертегімсің сен менің шынға айналған Астанам!
Астана – Қазақ елі болашағының қаласы.
Мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы. Еліміздің көгілдір
туы желбіреген тәуелсіздігіміздің ордасы. Жаңа Астанамыздың
құрылысы – жас мемлекетіміздің жасампаздыққа ұмтылысының бүкіл
қоғамымыздың жаңаруының ерекше символына айналған құбылыс. Ғасырлар
бойы бабалар арманын іске асырып, бас аяғы төрт-бес жылда да Астана
салған мемлекет тарихта болған
емес.
Біз жаңа ғасырға, жаңа мыңжылдыққа өркениетті ұлт ретінде, тарих сахнасына егеменді ел ретінде ендік. Әлемдік қауымдастықтың көшіне жеке керуен болып қосылдық. Тәуелсіздігіміздің айғағындай, еліміздің белгісіндей, алтын күндей елтаңбамызды, желбіреген көк байрағымызды көргенде, әуелеген әнұранымызды естігенде бойыңде ерекше бір асқақ азаматтық сезім билейді. Бұны көру сезіну де бір бақыт, маңдайға біткен бақ емес пе?! Аз уақыттың ішінде көркейіп, түрленіп, тәуелсіздігіміздің түлегі, Отанымыыздың жүрегі – Астанамызд да елдігіміздің жаңа беттерін ашқандай, тәуелсіздігімізді шарықтатып тұр. Жастарымыздың болашаққа бастайтын бас қаламыз, арман қала – жас қаламыз – өнер білім мен мәдениеттің, ғылымның ордасына айналуда. Жас ұрпақтың бойына Отанға деген, Астанаға деген ұлтжандықты әр түрлі тәрбие сабақтарында тәрбиелеп, бойына сіңіруге еңбек етудеміз. Елбасы «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса,қазақтың ұлттық мемлекетінің нығайып көркеюі жолында жан теріңді аянбай жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі екеніңді ұмытпа»,-дейді. Жас ұрпақ -еліміздің экономикасын, мәдениетін, білімін көтеретін азаматтар. Жаңа дәуір көшін жалғастыруға, халқымыздың әл-ауқатынның артуына, еліміздің көркейіп нығаюына үлес қосу, басты борыштары деп санаймын.

Абыройы асқан Астана! Әлемді сүйсіндіріп таңғалдырған Астана! Дүниеге даңқы жайылған Астана! Сол қазақ елінің бүгінгі елордасы – Астана қаласы жайлы сыр толғар көңіл түкпірінде жатқан осы бір үш ауыз сөздің дәл осы бір сәтте жүректен үн қатарын қайтерсіз! Тарихтың аса бір қысқа мерзімінде бой көтеріп, әлемнің әрідегі замандарында, яғни ғасырлардан асып түсер кезеңдерден бері астана болып келе жатқан талай да талай бір әйгілі де үлкен қалалардан өзінің сәні мен салтанатын да, сәулеті мен дәулетін де асырып, адамзаттың бүгінгі өркениеті алдындағы өзінің тарихи міндетін адал атқарып, адам баласының жақсылықтар мен татулық, бірлік пен ынтымақтастық және бауырмалдық үмітінің шырағын жағып келе жатқан Астана даңқы әлемге қазақ елінің даңқы болып жайылғандығын да айтқаным дұрыс.
Ел мен жер тағдырын
елеңдетпейтін кезі жоқ. Ертеңге қалдырар, ұрпаққа табыстар
мирас-мұрамыз да, байлық базарымыз да — сол елмен жердің тағдыр
талайы. Арғы бергі аталарымыздың ту көтеріп, туырлық тігер
құттыхана шаңырағының уығын шаншар майлы да жайлы, қой үстіне
бозторғай жұмыртқалардай жұмақ мекен таңдауы тегіннен тегін
болмаған.
Аңыз бен ақиқаттың шындық шырайындай Асан
бабамыздың желмаямен жаһанды кезіп, халқына құт мекен болатын
жерұйықты іздеуінде жан тебірентерліктей сыр жатыр емес пе?
Ұлытаудан басталар ұлы көшіміздің кеңес дәуірі кезінде Астана
қазығын бірде Орынбор, бірде Қызылордаға қадап, одан жасыл желекті,
түсті кілем Алматыға тұрақтауы Мәскеудің пәрменімен болған еді.
Еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін ғана елорданың қай жерде болуын
таңдау мүмкіншілігіне Елбасымыз ие болды. Астанамыздың Қазақстанның
орталығында болуы қай жағынан алып қарасаңда дұрыс шешім еді.
Себебі, Сарыарқа талайды көрді, талайға төзді. Бағзы бабаларымыздың
ақ найзаларын аспанға атқан айбырлы жеңістерінің куәгері
болды.
Енді міне, екі ғасыр тоғысқанда жаңа
мыңжылдықтың табалдырығында өшкен жанып, өлген тіріліп, кеткен есе
түгенделіп, жығылған ту қайта желбіреп, жоғалған елдік оралып,
құлаған орда қайта бой көтергеніне де себепкер болып отыр. Қалай
десекте Астана қазақтың бас қаласы болып, өскелең ұрпақтың
жарқыраған жұлдыздай келешегіне өз үлесін қосары сөзсіз. Шынына
келер болсам өз басым әлі күнге дейін елімнің ақ ордасын өз
көзіммен көрген емеспін. Тек көз алдыма оның әсем көрінісі
газет-журналдардан оқығаным, теледидардан көргендерім елестейді.
Оның қазіргі сәулет өнерінің үлгілеріне сай бой түзеген биік те
сұлу ғимараттары бір кездегі қарапайым облыс орталығын адам
танымастай өзгерткені анық. Қала сұлулығы қай адам баласын болсын
тамсандыратынына күмәнім жоқ. Өйткені, кең жазира далада көсіліп
жатқан кемел сұлулығымен, күміс көлдерімен Есіл, Нұра секілді қыз
бұрымындай тарқатылған өзендерімен өзіне тартады. Сондықтан болар
Астана мен үшін әрқашан салтанаттың қаласы, тасы өрге домалап
тұрған жандардың мекені болып елестейді. Қазіргі таңда астанамыз
әлемдік, іскерлік байланыстың күре тамырына айналып отыр. Оның өзі
Елбасының ізгі саясаты, көрегендігі мен кеменгер ойының жемісі,
арманы, мақсаты, халқының тарихынан нәр алғандығы шығар.
Астанамыздың шаңырағы биікке көтеріліп, уығы нық қадалып, керегесі
келісті жайылды деуге болады. Астана қазірдің өзінде азиялық
байтақтардың арасындағы ең бір еуропалық қала. Нұрсұлтан Назарбаев
Қазақстанның Еуразиялық ел екенін, оның астанасының орасан зор қос
құрлықтың, өкпе тұсында орналасқанын, демек келешекте қаланың
осынау ұлан-ғайыр кеңістіктің қуатты желілері тоғысқан торабына, 21
ғасырдағы экономикалық, технологиялық, ақпараттар тасқынының
арнасына айналатынын атап көрсеткен
болатын.
Астана- бүгін өскелең қала. Кемел де
келісімді ойлардың, ізгі ниет пен игі тілеудің қаласы. Айталық,
қаланы қақ жарған Есіл өзенінің жағалауын кезінде басқан қамыс-
құрақ қаба сақалдан арылып, бетон тақтайшалармен төселген. Есілдің
мәрмәр жағалауынан зәулім ғимараттар салуға да, қаланың орталық
бөлігінде еуропалық үлгідегі шағын орамдар тұрғызуға да орын
жетерлік. Ендеше, шаһардың кейбір кең де түзу көшелері дәстүрлі
шығыс байтақтарын, мәселен, көргендерге Каир мен Делиді
есестететіні сөзсіз.
Еліміздің жаңадан орын тепкен ордасын
көркейту мақсатына орай президентіміз 2001 жылы «Астана жаңа қала»
деген арнайы экономикалық аймағын құрған болатын. Бұл шара Есілдің
сол жағалауына инвестициялар тарату, құрылыста озық технологияларды
пайдалану, сондай-ақ қазіргі заманғы инфрақұрылым арқылы құрылысты
қарқынды түрде дамыту еді. Сол себепті Астанадағы үкімет сарайлары,
құрметті орындар, министрліктер мен қоғамдық ғимараттар аса
көрнекті сәулеттік бейнеге ие болып келеді. Осындай ғажап, өзге
қалалардан ерекшеленіп тұрған Астанамыздың кескін-келбеті Европа
материгінде орналасқан Париж қаласының дәл өзінде жүргендей
сезіндіретін шығар. Парижге барғандар ең алдымен Эйфиль мұнарасын
іздесе Астанаға келгендер биіктігі 97 метрге жететін
«Астана-Бәйтерек» монументін іздейтін сияқты. Осының өзі әлем
төрінен орын алатындай көрініс, шіркін! Бәрін айт та, бірін айт
дегендей барлығынан да бас алаң төріне көз тастаған жан бүкіл
тарихы- бірігу тарихы болған халқымыздың өмірінде келісімді
билігімен, әділ сөзімен, елінің басына ауырпашылық түскенде
шешендігімен алғырлығымен еліне қорған болған, асқан беделге
бөленген дана үш би- Әйтеке, Қазыбек, Төле бас қоса отырған
сәулетті ескерткіш орнатылыпты. Көшелері де тап-тұйнақтай, қазақ
даналарының есімімен
аталады.
Келер ұрпақтың да, жастардың да болашағы бір
өзіңде! Ал сенің гүлденуің солардың қолында. Келешегің жарқын
болсын, халқымның ақ ордасы, көркейіп, биіктерден көріне
бергейсің!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Менің Елордам - Астана"

шағым қалдыра аласыз