Тренинг
тақырыбы:
«Менің ең жақсы қасиеттерім»
Мақсаты: Оқушыларға
адам бойындағы асыл қасиеттер және
жағымсыз қылықтар жөнінде айту, пікірлесу.
Жақсы әдетті үйреніп, жаман әдеттен
жиренуге баулу.
Көрнекілігі: 1.
Қанатты сөздер жазылған.
1.
Қызара білу, ұяла білу – адам бойындағы
ең тамаша адамгершілік қасиет.
Ч.
Дарвин.
2.
Ұйықтар алдында өткен күнде өзіңнің не
істеп, не тындырғаныңды
ой
елегінен бір өткізбей тұрып, көзіңді
жұмушы болма.
Пифагор.
3.
Сырты сұлу адамның,
Болса
ішінің мәні жоқ.
Ұқсамай
ма жеміске,
Сырты
әдемі, дәні жоқ.
Сәкен
Сейфуллин.
Жүргізуші: Ағаштар
шыбық күнінде бірдей көрінеді, бірақ
олар өскен сайын әр қилы сипат танытатындай,
балалар да кішкентай кезінде бір –
біріне ұқсас болса, өскен соң әр алуан
сапада бой көрсетеді. Біреу іскер, бірақ
сыпайы, біреу олақ, бірақ мақтаншақ,
біреу қу, біреуі адал, ал біреуі
әділетсіздікті көре тұра жасырады, ал
енді біреулер ақиқат жолында жан береді.
Бірін- бірі қайталамайтын қырлы- қырлы
адам бойындағы асыл қасиеттер – әрқилы
ортаның, тәрбиенің, жоғарылы төменді
талап, талпыныстар мен ізденістердің
әртүрлі жемістері. Бүгінгі тренингте
осы ойлар туралы пікірлесеміз.
Ұйымдастыру
кезеңі: «Шаттық
шеңбер».
«Амандасу жаттығуы»
қол шапалақтау
«Жан жылуы»
жаттығуы.
Алақандарымызды
бір-бірімізге ұстап , төмендегі
сөздерді хормен айтамыз.
Мен
сенен жылу аламын (сол жағына қарайды)
Жүрегіме саламын (тура қарайды)
Досыма сыйлаймын (оңға қарайды)
Сәттілік тілеймін (тура қарайды)
Оқушылар
сендерден өздеріңнің ең жақсы
қасиеттеріңді айтуды сұраймын.
«Жағымсыз
қасиеттер жәрмеңкесі» жаттығуы
Ойын
ережесі: Шеңберде қатысушылар өздеріне
жағымсыз деген қасиеттерін атайды.
Олардың тізімі тақтаға жазылады. Осылайша
жағымсыз қасиеттер тізімі құрылды
(жалқаулық, асығыстық, артық сөйлеу және
т.б.). Топтың міндеті осы жағымсыз
қасиеттерді қайта қарап, оның тиімді
және жағымды жақтарын табу мен оны
жағымсыз қабылдау себептерін анықтау
болып табылады. Ал жағымды сипаттама
жасап, сол қасиетті қорғап алған қатысушы
оны өзіне алады.
«Менің
ең жақсы қасиеттерім»
Қарамен
жазылған сөздер тақтада жазылып тұрады.
Қатысушыларға
күннің шуақтары таратылады., тақтадағы
сөздерден біреуін таңдап, алдарындағы
параққа жазып беру қажет .Содан кейін
шумақтар жиналады да күннің бейнесі
құрастырылады . Тақтаға әр адамның
таңдауы бойынша қандай қасиеті бар
екені шығып тұрады.
Ұстаз
– баланың инженері
Жақсы
- бірқалыпты адам
Өте
жақсы- барлық істі жақсылыққа жоритын
адам
Білім
– ізденімпаз
Тамаша
- әсерлі адам
Керемет
– жан дүниесі мол адам
Орташа
- қанағатшыл
Көңілді
– көпшіл адам
Әсем
– талғампаз
Шебер
– идея, фантазиясы жоғары
Жұлдыз
– жаңалыққа жаны құмар
Тәтті
– балажан, бауырмал
Қамқор
– қамқорлыққа дайын
Өнер
– Сегіз қырлы , бір сырлы
«Кір
жуу» сергіту жаттығуы
Нұсқау:
Қатысушылар кір жуу қимылдарын жасай
отырып, көңілді әуенге би билейді. Яғни
кірді ысқылап жуамыз, қысамыз, қағамыз
және жаямыз.
4.
«Үлпілдектер» жаттығуы
Шарты
жетекші әр бір оқушыға кішкентай мақтадан
таратып, олар мақтаны көпсітіп, жеңіл
әрі үлпілдек етіп жасайды. Жетекші
белгісінен кейін оқушылар өздерінің
«үлпілдегі» ауада ұзақ ұстап тұрады.
«Құбыр»
жаттығуы
Қажетті
құралдар: А4 қағазы (қатысушылар санына
орай) Ережесі: Қатысушыларға бір А4
қағазы беріледі. Қағазды екі бүктеп
қолдарымен астау, құбыр кейпіне енгізеді.
Барлық қатысушылар қолдарындағы астауша
тәріздер иілген қағазды бір-біріне
қосып беті ашық құбыр жасайды. Дайын
болған кезде нұсқаушы кішкентай допты
жібереді. Қағазды үзіп алмай допты
өткізіп шығулары керек. Доп түсіп кеткен
жағдай ойын қайта басталады. Талдау:ойын
жаттығуы аяқталғаннан кейін қатысушылар
алған әсерлерімен бөлісіп, өз ойларын
ортаға салады.
«Жағымсыз
эмоциялық күйді шығару»
арт-терапиялық
тапсырма орындалды.
Тапсырма
ережесі: Қатысушыларға А4 және
А1/4 қағаз беріледі. Олар А1/4 қағазға
жағымсыз көңіл күйін түсіреді. Сол
қағазды үлкеннің үстіне жапсырып өзінің
қалауы бойынша суретті жалғастырады.
Сурет қатысушының қалауы бойынша, өзі
қалай өзгергерткісі келгенше салынады,
боялады.
Тапсырманы
қорытындылау үшін талқылау сұрақтары
берілді:
- Суретте
ненің бейнесі салынған?
- Осы
суретті салғанда қандай сезімде болдыңыз?
- Бұл
сурет сізге нені көруге әсер етті? т.б.
Жағымсыз
көңіл күйі түсірген А1/4 қағазды қоқысқа
тастау.
«Ақ
тілек» Қорытынды.
Білімді болу- ең асыл қасиет.
Абай
өсиеті.
Ғылым
таппай мақтанба,
Орын
таппай баптанба.
Құмарланып,
шаттанба,
Ойнап
босқа күлуге,
Адамның
басшысы - ақыл, жетекшісі - талап,
шолғыншысы – ой, жолдасы - кәсіп, қорғаны
- сабыр, қорғаушысы - мінез.
Би-шешенде
Сабырлықты
адам өзі тудырмаса, ақылды бола алмайды,
себебі бұл қасиет біреуден сұрап
алатын зат емес.
Қателесу
- адамның төл қасиеттерінің бірі.