Материалдар / Менің еңбегім
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Менің еңбегім

Материал туралы қысқаша түсінік
Менің еңбегім. туралы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қаңтар 2023
248
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мақала тақырыбы: Мамандығым-жүрек қалауым

Әр адам өз мамандығын жүрегінің қалауы бойынша таңдағаны дұрыс,өйткені әр адамның болашағы оның таңдаған мамандығына тікелей байланысты деп ойлаймын.Өз ісін,мамандығын сүйіп,жақсы көріп,үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана адам өзін бақытты сезіеді екен.Мен өзімді бақытты сезінемін,өйткені өзім қалаған,таңдаған мамандығымның иесі болып табыламын.Мен 1998 жыл Қостанай облысы,Меңдіқара ауданы,Соснов жалпы білім беретін мектепке бастауыш сынып мұғалімі болып орналастым.Бұл білім ордасының оқушылары менің бала кезімнен жетелеп келген арманымның орындалуына зор үлесін қосты,осы уақытта жаңа заман,жаңа уақыт,жаңа Қазақстанға лайықты,бәсекеге қабілетті көшбасшы бола алатын шәкірт тәрбиелеп бастағаныма 24 жыл болд,биылғы оқу жылы 25ші оқу жылы болып табылады.Менің шәкірттеріме,жасайтын жұмысыма деген махаббатым-менің еңбектегі,ал оқушыларымның білім алудағы жетістіктерінің көрсеткіші деп санаймын.Білімге алғашқы қадам-бастауыш сыныптан басталады,сондықтан оқушыларға сапалы білім,саналы тәрбие беру жолында білім беру,оқыту мен тәрбиелеудің көптеген заман ағымына сай заманауи әдіс-тәсілдерін,жаңа инновациялық технологияларын пайдаланамын.Логикалық және сыни ойлау қабілеттерін дамыту үшін жас ерекшеліктеріне сай тиімді әдістер,қызықты тапсырмалар мен ақпараттық-инновациялық құралдарды кеңінен қолданамын.Жаңа Қазақстанға лайықты,білімді оқыту мен тәрбиелеу жолын игеру мақсатында өзімде квалификациялық категорияны жоғарлату курстарына,тренинг,коучинг,семинарларға қатысудан шаршамаймын. «Оқуға құштарлық», «Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт»жобасын іске асыру мақсатындаоқушылармен және олардың ата-аналарымен қарқынды жұмысты жүргізілуде: «5 минуттық оқу», «20 минуттық оқу»жұмысы басталды,үзілісте,сыныптан тыс уақытта мектеп қорына келген жаңа кітаптармен танысу жұмысы да бар,кітаптарды алып қана қоймай аптасына бір рет «Менің сүйікті кітабым», «Кітаптар әлеміне саяхат», «Кітабым-қазынам»тақырыптарында әдеби кештер ұйымдастырылады,онда балалар өзара пікір алмасып,оқыған кітаптарын талқылап,ойларын түйіндейді.Орыс классиктерінің қазақшаға аударылған және «Білім Лэнд», «Табиғат», «Ғарыш», «Мамандықтар»туралы кітаптарына оқушылар қатты қызығады.Ата-аналар да балалардың кітапқа құштарлығын қолдағаны дұрыс.Сынып жиналыстарында мен ата-аналардың өздеріне де бос уақыттарында кітап оқуға ұсыныс жасаймын,көбінесе бала тәрбиесіндегі ата-ана рольіне байланысты және бала психологиясын ұғынуға берілген кітаптарды оқуға білдіремін.Кейін кері байланыс ретінде оқылған кітаптарды талқылауды жалғастырамыз. Сыныпта «Ең үздік оқушы», «Кітапқұмар оқушы», «Полиглот»байқауларын өткіздім.Өткен оқу жылында Байбосынова Аяру,Болат Заңғар ең көп кітап оқитын және кітапсүйгіш оқушылар ретінде марапатталды.Менің оқушыларым мектептік,аудандық,облыстық ,республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар мен жарыстардың жеңімпаздары. «Ең білімді ұстаз-2021»халықаралық пән олимпиадасының бас жүлдасін жеңіп,дипломмен марапатталдым.Қазақстан білім беру жүйесінің қызметкерлерінң «Шәкірт жүрегіне жол таба білген Ұстаз»кітабына менің де есімімнің енгенін адал еңбенімнің жемісі,жеңісі деп санаймын.Мені оқушыларымның бастауыш сыныпты бітіргеннен кейін де өз білімдерін жоғалтпай,керісінше толықтырып,жетілдіргені қуантады.Биылғы жылы менің оқушым Тоқтаров Саят «Алтын белгі иегері»болып,Астана медициналық университетке грантқа түскені қатты қуантты.Жаңа Қазақстанда жас ұрпаққа сапалы білім мен тәрбие беруге барлық жағдай жасалған,сол үшін мұғалімдер мен оқушылар және олардың ата-аналарына ығыз ,қарқынды,белсенді жұмыс жасауға барлық жағдай жасалынған. Ұстаз- ретінде ақылдың тозбайтын асылы екенін естен шығармаймын,сондықтан әркез өз білімімді толықтырып,жетілдіруден шаршамаймын.Осы уақытта оқушыларға жоспарланған тақырыптарды игерту барысында заман ағымы мен талабына сай оқытудың тиімді әдіс-тәлдерін пайдаланудамын.Оқушыларым аудандық,облыстық,республикалық «Кенгуру-математика барлығы үшін», «Атамекен», «Пони», «Ақбота», «Олимп мен Мен» тағы басқа да көптеген олимпиадалар мен зияткерлік ойындарға қатысы,жүлделі орындар алып келеді. «Шай дайындау мәдениеті», «Сүт және сүт өнімдері», «Ұялы телефон және оның құпиялары» ,«Құлаққап-сұлулыққа құмарлық па,әлде қамқорлық па?», «Балмұздақ сапасын анықтау»тақырыптары бойынша ғылыми-практикалық конференцияларға зерттеу жұмысын орындау арқылы қатысты.

Адам өз мамандығын жүрек қалауымен таңдаса-бар ынта,күш-жігерімен,үлкен сүйіспеншілікпен және зор жауапкершілікпен жасайтынына көзім жетті,өйткені менің таңдаған мамандығым-менің жүрек қалауым.



»

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!