Менің еңбегім туралы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Менің еңбегім туралы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ен
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

49.09.2021ж.

Сынып:

6 «В» Сынып жетекшісі: Абденкулова Т.Л.

Тақырыбы:

«Еңбек күні»

Мақсаты:

Еңбектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;еңбек жасай білу дағдыларын дамыту,еңбекке қызығушылықтарын арттыру, еңбектенуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.


Күтілетін нәтижелер:

Еңбек етуге деген қызығушылығы оянады;

Еңбексүйгіштікке тәрбиеленеді;

Еңбекті құрметтеуге үйренеді.

Қолданылатын ресурстар:

Интернет ресурстары, бейне жазбалар.

Көрнекі құрал-жабдықтар:

Еңбек туралы мақал – мәтелдер, нақыл сөздер.

Сабақтың өту барысы:

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сабақтың басы              

Сәлемдесу.Оқушыларды түгелдеу.

Жағымды психологиялық дайындық

Қызығушылықты ояту.

Гүл өсірсең терлеп,

Мұның аты – еңбек.

Кесте тіксең зерлеп,

Мұның аты – еңбек.


Сабағыңды жөндеп,

Әзірлесең еңбек.

Қиындықтың бәрін,

Еңбек қана жеңбек!

Өлең шумақтары не жайында деп ойлайсыңдар?

......

«Ой шақыру» әдісі

1.“Еңбек”, “Еңбексүйгіштік”деген ұғымдарды қалай түсінесіңдер?

2.Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

3.Қандай адамды еңбекқор дейміз?

4.Сендердің қазіргі негізгі еңбектерің қандай?


Даңқты шопан, «Дала академигі» Еңбек Ері Жазылбек Қуанышбаев туралы бейнефильм көрсету.

https://www.youtube.com/watch?v=ieAHsT-g2oU


Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындау.

«Егіншілер» «Кәсіпкерлер» , «Дәрігерлер» атты үш топқа бөлу.


Өлең шумақтары не жайында екнін табады.















Сұрақтарға жауап береді.





Оқушылар фильмді көреді.



3 топқа бөлінеді.

Сабақтың ортасы

«Жалғасын тап» әдісі

Еңбек ерлікке жеткізер, …( ерлік елдікке жеткізер )

Еңбек етпей елге өкпелеме, … ( егін екпей жерге өкпелеме )

Еңбек етсең емерсің, … ( ерінбесең жеңерсің )

Еңбегіне қарай — құрмет, … ( жасына қарай – ізет )

Еңбек адамның … ( екінші анасы )

Еңбек – ата, … ( жер – ана)

Еңбек ет те мақтан, … ( ойнап күл де шаттан )

Еңбекке жастан, … ( өнерге бастан )


Топтық жұмыс.

1) Берілген мақал – мәтелдердің мағынасын ашу.

1 топ. «Егіншілер»

Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.

2 топ. «Кәсіпкерлер»

Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті.

3 топ. «Дәрігерлер»

Еңбекпен ер өседі,
Егізден төл өседі.

Еңбексіз ел кезгенің,ар үяттан безгенің.

2) Шығармашылық жұмыс

1 топ. «Егіншілер» Еңбек туралы шағын эссе жазу

2 топ. «Кәсіпкерлер» Еңбек туралы шағын әңгіме құрау

3 топ. «Дәрігерлер» Еңбек туралы 1-2 шумақ өлең құрастыру


Келесі кезекті еңбек туралы жыр шумақтарына береміз.

1-оқушы:

"Адамды адам еткен -еңбек" дейді,
Данагөйдің бұл сөзіне кім сенбейді?!
Шын мәнінде , зер салып түсінгенге,
Еңбек қана адамды алға жетелейді.
2-оқушы:
Еңбекқордың жұлдызы жанар күнде
Табысына қосылар табыс күнде.
Еңбегінің зейнетін ғана көріп,
Шалқып-тасып жүрер ол бұл өмірде.
3-оқушы:
Еңбек қана құтқарады жоқшылықтан,
Еңбек қана жеткізеді тоқшылыққа.
Берекесін келтіріп үй ішінің,
Еңбек қана кенелтеді молшылыққа.
4-оқушы:
Еңбек қана адамды ширатады,
Жалқаулықтың қамалын қиратады.
Абыройың асқақтап ел ішінде,
Өзгелерге өзіңді сыйлатады.

5-оқушы:

Ерінбей əркез еңбектен
Шын еңбек елді тербеткен
Еңбектенбесең егер де
Таппайсың бақыт жер-көктен
6-оқушы:
Еңбекте өшпес арай бар
Еңбектен сол бір арайды ал
Еңбектерінің күшімен
Табысқа жеткен талайлар
7-оқушы:
Шын еңбек етсең емерсің
Еңбек дегенің өнер шын
Ешқашан еңбек еш кетпес
Рақатын оның көрерсің
8-оқушы:
Еңбегін ешке арнаған
Еріншектікті таңдаған
Қол-аяғы аман-сау
Ерінгендерге таң қалам
9-оқушы:
Қай кезде еңбек тыйылған
Ел де еңбекпен құрылған
Құдайдың өзі адамға
Еңбектенуді бұйырған
10-оқушы:
Еңбектен. Оттай жанасың
Бақыттың біліп бағасын
Адал еңбекпен ізденсең
Іздегеніңді табасың.



Мақалдар-мәтелдердің жалғасын табады.










Оқушылар топтық жұмысты орындайды. Мақал – мәтелдердің мағынасын ашады.









Шығармашылық тапсырманы орындайды.





Жаттап келген жыр шумақтарын айтып береді.






Сабақтың соңы

















Кері байланыс

«Сұрақ–жауап» әдісі

1. Сонымен адам өміріндегі маңызы қандай?
2. Еңбектің пайдасы қандай?
3. Еңбек арқылы танылған қандай адамдарды білеміз?
4. «Еңбек – ер атандырады» деген мақалдың мағынасы қандай?
5. Еңбек туралы қандай мақал–мәтелдер бар екен?


Қорытынды: мұғалім сөзі:

Еңбек адамның денесін шынықтырып, мінез-құлқын қалыптастырады. Еңбек ету адам баласынан тапсырылған іске деген табандылық пен ынта-жігерді, құндылықты, тындырымдылық пен жауапкершілікті талап етеді.  Адам ерінбей еңбек ету арқылы қуанышқа, шаттыққа бөленеді. Еңбексүйгіштік, еңбекқорлық және еңбекті бағалай білген адам ғана өмірде құрметке бөленетіндігін түсіндік деп ойлаймын. Қорыта айтқанда, адам тек еңбектің арқасында жетіліп дами бермек.


 

Кері байланыс. «Жүректен жүрекке»

Оқушылар еңбек сөзіне қатысты бір-біріне тілек айтады. Тілек тек бүгінгі тақырыпқа сәйкес болуы керек.


Сұрақтарға жауап береді.

















Оқушылар бір-біріне тілектерін айтады.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
24.08.2023
399
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі