Менің есімім

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Менің есімім

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ тақырыбы:

Пәні: Жаратылыстану

Қалай дұрыс тамақтану керек?

Мектеп: №127 ЖОББМ

Күні :


Мұғалімнің есімі: М.К.Ускенбаева

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

Барлық оқушылар: адамның өсуі және дамуы үшін керек қажет­ тіліктерді анықтау;


Оқушылардың басым бөлігі: қоршаған әлемнің құбылыстарын, үдерістерін және нысандарын зерттеу қажеттілігін түсін­ діру;

Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Ресурстар:

Қазақтың ұлттық тағамы туралы

Күтілетін нәтижелер:

Оқушылар:

қандай азық-түліктің денсаулыққа пайдалы еке­ нін және олардан қандай тамақ әзірлеуге бола­ тынын түсінеді;

дұрыс тамақтану ережесімен танысады;

қазақтың ұлттық тағамдарының атауларын біледі.

Сабақтың мақсаты:

1.2.3.3 адамның өсуі мен дамуы үшін керек қажеттіліктерді анықтау

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер



Оқушыларға алдын ала ұлттық тағам түрлерін алып келулерін тапсыруға болады: қазақ, орыс, украин және т.б. Санитарлық-гигиеналық талап­ тардың орындалуын қадағалауды ұмытпаңыз.


Кіріспе тапсырма. Оқушылардан олардың отбасындағы сүйікті тағамдарды естеріне түсіру­ лерін сұраңыз. Сосын мынадай сұрақтар қойыңыз: Отбасылық мерекелер қалай өтеді? Қандай тағамдарды сүйіп жейсіңдер? Кім аналарына ас әзірлеуге көмектеседі? Ол үшін не істейсіңдер? Не үшін тамақтану керек?




Қалай дұрыс тамақтану қажет? Төмендегі сұ­ рақтарды тақтаға жазып қойыңыз.

  1. Күніне неше рет тамақтану керек?

Мөлшері қандай болу керек?

Қай уақытта тамақтанған дұрыс?

Қай тағамды таңертең, ал қайсысын кешке жеген дұрыс?

Топпен талдап, ой-пікірлерін білдірулерін ұсы­ ныңыз.

Жауабы:

Дастарқанда шұжық, қазы, бауырсақтар, шелпек­ тер, жаңғақтар, жеміс-жидектер.

Күніне төрт рет (немесе бес рет) тамақтану қажет. Мөлшері көп болмауы керек. Үнемі бір мезгілде тамақтанған дұрыс, мысалы: 8.00 — таңғы ас, (11.00 — жеміс-жидек немесе шырын), 13.00 — түскі ас, 16.00 — бесіндік, 19.00 — кешкі ас. Таңғы ас нәрлі болу үшін ботқа және жеміс-жидек жеген дұрыс. Ал кешке жұмыртқа, көгөніс, балықтан жасалған тағамдарды жеген пайдалы.

Шеңбердегі азық-түлік. Оқушылар неліктен шеңбердің ішінде бейнеленген азық-түліктерді­ көп мөлшерде қолдануға тыйым салын­ғандығы ту­ ралы ойлансын. Барлық нұсқаларды тыңдап шы­ ғыңыз. Газдалған тәтті сусындармен шөлді басуға болмайтынын, себебі олардың құрамында көп мөл­ шерде қант болатынын айтыңыз. Тез дайындалатын­ азық-түліктердің де зиянды екенін айтып өтіңіз. Олар туралы сабаққа арналған арнайы материал­ дарды қолдана отырып айтып беріңіз.

Дастарқан

Суреттегі барлық тағам түрлерін ата. Сен олар туралы не білесің? Қалай дұрыс тамақтану керек?


Shape1

Бағалау



Оқушылар қандай азық-түліктен жасалған та­

ғамдар пайдалы болатынын түсінеді.

Әжеңе көмектес. Оқушылар тек пайдалы азық-түліктерден дайындалған тағамдарды бояйды. Тағамдарды­ дұрыс бояған оқушыларды анықтаңыз. Егер оқушылар неліктен дәл осы тағамды таңдағанын түсіндірсе, жақсы болады. Осы тапсырманы орындай алмаған оқушыларға көмектесіңіз.

Жауабы:

Жеміс, көгөніс, піскен ет, қымыз, шырынды бояу керек.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.12.2018
350
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі