Менің гүлзарым.

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Менің гүлзарым.

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты. Менің гүлзарым.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Білім беретін мекеме атауы: Әл-Фараби атындағы №21 маманданырылған гимназия

Педагогтың аты-жөні: Сулейменова Ж.

Пәні: тәрбие сағаты

Күні:

Сынып: 1

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы: «Менің гүлзарым»9 айдағы 9 іс-шара .Жасыл мекен жобасы Қай жерде ойнауға болады және қай жерде ойнауға болмайды.ЖЖЕ

Сабақ мақсаттары:

Оқушыларға гүл түрлері, гүлдердің мекен ету ортасы, ерекшеліктері,табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы мағлұмат бере отырып, табиғатты аялауға ,қорғауға баулу. Эстетикалық талғам мәдениетін қалыптастыру. Балалардың қай жерде ойнауға және қай жерде ойнамау туралы білімдерін кеңейту. Ойын арқылы бағдаршам, негізгі жол, жиек жол, машина түрлері жайында нақтылай білім беру. Қарапайым көшеде жүру ережелерін естеріне сақтау. Өзара сыпайы болуға, ізеттілікке тәрбиелеу.

АКТ

Интерактивті тақта

Құндылыққа баулу

ТАЛАП:ізденімпаз ,жасампаз тұлға

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтің әрекеті

Оқушының

әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басталуы

. Сәлемдесу, түгендеу.

Психологиялық ахуал орнату.

І Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың назарларын сабаққа аудару, құрал - жабдықтарын түгендеу.


Оқушыларды сабаққа дайындау.

Психологиялық «Қысым-және босаңсу» жаттығуы.

Қатысушылартік тұрып өздерінің оң қолдарына барынша қысым туғызады. Бірнеше секунд өткеннен кейін қолын босатады.

Келесі қолына да осындай жаттығу жүргізеді

Жаңа білімді меңгерту. Жаңа сабақ:

ІІ Мақсат қою кезеңі:

Жалғайтын достастырып бар елменен,

Жолдардан тұрады ғой әлем деген.

Бүгінгі бізге келген қонақтарға Жиынымыз басталсын сәлемменен.


Табиғаттың бөлінбес бөлшегінің бірі- өсімдік. Өсімдік адам баласы үшін, ішсе тамақ , кисе киім, жақса отын, малына өріс, өзіне қоңыс болған. Сондықтан бір

тал кессең, он тал ек, Атаңнан мал қалғанша тал қалсын, Көкті жұлма көктей соларсың деген даналық сөздері осы өсімдікті қадірлеп, қастерлеуден туған. жүргізуші.« Гүл-дүние көркі» десек қателеспейміз. Гүлдердің де біздер сияқты жаны бар. Ол адамға үлкен пайда келтіреді. Кейбір гүлдер қоршаған ортаға жағымды энергия бөледі.Әр адамның өзінің сүйікті гүлі болады. Мерекелерді ,туған күндерде, жақсылықта гүл сыйлау –үлкен құрметтің белгісі. Сондықтан бүгінгі тәрбие сағатымыз гүлдер әлеміне арналады.


Оқушылар сабаққа назар аударады.



Сұрақтарға жауап береді











Мадақтау


Ортасы

ІІІ Білімдерін тексеру:

Ой жинақтау: Сергіту жаттығуы.

Біз гүлдерше өсеміз, (Қолдарын жоғары көтереді)

Жапырағы жайқалған.( Құшағын кең ашады)

Сабақтары салалы, (Қолдарды билеу қалпына келтіреді)

Желге ырғалып жайқалған. (Оңға, солға ырғалып қозғалады)

Көктемнің көрікті гүлдерінің бірі-бәйшешек. Кейде оны қарғалдақ деп те атайды. Биіктігі 15 см, ерте көктемде науырыз айының бас кезінде көктеп бүршік жарады. Мен боламын қырларында текеметтің.

Көктемге алғаш көрік әперетін.

Бәйшешекпін, көктесем қар астында,

Қыс ызғарын, қаймықпай көтеретін.

Ыдырады мұз бен қар,

Мен шыққан соң сыналып.

Ала бұлттан жұлдыздар,

Қарағандай сығалап.

Аз өмірдің өзінде,

От жалын боп лауладым.


-Балалар, бүгін «Қай жерде ойнауға болады және қай жерде ойнауға болмайды-?» яғни жолда жүру ережесімен танысамыз.

- Жол ережесін бұзуға бола ма - ?

- Қандай бала жол ережесін бұзбайды - ?

- Жолдың арғы бетіне қалай өту керек - ?

- Тақтада не көріп тұрсыңдар-?

- Үш түсті кім атап береді-?

- Қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын.

Жасыл көзі «жүр»дейді,

Қызыл көзі «тұр»дейді.

Сары көзі «дайын бол»дейді.

Бұл не-? (Бағдаршам).











Дәптермен жұмыс









Жұмбақтың жауабын табады.Баланың ойлау қабілеті дамиды.



Оқушылар сұрақтарға жауап береді







Мұғалімнің ауызша бағалауы







бағалау


Қима қағаздар



Ю ю әрпінің баспа, жазба кестесі, сюжетті суреттер,




Интерактивті тақта





Қима қағаздар

Аяқталуы


Кері байланыс:


«Бір ауыз сөз» әдісіМұғалім сабақты қортындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын,рефлексиясын тыңдайды.

Бүгінгі сабақтан алған білімдерін көрсетеді, айтады.

































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.06.2024
285
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі