400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Менің ішкі әлемім

Материал туралы қысқаша түсінік
І. «Амандасу» жаттығуы Нұсқау: Оң қолымызды маңдаймызға қойып, жан – жағымызға қараймыз. Қатысушылар бір бірінің жүздерін көрмеуі қажет, себебі бәрі бір мезгілде қимыл жасайды. Енді сол қолымызды маңдайымызға қоямыз, қимылымызды қайталаймыз. Сізден әдемі, сізден сенімді ешкімді көрген жоқсыздар. Олай болса өзімізге «мен әдемімін, мен сенімдімін» деп сенім білдіреміз.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Менің ішкі әлемім » тренинг - сабақ

Қатысушылар: 5 а сыныбы

Мақсаты: Оқушылар бойынан қобалжу, мазасыздану сезімдерінен арылуына көмек беру, бойларында сенімділік пен тұрақтылық орнатуға бағыт бағдар, кеңес беру.

Сабаққа қажетті құралдар: қағаз, қайшы, түрлі түсті қарандаштар, музыка т.б.

Сабақтың жүру барысы:

Психолог: Құрметті бүгінгі тренинг қатысушылары!

І. «Амандасу» жаттығуы

Нұсқау: Оң қолымызды маңдаймызға қойып, жан – жағымызға қараймыз. Қатысушылар бір бірінің жүздерін көрмеуі қажет, себебі бәрі бір мезгілде қимыл жасайды. Енді сол қолымызды маңдайымызға қоямыз, қимылымызды қайталаймыз. Сізден әдемі, сізден сенімді ешкімді көрген жоқсыздар. Олай болса өзімізге «мен әдемімін, мен сенімдімін» деп сенім білдіреміз.

ІІ. «Әдемі қорапша» жаттығуы

Мақсаты: қатысушылардың қызығушылық деңгейін және сенім деңгейін анықтау.

Психолог: «Менің қолымдағы қорапшада менің өмірімде ерекше рөл атқаратын, менің өмірім үшін өте маңызды, менің өмірім үшін ең қажет бір зат бар, сіздер оны көргідерің келедіме? Психологтың міндеті – сендіре білу.» (Оқушылар өз қалаулары бойынша ортаға келіп қарауларына болады)

Талдау:

Қалай ойлайсыздар, мен сіздерді сендіре білдімбе?

Немесе сендер сеніп қалғандықтан емес, қызығушықпен қарадыңыздарма?

Психолог оқушыларға адамда әр нәрсе қызығушылықтың болуы дұрыс, бірақ қызықтырғанның барине сене беруге болмайтындықтарына көз жеткізуі керек.

ІІІ. «Керемет дүкен» жаттығуы

Мақсаты: құндылықтардың адам өміріндегі маңызын түсіндіру.

Психолог: мен «Керемет дүкеннің сатушысымын, менің дүкенімде сендерге қажетті құндылықтар сатылады, ол құндылықтарды алу үшін сіздер маған өздеріңіздің қажетті құндылықтарыңызды айырбастайсыздар»

Дүкенде сатылатын құндылықтар: сенім, жеңіс, мақтау, белсенділік, денсаулық, жетістік

Кімге қиын боды? Неліктен?

Неліктен айырбастамадық?

Психолог қатысушылардың ойын тыңдап болғаннан кейін адам өз өміріндегі құндылықты ешкімге және ештенеге айырбастамауы қажет және бағалай білу керектігін айтып өтеді.


ІҮ. «Менің мүмкіндіктерім» жаттығуы

Қатысушылар жеке – жеке берілген ақ парақтарға төмендегі сөздерге жауап жазады:

Істегім келеді

Істей аламын

Істеуім керек

Талдау:

Қатысушылардың ойлары тыңдалады, сұрақтарға оқушылар олимпиадаға дайындығы төңірегінде жауап беруі керек.

Ү. «Түс терапиясы»

Нұсқау: Қатысушыларға өздерінің қалаған түстерін таңдау ұсынылады және неліктен сол түсті таңдағанын түсіндіруі керек. Психолог түстердің адам өміріндегі алатын орнын және таңдау ерекшеліктерін айтып, кеңес береді. (Слайд түрінде көрсетіледі.)

ҮІ. «Би терапиясы»

Нұсқау: Алдын ала дайындалған ақ плакатка адамның табанының суреттері салынады, екі түрлі түспен. Ортаға екі қатысушы шығып, музыкаға ілесе отырып, өз табан іздерінен шықпай билеуі керек.

Қандай сезімде болдыңыздар?

Музыка мен би біздің сезімімізге әсер ете алады ма?


ҮІІ. Топтық шығармашылық жұмыс

І топқа тапсырма : «Менің ішкі әлемім» тақырыбына берілген ақ ватман, түрлі газет журналдардан қиылған суреттерді және скочты пайдалана отырып, сурет құрастыру.

ІІ топқа тапсырма: «Менің болашағым» тақырыбына берілген параққа сурет салу.

Нұсқау: суреттің әрбір бөлігін әр қатысушы салу керек.

ІІІ топқа тапсырма: «Менің арманым» тақырыбына өздерінің шығармашылық қасиеттерін пайдалана отырып, берілген түрлі түсті қағазды қиып, ақ парақа желім арқылы жабыстыру, сурет құрастыру.


Талқылау сұрақтары:

Тапсырманы орындау қиын болды ма?

Тапсырманы орындау барысында негізіг идеяны кім айтып отырды?

Топта кім белсенді жұмыс жасай білді?

Берілген тапсырма бір адамның ойымен ғана шықты ма? Немесе топ мүшелерінің ойы бір жерден шыға алдыма?

(білім алушылардың пікірлері тыңдалып, психологтың сөзімен қорытындыланады)


ҮІІІ. Рефлексия.

Қатысушылардың тренингтен кейінгі сезімдері мен алған әсерлері сұралады.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
03.05.2019
1041
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі