400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Менің жан дүнием» ҰБТ-ге дайындау 11 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға
Материалдың қысқаша нұсқасы

№32 жалпы білім беретін мектеп

жасына дейінгі шағын орталығы бар орта мектеп





Семинар –тренинг

Тақырыбы:

«Менің жан дүнием»

ҰБТ-ге дайындау 11 сынып



Педагог-психолог: Тлеубаева Рая Кадырхановна









№ 32 жалпы білім беретін мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар орта мектебінің педагог-психологінің жоспар бойынша 11 сынып оқушыларын ҰБТ-ке дайындау мақсатында жүргізілген жұмысының бағдарламасы



  1. «Жaқсы тілек хаты»

Мақсаты: дұрыс ұйымдaстыруға, топтың бірігуіне, көңіл күйдің көтерілуіне және өз-өзіне сенімділігін арттыруғу септігін тигізу.


  1. «Біздің өміріміз өзіміздің өмір туралы ойымыздан туындайды» психологиялық релaксация


  1. «Менің жан дүнием және мен қандай адаммын» мінез-құлықты және темпераменттерін анықтау тестін алу.

Мақсаты: адам есімінің сырын ашатын және әр балаға өз темпераменттерін анықтатып, сол темпераментке байланысты қандай мамандық таңдауға болатынына бағдар беру.

  1. Депрессиядан қалай арылуға болады? кеңес беру

  2. Қорытынды. Тілек айту. Aлған әсерін ортаға салу.




























ТAқырыбы: Менің жaн дүнием

Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен шаттық шеңбер құрып, ізгі тілек білдіру. Кездесуімізді Әл-Фарабидің сөзімен бастау «Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты» . Ендеше бүгінгі семинар – тренингімізде біз өзіміздің мінез-құлқымызды, бойымызда қандай жақсы қасиеттеріміз барын білетін боламыз. Сонымен бірге әр қайсымыздың есіміміз неше әріптен тұрса, сонша дыбыс бар, ал сол әрбір дыбыс адамға белгілі бір образды беретіндігі туралы айтамыз. Тренингімізді бір-бірімізге жақсы тілек жазу арқылы бастайық.

1 жаттығу: «Жақсы тілек»

Әр қайсысы өзінің тілегін бір тілім қағазға жазып қорапқа салады. Жүргізүші оны араластырып өздеріне қайта алғызады, яғни өздеріне басқа тілек алып топта оқып оны сақтап қою.

Мақсаты: дұрыс ұйымдастыруға, топтың бірігуіне, көңіл-күйдің көтерілуіне септігін тигізу.

Сұрақ: 1) Тілек жазу қиын болды ма?

2) Сіздің тілегіңізді оқығанда қандай көңіл-күйде болдың?

3) Біздің тренингті жалғастыруға көңіл-күйіңіз жақсы ма?

2 жаттығу: «Жарайсың» жаттығуы

Мақсаты: Стресс кезіндегі қиыншылықта өзіңе-өзің сенімді болуды жетілдіру.

Әдісі: шеңбер бойымен отырып сыртқы және ішкі сезімдерімен бөлісу. (сытқы әдемілігі және ішкі әдемілігі, яғни жан сұлуы және тән сұлуы)

Белгі бойынша өздерінің жақсы жағын айтады кезектесіп. Тыңдаушылар саусағын бүгіп тұрып әр жақсы қасиетті естіген сайын «жарайсың» деп айтады. Егерде өзің туралы тек жаман ойласаң да бәрібір өзіңнің жақсы жағыңды мен осындаймын деп нақтыла. Егерде ұялып, сенімсіз болсаңдар осы жаттығуды орындар кезіңде ішіңнен: «Мен өзімді-өзім жақсы көрем, мен ерекшемін, мен қайталанбайтын жанмын т.б.» қасиеттерді айт. Әр кез сайын сіздің ойыңызға өзіңді жаман бағалау келгенде осылай қайтала ішіңнен дамыт, өзіңді-өзің тәрбиеле іштей «мен жақсымын» деп келесі белгі бойынша орын ауыстыру.

Сараптау: 1) Өзіңнің көп жақсы қасиетіңді есіңе түсіре алдың ба?

2) Өзіңе-өзің «Бұны мен орындай алдым, қолымнан келеді!»

дегенді айта алдың ба?

3) Өте жаман қылық жасағанда өзіңе-өзің не дейсің?

4) Не себептен өзіңе-өзің жақсы қасиетің жайлы айтқан жақсы?

5) Отырған адамнан не үйрендің, не ала алдың?

3 жаттығу: «Біздің өміріміз өзіміздің өмір туралы ойымыздан туындайды» психологиялық релаксация көрсету .

Мaқсaты: Aдaмның өткеніне, қaзіргі кезіне, болшaғынa ой салдыратын сөздер арқылы өміріне ой салдыру және нені дұрыс, нені бұрыс жасап жүргеніне баға бергізу.

4 жаттығу: « Мен қандай адаммын», «Ағаш» психологиялық тест.

Мақсаты: Адам есімі арқылы өздерінің бойындағы қасиеттерін анықтату. Өз аты-жөнін жазу арқылы есімі неше әріптен тұрса, сонша дыбыс бар, ал сол әрбір дыбыс адамға белгілі бір образды беретінін түсіндіру.

Мінез туралы жалпы ұғым

Адамның ісі мен қылығынан көрінетін, оның айналасындағыларға қатынасын бейнелейтін кісінің тұрақты және тұрлаулы жеке өзгешелігі мінез деп аталады. Мінез туа біткен қасиет емес, ол біртіндеп өмір сатысында дамып, қалыптасып отырады.Мінезі мүлде бірдей болып келетін адам болмайды, бірақ өмір сүрген ортасына, қоғамына қарай типтік мінезі болады. Күнбе –күнгі тіршілікте адам әдетте менмен не көпшіл, қайырымды не сараң, биязы не дөрекі, батыл не солқылдақ, табанды ер жүрек не байбаламшыл болып сипатталады. Олай болса, мінез негізінде жеке адамның моральдық- еріктік қасиеттері жатады. Рухани дүниесі бай, қажеттері мен қызығулары, талғамы мен ой-өрісікең, талабы мен мүддесінде қайшылығы жоқ, сөз бен ісі байланысты адамдарды толық мінезді адамдар дейміз.

«Темпераментті анықтау» тест

Әр оқушыға өздерінің темпераментін анықтатып және соған байланысты қандай мамандық таңдауға болатынына сеп білдіру.

Холерик темпераменті. Сәйкес келетін жұмыстың типтері: үлкен энергия жұмсайтын жұмыс түрлері сәйкес келеді. Қиындықтар мен кедергілерді жеңуді ұнатады. Жұмысқа тез кіріседі. Жоспарын іске асыра алады. Біреуге бағынғаннан гөрі өз бетінше жұмыс жасағанды ұнатады. Айтқанынан қайтпайды. Холерикпен жұмыс жасағанда байқау керек, ескертпелердің орынына қателіктерін түзейтін тапсырмалар берген жөн. Холериктер флегматиктермен жақсы жұмыс жасай алады, бірақ екі холерикті біріктіруге болмайды, олар бақталасып, шиеленіске келіп қалуы мүмкін.

Сәйкес келетін мамандық түрлері: телеоператор, әртіс, дипломат, журналист,кәсіпкер, керемет ұшқыштар, каскадер т.б.

Сангвиник темпераменті. Бұл темпераменттің өкілін И. П. Павлов қызу қанды, іскер адам деп санайды. Ол адамдармен тез тіл тауып, шүйіркелесе кетеді, жұтты жатықамайды. Ұжым ішінде сангвиник көңілді, ақ-жарқын, іске бар ықыласымен кіресітін, әуесқой адам. Іске зауқы болмаса, жұмыстан тез суынып кетеді. Сангвиникте эмоция тез пайда болып, тез өзгереді. Оның осал жері-іс жоқ кезде сылбыр күйге түсіп кетеді. Ол онша кек сақтамайды, қазір біреумен ерегісіп қалса, біраздан кейін ашуы тез тарап кетеді. Көңіл –күйі тез өзгергіш ойға жүйрік, өткір тілді, жаңаны тез қабылдағыш, зейінді келеді. Жұмыстың типі: жұмысқа деген үлкен қабілеттілік ортаға тез бейімделеді, бір мезетте бірнеше жұмысты орындай алады. Жаңа жұмысқа үлкен қызығушылықпен кіріссе де тез суып қалады, жаңа бір жұмысқа ауысқысы келіп тұрады. Ұйымдастырушылық қабілеті жақсы. Жауапты және қауіпті жерлерде жақсы жұмысшы. Жаңа мaмaндықтaрды тез меңгере aлaды. Қол aстындaғы сaнгвиник жaқсы жұмыс жасау үшін оның алдына үздіксіз жаңа да қызықты тапсырмалар қою шарт.

Сәйкес келетін мамандық түрлері: менеджер, мұғалім, дәрігер, психолог, тәрбиеші, ұйымдастырушы, сатушы, инженер-технолог, жақсы жүргізуші, із кесуші т.б. Флегматик темпераменті И.П. Павловтың сипаттауынша, бұл барлық уақытта да байсалды, ұстамды, бір қалыпты, табанды және төзімді, еңбекқор адам. Жүйке үдерістерінің тепе-теңдігі мен баяулығы флегматикке қандай жағдайда да болмасын бір қалыпты тыныштықта болуға мүмкіндік береді. Флегматик –салмақты адам, ол күшін босқа сарп етпейді, бастаған істі аяғына жеткізеді. Ол бәспелікті сүймейді. Жұртпен қарым –қатынасы да бір сарынды жүріп жатады. Баяулық пен селқостық- флегматиктің осал жағы. Оған ырғалып-жырғалуға, жиналып-қамдануға біраз уақыт қажет. Дегенмен, бұл қасиет мінездің тұрақтылығын көрсетеді, істі аспай-саспай тыңғылықты аяқтауға мүмкіндік береді. Флегматиктер ұзақ уақыт жұмыс істеуге сабырлықпен әрекет етуге төзімді болады.

Жұмыстың типі: флегматик жұмысқа да, оқуға да жайбасар. Дайындық кезеңіне көп уақыты кетіп қалады. Шыдамдылығы мен табандылығы арқасында үлкен жетістіктерге жетеді. Бір сарынды жұмысты сүйеді. Лидер, ұйымдастырушы болуды қалай қоймайды. Жұмыс жағдайы өзгере қалса еңбек өнімділігі тез төмендеп қалады. Асықпай шешім қабылдауға жақсы. Қол астында флегматиктер жұмыс жасайтын болса, олармен үнемі белсенді байланыста болу керек, мадақтап, түрлі жұмыстарға тартқан жөн. Адамдармен араласқаннан гөрі компьютермен жұмыс жасағанды ұнатады. Егер медицинаны таңдаса, онда хирургтен гөрі жақсы терапевт шығады. Сәйкес келетін мамандық түрі: бухгалтерия, экономика, агроном, инженер, жүргізуші, ғылыми –ботаник, астроном, физик, математик, электрик. Меланхолик темпераменті. Бұл типтің өкілдері аса сезімтал, соның салдарынан жаны тез жараланғыш келеді. Меланхоликтер тұйық, қиын жағдайлардан жол тауып шығуға олақ, адамдармен оқшау жүргенді ұнатады. Ол қауіпті жағдайлардан қорқады.

Жұмыстың типі: меланхоликтердің жұмысқа қабілеттілігі көңіл-күйлеріне байланысты, тез шаршап қалуы мүмкін. Қиындықтары мен қысымы мол мамандықтар қайшы келеді. Жаңа ортаға қиын бейімделеді. Жұмыста меланхоликтерге үнемі қолдау мен демалыс қажет. Олар өте байқампаз. Халықпен жұмыс жасайтын мамандықтар, және өз бетінше компьютермен жұмыс жасаған оларға ұнайды.

Сәйкес келетін мамандық түрлері: педагог, өнер, сәнгер, композитор, жазушы, мал дәрігері, геолог, агроном, зоотехник, радиомеханик.

Темпераментке байланысты қарым-қатынасқа түсуі

Сангвиник- көңіл көтергіш, әзілқой.

Холерик- өзіне бағындырады,үстем, айтқанынан қайтпайды.

Флегматик – Салмақты, байсалды

Меланхолик- тәуелді, ойын ашық айтпайды

Тестің қорытындысын сол жерде белгілеп, әр оқушыны таныстыру.

Депрессиядaн қaлaй арылуғa болaды?

  1. Торықпaңыз. Есіңізде болсын, адамның ішкі жағдайы, көңіл-күйі өзгермелі, депрессия ерте ме, кеш пе өтеді де қуанышты, сергек көңіл-күй келеді. Депрессия міндетті түрде өтетініне әр уақытта сену керек.

  2. Құтқарушы құралыңыз сияқты ішімдікке немесе темекіге ұмтылғаннан пайда бар ма? Өмірде одан да басқа көптеген денсаулыққа зияны жоқ, депрессиядан шығаратын тәсілдер бар, олар – жақсы әуен, достармен әңгіме, спорт, серуен, көңіл көтеру және т.б.

  3. Сіздің көңіл-күйіңіздің нашар болуының себебі неде екенін түсінуге тырысыңыз. Мүмкін, бұл белгілі адамдармен таласта, жеке басыңыздың шешілмеген мәселелеріне, шаршауыңызға немесе көп уақытқа созылған стреске байланысты болар. Мұндай жағдайда Сізге өте ауыр әсері бар негізгі себептерді болдырмағаны жөн болар еді. Оларды ең болмаса азайтуға не сол мәселелерге өзіңіздің қатынасыңызды төмендетуге (азайтуға, өзгертуге) міндетті түрде тырысу артық емес. («Ал, маған бұл керек те емес», «Не болса, сол болсын!», «Бұл туралы мен ертең ойласам да болады!»).

  4. Көбінесе депрессияға себепкер болатын – жыл мезгілі. Мысалы, көптеген адамдар үшін, көктем айы – психологиялық қатынастың ең қиын кезеңі. Бұл мезгілде шаршауға, өзіңізге «көптеген істерді» жүктеуге болмайды. Өзіңіздің денсаулығыңызды күтудің үлкен мәні – витаминдерді қабылдау, таза ауа, бірқалыпты және уақтылы ұйқы болған жөн.

  5. Өзіңізді ойландыратын мәселелерге қайталап соқпауға тырысыңыз. Өмірдің үйреншікті ырғағына түспеңіз, бірақ шаршамаңыз.

  6. Көңіл-күйіңіздің қолайлы сәттерінде, Сіздің өміріңізде болған қуанышты және жағымды кездерді, сол бір бақытты уақыттардың кішкене бөліктеріне дейін еске алу. Қолайлы жағдайларды қайтадан бастан өткізгендей сезіну пайдалы.

  7. Өзіңіздің таныстарыңызбен достарыңыздың арасындағы әңгіме кезінде бейтарап тақырыпта сөйлескен жөн. Өз мәселеріңіз туралы «ойламауға» тырысыңыз. Әйтпесе Сіз өз жағдайыңызды ауырлатасыз.

  8. Ең бастысы: депрессия кезінде маңызды шешімдерді қабылдамаңыз. Бұл мезетте көптеген мәселелер бұрмаланған қалыпта қабылданады. Адам қызбалықпен әрекет жасауы мүмкін. Ол туралы соңынан өкініп немесе өзінің қате жібергенін, кінәсі бар екенін сезінуі мүмкін.


Қорытынды сұрақ беру арқылы кері байланыс орнату

1.Бүгінгі тренингтен қандай әсер алдыңдар?

2.Тренингтен не ұнады не ұнамады?




Темперaментті aнықтaу

Аты – жөні : ____________________ Сыныбы_______

Берілген пікірлердің ішінен өзіңізге тән дегенін белгілеңіз.

  1. А) Мазасыз, күйгелексіз

Б ) Көңілді, ақжарқынсыз.

В ) Сабырлы, байсалдысыз.

Г) Ұйалшақ, қысылып- қымтырыласыз.

  1. А ) Ұстамсыз, қызбасыз

Б) Белсенді іс те ширақсыз.

В) Ретті, нақтысыз

Г) Жаңа ортада ыңғайсызданасыз.

3 А) Шыдамдысыз.

Б) Бастаған істі аяқсыз қалдырасыз.

В) Сақ, парасаттысыз.

Г) Жаңа адамдармен тіл табысу сізді қиналдырады

4 А) Қарым – қатынаста бірбеткей, тік мінездісіз.

Б) Өзіңізді асыра бағалайсыз.

В) Шыдамсыз.

Г) Өз күшіңізге сенбейсіз.

5 А) Батыл, белсендісіз

Б) Жаңашыл нәрсені тез қабылдайсыз.

В) Үндемейтін, көп сөйлегенді жек көресіз

Г) Жалғыздықты ұнатасыз.

6 А) Бірбеткейсіз.

Б) Ықылас бейімділігіңіз тұрақсыз.

В) Аспай- саспай бір қалыпты сөйлейсіз.

Г) Сәтсіз жағдайларда үнжырғаңыз түсіп, сасасыз.

7 А) Дау – дамайда тапқырсыз

Б ) Сәтсіздік, көңілсіздікті тез жеңесіз

В) Ұстамды, шыдамдысыз

Г) Өз ойыңызбен отырғанды қалайсыз.

8 А) Тәуекелге бейімсіз.

Б) Әр түрлі жағдайларға тез бейімделесіз.

В) Бастаған істі аяғына дейін бітіресіз.

Г) Тез шаршап қаласыз.

9 А) Іске анда – санда ғана араласасыз.

Б) Кез келген жаңа іске қызығушылықпен кірісесіз

В) Күшіңізді бекерге жұмсамайсыз.

Г) Тым әлсіз сөйлейсіз, кейде тіпті естімей қалады

10 А) Қайтымы жылдам, секемшілсіз.

Б) Тартымсыз болса, көңіліңіз тез қалады.

В) Қойылған күн тәртібін ұстанасыз.

Г) Еріксіз әңгімелесушінің мінез- құқымен үйренесіз.

11 А) Шапшаң, әсерлі, бірақ жиі тоқтап сөйлейсіз.

Б) Жаңа іске тез кірісесіз, басқа іске де араласып кетесіз

В) Шапшаңдығыңызды басып отырасыз.

Г) Істе шапшаңдық танытпайсыз


Темпераментті анықтау тестінің кілті. Әр нұсқаға «1» ұпай беріледі. А – Холерик – ыстыққанды.Б- Сангвинвк, жеңілқанды. В Флегматик - Суыққанды. Г – Меланхолик, ауырқанды.




















Ағаш

Сіз қандай екенсіз?

Өзіңізге ұнайтын ағашты таңдаңыз





Ағашты таңдап болсаңыз, өзіңіз жайлы мына психологиялық тестпен танысыңыз.


1. Жомарт және адамгершілігі жоғары жансыз. Сіз үнемі үздік болуға талпынасыз. Кеудемсоқтық қасиетіңіз де жоқ емес. Жұрт сырттай сізбен тіл табысу қиын деп түсінеді. Олай емес, тек сіз өзіңізбен-өзіңдің табысуыңыз оңай шаруа емес. Сіз үнемі белсенді жұмыс атқарасыз. Бірақ өзімшіл емессіз. Сіз өз әлеміңізді әдемілендіру үшін тынбай жұмыс жасайсыз. Сіз біреуді жаныңызға жара салғанша жақсы көресіз. Ал содан кейін... содан кейін де жақсы көруден танбайсыз. Сіздің ісіңіздің қадіріне жетіп жүрген жандар аздау.

2. Еліктіргіш және шыншыл адамсыз. Сіз біреуге көмектесуге қашан да даяр тұратын жауапкершілігі жоғары жансыз. Сіз адал жұмыс жасауды жақсы көресіз. Қандай да бір жұмысты өз міндетіңізге алудан қашпайсыз. Сіздің мінезіңіз көпке ұнамды. Сізде үнемі көптің көңілінен шығатын қызықты әңгіме таусылмайды. 

3. Ақылды және ойшыл жансыз. Сіз сөзсіз ой адамысыз. Сіздің идеяңыз бен ойларыңыз өте маңызды. Сіз жалғыз қалғанда көп ойға берілесіз. Өзіңіздей үнемі ой үстінде жүретін жандармен сұхбат құрудан қашпайсыз. Сіз өзіңіз дұрыс деп жасаған нәрсені жасайсыз. Оған көпшілік бір ауыздан келісе қоймауы да мүмкін. 

4. Зерек жансыз. Сіз өз ортаңызда сирек кездесетін жалғыз адамсыз. Сізбен қатар тұрар жан жоқ. Тіпті  сізбен салыстыруға тұрарлық жан да... Сізді көбі дұрыс түсіне бермейді. Сондықтан ондай жандардың ісі сізді үнемі ренжітеді. Сізге жеке кеңістік құру қажет. Шығармашылығыңызды байыта түсіңіз. Өйткені жұрт сізді шығармашылығыңыз үшін де қадірлейді. 

5. Сенімді жансыз. Сіз тәуелсіз жансыз. "Бәрін өзім жасаймын" деген қағиданы ұстанасыз. Тек өзіңізге ғана сенесіз. Сіз жақындарыңыз үшін қалай сенімді болудың құпиясын білесіз. Жұрттардан бар тілеріңіз - олардың сізге адал болуы. Өйткені сіз адал адамдарды бағалайсыз, шындықты сүйесіз. 

6. Мейірімді және сезімтал жансыз. Сіз адамдармен оңай қарым-қатынас орнатасыз. Досыңыздың саны көп. Олардың өмірін жақсарту үшін қолыңыздан келгенін аянып қалмайсыз. Сіз бар жерде кейбіреулер өздерін артық сезінеді. Сіз махаббатқа сенесіз, онсыз өмірдің мәні жоқ деп ұғасыз. 

7. Бақытты және өзін-өзі еркін билейтін жансыз. Сіз адамдарды айтқызбай-ақ ұғатын кішіпейіл адамсыз. Әр адам өмірде өз жолын салуы керек деп түсінесіз. Сіз кез келген шараны, оқиғаны да қорқынышсыз қарсы аласыз. Көп мазаланатыныңыз тағы бар. Үнемі бос уақытты тиімді өткізесіз. 

8. Әдемі және қайратты жансыз. Сіз көңілді де күлдіргі адамдардың қатарынансыз. Егер әңгіме қандай да бір оқиға жайында өрбіп жатса, үнемі "Қолдаймын" деп қол көтеруге дайын жүресіз. Сіз таңқалудан да, таңдандырудан да жалықпайсыз. Бәрін біліп алғыңыз келіп тұрады. Егер сізге бір нәрсе қызық болса, соның жай-жапсарын анықтағанша байыз таппайсыз. 

9. Жолы болғыш адамсыз. Сіз үшін өмір - сыйлық. Сол сыйлықты сәтті пайдалану керектігімен бас қатырасыз. Өмірде қолыңыз жеткен жетістікпен марқаясыз. Жаныңызға жақын жанмен бар қуанышты бөлісуге әзір тұрасыз. Кешіре де, кешірім сұрай да аласыз. 



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 мамыр
1194
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі