400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Менің жанұям»

Материал туралы қысқаша түсінік
*Барлық дауысты және дауыссыз дыбыстардың сөйлемде анық, таза, әрі түсінікті айтуға үйрету. *Сурет бойынша әңгіме құрастыру. Отбасы, отбасындағы тұрмыс туралы айта білу дағдыларын дамыту. *Балалардың үлкендерді құрметтеуге, мейірімділікке, әдептілікке тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Менің жанұям»

Мақсаты-міндеттері: :

*Барлық дауысты және дауыссыз дыбыстардың сөйлемде анық, таза, әрі түсінікті айтуға үйрету.

*Сурет бойынша әңгіме құрастыру. Отбасы, отбасындағы тұрмыс туралы айта білу дағдыларын дамыту.

*Балалардың үлкендерді құрметтеуге, мейірімділікке, әдептілікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, саусақ жаттығуы, логикалық ойын.

Көрнекіліктер: Отбасы мүшелерінің суреттері, үлестірмелі суреттер.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: Отбасы мүшелерінің суреттерін қарау.

Полингвизм: Ата-дедушка-grandfather; Әже-бабушка-grandmother; Әке-папа-father; Ана-мама-mother .

Оқу қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Балалардың

іс - әрекеті

Мотивация-лық қозғаушы

Шаттық шеңбері:

Алақанды ашайық,

Күннің нұрын салайық,

Таза ауадан салайық,

Достық мейірін салайық,

Жүрек жылуын салайық,

Осы жақсы лебіздерді

Бір-бірімізге сыйлайық.



Балалар шаттық шеңберін тұрып, тәрбиешімен бірге сәйкес қимылдар жасап орындады.

Іздену ұйымдастырушы

«Менің отбасым» тақырыбына әңгімелесу.


Шаңырақ- отбасының белгісі. Әр адам, үлкен болсын, кіші болсын өз үйін жақсы көреді, себебі ол үйде оның отбасы тұрады.

Отбасы –дегеніміз бір үйде тұратын адамдар.

Отбасы мүшелері: әке, ана және олардың балалары.

Отбасының болуы-үлкен бақыт.

Сергіту сәті:

Отбасы-ол бақыт,

Отбасы-ол ата-ана,

Отбасы-туыстарымыз,

Отбасы-ол шаңырақ.

-Әр адамның өз үйі болады. Онда оның отбасы мүшелері тұрады.

Олар ата, әже, әке, ана, әпке, аға, іні, қарындас.

Суретпен жұмыс.

Отбасы бейнеленген суреттен оның мүшелерін айтқызу.

Полингвизм: Ата-дедушка-grandfather; Әже-бабушка-grandmother; Әке-папа-father; Ана-мама-mother .

Логикалық ойын: « Ретімен орналастыр»

Шарты: Отбасы мүшелерін үлкенінен кішісіне қарай ретімен орналастырулары тиіс.

Балалар өз отбасылары туралы айтты.



Барлығы тәрбиешіні мұқият тыңдады.



Сергіту сәтін қимылмен орындады.



Суреттен әңгіме құрап айтты.

Туыстық атаулардың үш тілде баламасын айтты.

Отбасы мүшелерін ретімен орналастырды.

Рефлексивтікоррекциялаушы


-Балалар отбасы мүшелеріне кімдер жатады?

-Отбасы –дегеніміз не?

«Менің жанұям» саусақ жаттығуын орындату.

Бір үйде біз нешеуміз?

Кел, санайық екеуміз.

Бас бармағым-әкем,

Балаң үйрек-анам,

Ортан терек-ағам,

Шылдыр шүмек-мен,

Титтей бөбек сен.

-Жарайсыңдар, балалар! Өте жақсы.

әке, ана және олардың балалары.

Отбасы –дегеніміз бір үйде тұратын адамдар.


Балалар саусақ жаттығуын қимылмен орындады. Жаттап алды.

Мадақтауға қуанды.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Балалар өз отбасы туралы толық әңгімелеуді білді.

Қандай түсініктерді игерді: Барлық дауысты және дауыссыз дыбыстардың сөйлемде анық, таза, әрі түсінікті айтуды түсініп игерді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Ойын арқылы отбасы мүшелерін ретімен орналастыру дағдысын меңгерді.















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
31.03.2019
588
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі