400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Менің жанұям

Материал туралы қысқаша түсінік
Жанұсына деген құрмет
Материалдың қысқаша нұсқасы

№2 «Еркетай» ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу

іс-әрекетінің технологиялық картасы



Күні: 02.02.2015 ж.

Білім беру саласы: «Таным»

Бағдарлама тараулары: Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: «Менің жанұям»

Мақсаты: жанұя мүшелерін дұрыс атай білуге, әңгіме құрап айтуға үйрету; үлкендерді құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу; өз отбасы өмірінен кейбір жағдайларды анық, реттілікпен, байланыстыра сипаттап, дұрыс сөйлей білу қабілеттерін дамыту; бөлшектерден сюжетті сурет құрастыруға машықтандыру.

Құрал жабдықтар: от басы мүшелерінің суреттері.

Билингвалды компонент: жанұя, отбасы – семья - family, ата – дедушка - grandfather, апа – бабушка - grandmother, әке – отец - father, ана – мать - mother, аға – брат - brother, әпке – сестра - sister

Іс -әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті


Мотивациялық-

қозғаушы

  • Балалар, таңертен топ ішіне кірсем, мен дайындаған суретті біреулер қиып тастапты. Міне, қарандаршы, мұнда кесілген қағаздар жатыр. Қалай ойлайсыңдар, осылай істеуге бола ма? Маған көмектесесіңдер ме?

Өз ойларын айтады.


Бөліктерден сюжетті суретті құрастырады.


Іздену - ұйымдастырушы










Бүтінделген суретті тақтаға іледі.

-Балалар, қарандаршы, мен бүгін сендерге мынадай сурет әкелдім. Бұл суретті қалай атасақ екен?

Жұмбақтар

-Ал, сендер, жұмбақ шешкенді жақсы көресіңдер ме?

Қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер кім туралы айтылғанын табаңдар.

Мені жақсы көреді,

Ертегі айтып береді.

-Оны қалай білдіңдер?

-Ал сендердің әжелерің не істей алады?

Көзілдірік киеді

Көп – көп ертек біледі.

Тарамдайды сақалын,

Таяқ үстап жзүреді.

-Ол кім?

-Ал сендердің аталарың қандай?

Өз нұсқауларын ұсынады.


«Отбасы», «Менің жанұям»


Жұмбақтарды шешеді.




Сұрақтарға жауап береді.



Еркелесем, күлімдейді,

Ұрысқаны білінбейтін.

Маңдайымнан сипап мені,

«Құлыншағым, күнім» дейтін.

-Ол кім?

-Өз аналарың туралы айтып беріндерші.

Атамның ол баласы,

Әжемнің де баласы.

Жаралғандай құрыштан,

Қалмайды бір жұмыстан.

-Ол кім?

-Ал сендердің әкелерің қандай?


Сергіту сәті «Отбасы»


Сөздік жұмыс: жанұя, отбасы – семья - family, ата – дедушка - grandfather, апа – бабушка - grandmother, әке – отец - father, ана – мать - mother, аға – брат - brother, әпке – сестра - sister


Шығармашылық сәт

«Менің отбасым» әңгімесі

Балаларды «Өнер орталығына» алып барып, өздерінің отбасының суреттерін салуды ұсыну.

Балаларға жетелеуші сұрақтар қоя отырып, өз отбасылары туралы әңгімелетеді.

Мақал – мәтел

Ата – балаға сыншы

Әдепті бала – арлы бала.



Сұрақтарға жауап береді.










Жұдырықтарын ашып, жұмады.


Жаңа сөздермен танысады. Жеке, хормен айтады.



Салған суреттерін көрсетіп, өз отбасы туралы әңгімелейді.



Отбасы туралы мақалдарды айтады.


Рефлексивті– коррегиялық


«Ыстық доп» ойынымен сабақты қорытындылайды.

Допты ұстаған балаға оқу іс-әрекетінде немен айналысқандары туралы сұрақ қояды.

Балалардың еңбегін бағалап, мадақтайды.


Допты ұстап алған бала қойылған сұраққа толық жауап береді.


Күтілетін нәтиже:

Білу керек: отбасы мүшелерін құрметтеп, сыйлауды.

Болу керек: жанұя мушелерінің аттарын ажыратуды.

Істей білу керек: туыстарын сүюді, құрметтеуді, мақтан етуді.


Дайындаған: А.Б.Бекишева

Тексерілді: Ж.А.Зейноллаева

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 ақпан
845
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі