
Мустафа Жансая Камбарқызы
Менің жеке жетістіктерім және кәсіби даму бағытым
Әр адамның өмір жолы – өзін іздеуден, үйренуден және алға ұмтылудан тұрады. Мен де осы жолда өз орнымды табуға, болашағымды саналы түрде қалыптастыруға тырысып келе жатқан жаспын. Жеке жетістіктерім мен кәсіби даму бағытым — бүгінгі еңбегімнің нәтижесі әрі ертеңгі мақсаттарымның бастауы.
Мен үшін ең үлкен жетістік - өзімді дамытуға деген ұмтылысым. Уақыт өте келе мен білімнің тек оқу үшін емес, өмірде дұрыс шешім қабылдау үшін қажет екенін түсіндім. Осы түсінік мені жауапкершілікке, ізденіске және өзіммен жұмыс істеуге үйретті. Әрбір жаңа тапсырма мен үшін тәжірибе жинаудың, ой-өрісімді кеңейтудің бір мүмкіндігіне айналды.
Жетістік бір күнде келмейді. Ол – табандылық пен еңбектің нәтижесі. Оқу барысында қиындықтар да кездесті, бірақ сол сәттерде берілмей,алға ұмтылу маңызды екенін ұқтым. Қиындықтар мені шыңдап, өз күшіме деген сенімді арттырды. Мен уақытты тиімді пайдалануды, алдыма нақты мақсат қойып соған жетуге талпынуды үйрендім.
Кәсіби даму бағытымды таңдауда мен өз қызығушылығымды және болашақта қоғамға пайдалы болу идеясын негізге аламын. Мен үшін кәсіби даму – тек мансап немесе қызмет емес, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, үнемі дамуға дайын тұлға болу. Болашақта алған білімімді тәжірбиемен ұштастырып, өз саламда білікті маман атануды мақсат етемін.
Қазіргі заман үздіксіз өзгеріп келеді. Сондықтан жаңа білім мен дағдыларды меңгеру – уақыт талабы. Мен осы талапқа сай болу үшін өзіммен жұмыс істеуді, ізденуді тоқтатпаймын. Осы мақсатта Есіл университетінде қаржы мамандығында білім алып, теориялық білімімді тәжірибемен ұштастыруға ұмтыламын. Себебі әрбір жасалған қадам – менің болашағыма салынған берік негіз.
Осы бағыттағы қабілетімді сынап, өзімді одан әрі дамыту мақсатында мен Bilim-Orkeniety ұйымдастыратын, Астана қаласында өтетін «Үздік студент» республикалық байқауына қатысуға бел будым. Бұл байқау мен үшін тек жарыс емес, өз мүмкіндіктерімді бағалап, жаңа тәжірибе жинауға, сондай – ақ жеке және кәсіби тұрғыда өсуге берілетін маңызды мүмкіндік деп санаймын.
Мен үшін студенттік кезең – болашаққа дайындықтың ең маңызды уақыт. Осы кезеңде қалыптасқан көзқарас, еңбекке деген қатынас пен жауапкершілік сезімі алдағы өмір жолыма тікелей әсер етеді. Сондықтан мен әрбір мүмкіндікті бағалап, білім алумен қатар өзімнің жеке қасиеттерімді дамытуға мән беріп келемін. Белсенді болу, өз ойымды ашық жеткізе білу және бастамашылдық таныту – қазіргі заманда табысты тұлғаның басты ерекшеліктері деп есептеймін. Осы қасиеттерді бойыма сіңіру арқылы мен өзімді жан-жақты дамытуға ұмтыламын.
Қорытындылай келе, менің жеке жетістіктерім – бұл үлкен марапаттар емес, бірақ саналы таңдау мен үздіксіз дамудың нәтижесі. Ал кәсіби даму бағытым өзіме сену, еңбектену және алған білімімді тиімді қолдану. Мен болашағымды өз қолыммен қалыптастыра алатыныма сенемін.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Менің жеке жетістіктерім және кәсіби даму бағытым
Менің жеке жетістіктерім және кәсіби даму бағытым

Мустафа Жансая Камбарқызы
Менің жеке жетістіктерім және кәсіби даму бағытым
Әр адамның өмір жолы – өзін іздеуден, үйренуден және алға ұмтылудан тұрады. Мен де осы жолда өз орнымды табуға, болашағымды саналы түрде қалыптастыруға тырысып келе жатқан жаспын. Жеке жетістіктерім мен кәсіби даму бағытым — бүгінгі еңбегімнің нәтижесі әрі ертеңгі мақсаттарымның бастауы.
Мен үшін ең үлкен жетістік - өзімді дамытуға деген ұмтылысым. Уақыт өте келе мен білімнің тек оқу үшін емес, өмірде дұрыс шешім қабылдау үшін қажет екенін түсіндім. Осы түсінік мені жауапкершілікке, ізденіске және өзіммен жұмыс істеуге үйретті. Әрбір жаңа тапсырма мен үшін тәжірибе жинаудың, ой-өрісімді кеңейтудің бір мүмкіндігіне айналды.
Жетістік бір күнде келмейді. Ол – табандылық пен еңбектің нәтижесі. Оқу барысында қиындықтар да кездесті, бірақ сол сәттерде берілмей,алға ұмтылу маңызды екенін ұқтым. Қиындықтар мені шыңдап, өз күшіме деген сенімді арттырды. Мен уақытты тиімді пайдалануды, алдыма нақты мақсат қойып соған жетуге талпынуды үйрендім.
Кәсіби даму бағытымды таңдауда мен өз қызығушылығымды және болашақта қоғамға пайдалы болу идеясын негізге аламын. Мен үшін кәсіби даму – тек мансап немесе қызмет емес, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, үнемі дамуға дайын тұлға болу. Болашақта алған білімімді тәжірбиемен ұштастырып, өз саламда білікті маман атануды мақсат етемін.
Қазіргі заман үздіксіз өзгеріп келеді. Сондықтан жаңа білім мен дағдыларды меңгеру – уақыт талабы. Мен осы талапқа сай болу үшін өзіммен жұмыс істеуді, ізденуді тоқтатпаймын. Осы мақсатта Есіл университетінде қаржы мамандығында білім алып, теориялық білімімді тәжірибемен ұштастыруға ұмтыламын. Себебі әрбір жасалған қадам – менің болашағыма салынған берік негіз.
Осы бағыттағы қабілетімді сынап, өзімді одан әрі дамыту мақсатында мен Bilim-Orkeniety ұйымдастыратын, Астана қаласында өтетін «Үздік студент» республикалық байқауына қатысуға бел будым. Бұл байқау мен үшін тек жарыс емес, өз мүмкіндіктерімді бағалап, жаңа тәжірибе жинауға, сондай – ақ жеке және кәсіби тұрғыда өсуге берілетін маңызды мүмкіндік деп санаймын.
Мен үшін студенттік кезең – болашаққа дайындықтың ең маңызды уақыт. Осы кезеңде қалыптасқан көзқарас, еңбекке деген қатынас пен жауапкершілік сезімі алдағы өмір жолыма тікелей әсер етеді. Сондықтан мен әрбір мүмкіндікті бағалап, білім алумен қатар өзімнің жеке қасиеттерімді дамытуға мән беріп келемін. Белсенді болу, өз ойымды ашық жеткізе білу және бастамашылдық таныту – қазіргі заманда табысты тұлғаның басты ерекшеліктері деп есептеймін. Осы қасиеттерді бойыма сіңіру арқылы мен өзімді жан-жақты дамытуға ұмтыламын.
Қорытындылай келе, менің жеке жетістіктерім – бұл үлкен марапаттар емес, бірақ саналы таңдау мен үздіксіз дамудың нәтижесі. Ал кәсіби даму бағытым өзіме сену, еңбектену және алған білімімді тиімді қолдану. Мен болашағымды өз қолыммен қалыптастыра алатыныма сенемін.
шағым қалдыра аласыз













