400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Менің жетістігімнің формуласы

Материал туралы қысқаша түсінік
өз жетістігім туралы эссе
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Менің жетістігімнің формуласы» Республикалық үздік эссе байқауына қатысу туралы

Өтініш- сауалнама

1

Автордың фамилиясы, аты, тегі

Уатаева Карлыгаш Сабырлиевна

2

Туылған күні, айы, жылы

26.10.1974

3

Жұмыс орны

Жамбыл облысы Меркі ауданы

4 Тілеміс батыр жалпы білім беретін мектеп

4

Лауазымы

Бастауыш сынып мұғалімі

5

Педагогикалық өтілі

25 жыл

6

Категория

Жоғары

7

Телефон

87023022621

8

E-mail

Karla-26.74@mail.ru





































Менің жетістігімнің формуласы



Білім негізі бастауышта

«Бала балқытылған алтын,

қандай қалыпқа құйып, қандай мүсін

жасаймын десе де, мұғалімінің өз қолында»

К.Д.Ушинский


Иә, Мұғалім болу менің бала кезімдегі асқақ арманым еді. Бұл мамандықты таңдауыма менің ең алғашқы ұстазым Тоқтарова Шайзада апай себепші болды. Ол кісінің сөйлеу мәнері, киім кию стилі, оқушылармен қарым –қатынасы, сабақ түсіндірудегі шеберлігі мен іскерлігі осы күнге дейін көз алдымда.Алғашқы ұстазым сияқты бастауыш сынып мұғалімі болсам, кішкентай балалармен жұмыс істесем деп армандап, бала күнімде топырақтан бор жасап, темірге жазу жазып,өзімнен кішілерге ұстаз болып ойнаушы едім.Енді міне сол арманымның орындалуына да себепші ата –анам 1989 жылы Балқаш педагогикалық училищесіне бастауыш сыныптарды оқыту мамандығы бойынша оқуға түсуіме ықпал жасады.1993 жылы педучилищені аяқтап қолыма диплом алып, ауылға Меркі ауданы Ақтоған ауылы №4 Тілеміс батыр жалпы білім беретін мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып қабылдандым.Мектеп табалдырығын аттаған кішкентай бүлдіршіндерге білім беріп келемін.Білім беру әрқашанда бастауыш сатыдан басталатыны мәлім. «Бала балқытылған алтын,қандай қалыпқа құйып, қандай мүсін жасаймын десе де, мұғалімінің өз қолында» - деп К.Д.Ушинский бекер айтпаған.Кішкентай бүлдіршіндерді оқуға үйрету мен тәрбиелеуге оның жеке тұлға ретінде өзін-өзі ашып жалпы дамуына жағдай жасаудың алғашқы сатысы.Буыны қатпаған бүлдіршін жас шыбықтай, қалай тәрбиелеп, білім берсек солай өседі.Оқушылардың білуге,оқуға деген ынтасын жоғалтып алмай, білімге деген құштарлығы мен қызығушылығын арттырып одан әрі дамыту, бастауыш сынып мұғалімінің құзырында.Заман ағымына сай балаға білімді жаңа технология элементтері, ойындар, түрлі әдіс- тәсілдер арқылы сабақты түрлендіріп өткізуге тырысамын. Оқушылардың болашағы жарқын болу үшін,шығармашыл, құзіртетті, жаңашыл ұстаз болу керек. «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан» деп қазақтың ұлы ақыны Абай атамыз айтқандай, мұғалім мамандығын жүрегіммен қалағандықтан, ұстаз деген атқа лайықты болуға тырысып,оқушылардың бойына адами құндылықтармен бірге білімге деген құштарлығын оятуда өмір бойы білім алуға бел буып, алға мақсат қойдым. «Мұғалім өз білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» деп К.Д. Ушинский айтқандай үнемі өз білімдерімді жетілдіріп, арнайы курстарға барып отырамын.

«Бастауыш сыныптарда компьютерді қолдану» курсына барып, интернет желісі арқылы қызықты тапсырмаларды интерактивті тақтада қалай орындату керектігін меңгердім.Өзім үйрене отырып оқушыларға үйреттім. Сатылай кешенді талдау курсының үш үйренушілік кезеңінде аяқтап, балаларға қазақ тілі әдебиеттік оқу пәндері бойынша сабақ үдерісімді өзгерте отырып оқушылардың сөздік қорын, тіл байлығын, сөйлеу мәнерін, ойлау қабілеті мен талдау жұмыстарын дұрыс орындауына ықпалымды тигізіп отырдым. Кембридж бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру ІІІ базалық деңгейлік курсты тамамдап « Мұғалім- көшбасшы, бағыт беруші » екенін түсіндім. Оқушылармен жеке, жұптық , топтық жұмыстарда қалай тапсырманы орындау керектігін түсіндіріп бағыт беру үшін « Жақсы жоспар- жеңістің жартысы» демекші ең әуелі өз іс тәжірибемде жасап, жұмыстарымды дұрыс жоспарлауды қолға алдым. Сабақтың мақсаты және күтілетін нәтижені, бағалау түрлерін іске асыра отырып оқушыларды өз ойын еркін айтуға,бағалау критерийлері арқылы тапсырмаларды жүйелі дұрыс орындауына ықпалымды тигіздім.Оқушылардың сабаққа деген белсенділігі артты, қызығушылығы оянды, оқушылардың қарым -қатынасы жақсарды. Жақын арадағы даму аймағы дұрыс жолға қойылды.Әр оқушы өзің көшбасшы санауына көмектесіп, ықпал еттім.

« Жай мұғалім хабарлайды,

Жақсы мұғалім түсіндіреді,

Керемет мұғалім көрсетеді

Ұлы мұғалім шабыттандырады» демекші ұлы мұғалім болуға бар ынта зейінімді салып отырамын. Білім беру мен білім алудағы жақсы тәсілдер ол оқушылардың оқуға қабілетін жақсартуға мүмкіндік береді.Білім берудің негізін түсіну, білім беру стилін назарға алып, өмір бойы өзін- өзі оқытудың қажеттілігін мойындап, оның әдістерін таңдап, өзінің шығармашылық таланттары, оларды барынша жақсы пайдалану жолдарын зерттеп, анықтап, оқу үдерісі үшін, өзін- өзі тану әдісі ретінде оқуды жақсы көру. Әрбір сабақ мұғалімнің шығармашылық жұмысы, сол себепті әр сабағымды оқушылардың есінде қалатындай етіп жоспарлап, түрлендіріп отырамын. «Жаңартылған білім мазмұны аясында біліктілік курсты аяқтап» оқушылармен жұмыс істеп келемін. «Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептерде педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы бойынша «Мектеп тренері» курсын аяқтадым.

«Егер мұғалім өн бойына өз ісіне шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса, ол- нағыз ұстаз» демекші алған білімдерімді, іс әрекетте, іс тәжірибеде көрсетіп, жаңа әдіс тәсілдер арқылы сабақ жоспарлауда нәтижелі оқу еңбегіне уақыт көбейіп, сабақта жаңа материалдарды игеруге деген көзқарас күшейіп, сабақ сұраудың жоспарлы жүйелі түрі күшейіп, сапа артатынына көзім жетті.

«Мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек. Оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек» деп А. Байтұрсыновтың өсиетіне сай, мұғалім оқушының алдында терең білім, жан -жақты білікті тұлғасымен даралану қажет.Ұстаз үнемі шығармашылық жұмыспен айналысып, үнемі ізденіс үстінде болса, оқу жүйесінде жаңа технологияны, тиімді әдіс -тәсілдерді пайдаланса, шәкірттерінің білімдерінің нәтижесін көретіні анық.

2017-2018 оқу жылында сыныбым 1 сынып болды. Оқушыларым өте жақсы белсенді, қызығушылықтары жоғары болды. Оқушылардың белсенділігін арттырып, қызығушылығын ояту мақсатында қашықтықтан өтіп жатқан байқауларға қатыстырдым.

Абай атамыздың «Қыс» өлеңін көркем жазуда Республикалық «Көркем жазу » байқауына 2 оқушым қатыстырып, алғас хат пен ІІІ орынды иеленіп дипломмен марапатталды.Халықаралық «Балалық шағымның аспаны» жас таланттар байқауында «Менің сүйікті мульткейіпкерім» атты байқауға бес оқушым қатысып, екі оқушы І орын, екі оқушы ІІ орын, бір оқушы ІІІ орынға ие болды. Бір оқушым Республикалық Ғұмыр Дария Ваколға қатысып Қола жүлдегер атанды. Халықаралық таланттылар І Халықаралық Ә. Қастеев 115 жылдығы «Сиқырлы қылқалам» суретшілер байқауына бір оқушы қатысып ІІ орынға ие болды. Республикалық «Менің әлемім» атты үздік эссе байқауына екі оқушы қатысып, ІІІ орынды иеленіп, дипломдармен марапатталды. Оқушылармен бірге ізденіп, шығармашылықпен жұмыс істей отырып өзім де дипломдар мен алғыс хаттарға ие болдым. «IQ» Интеллектуалды орталығының Мадақтамасы, «Парасат» Республикалық «Менің әлемім» үздік эссе байқауында, «Дарынды бала» «Балалық шағымның аспаны» Халықаралық жас таланттар байқауында және Халықаралық таланттылар І Халықаралық Ә. Қастеев 115 жылдығы «Сиқырлы қылқалам» суретшілер байқауында белсенділік танытқаным үшін Дипломдармен марапатталдым. Республикалық шығармашылық «Үздік ашық сабақ» байқауында І орын, Халықаралық «Біз тәуелсіз елдің ұрпағымыз» үздік сабақтар бәйгесінде ІІІ орынға иеленіп, Алғыс хат алдым. Қазақстан Республикасының орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында Сауат ашу пәні бойынша Облыстық «Үздік ашық сабақ» байқауында кәсіби шыңдалған шеберлігі үшін ІІ дәрежелі Дипломмен, «Ұстаздық еткен жалықпас..» атты республикалық онлайн байқауына қатысып, «Креативті» қысқа мерзімді жоспар үшін ІІІ дәрежелі Дипломмен марапаталдым. Пони халықаралық байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дайындағаным үшін Дипломға ие болдым. Оқушыларым да, өзім де қашықтықтан өтіп жатқан олимпиадаларға қатысып, орындарға ие болып, сертификаттар алдық. Оқушылармен бірге аянбай еңбек етіп, шығармашылық жұмыстармен айналысу нәтижесінде мектептің «Үздік сынып жетекші» және «Шығармашыл ұстаз» номинациясына ие болдым. Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Құрмет грамотасы және Меркі ауданының әкімінің Құрмет грамотасына ие болдым.

Өзін-өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын мұғалім ғана шығармашыл тұлға бола алады. Әр мұғалім өз ісіне деген сүйіспеншілік пен өз шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті бір - бірімен ұштастыратын болса, онда сол мұғалімнің шығармашылығы шыңдалып, мәртебесі биікте болары сөзсіз.

«Мұғалімнің бүкіл мақтанышы шәкірттерінде, өзі шашқан ұрықтарының өсіп өнуінде» демекші, мен өз мамандығыммен және шәкірттеріммен мақтанамын.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
09.05.2019
669
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі