400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Менің жетістігімнің формуласы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақтың талантты ақыны Мағжан Жұмабаев «Адам жаңа¬шыл: жаңа үстіне жаңа тілейді, жаңа¬дан жаңаға құмар келеді. Адам әсемшіл: әсемнен әсем, сұлудан сұлу таңдайды» дейді. Бұл құнды ой арқылы жаһандану заманын¬да адамзат ескі сүрлеумен жүре бер¬мей, ілгерілеуге, өзгеруге ұмтылуы қажеттігін айтқан. Себебі, бұл – заман талабы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы

«№46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі



















Менің жетістігімнің формуласы

ЭССЕ









Каракеева Айжан Абдильдаевна























2019 жыл

Менің жетістігімнің формуласы

Қазақтың талантты ақыны Мағжан Жұмабаев «Адам жаңа­шыл: жаңа үстіне жаңа тілейді, жаңа­дан жаңаға құмар келеді. Адам әсемшіл: әсемнен әсем, сұлудан сұлу таңдайды» дейді. Бұл құнды ой арқылы жаһандану заманын­да адамзат ескі сүрлеумен жүре бер­мей, ілгерілеуге, өзгеруге ұмтылуы қажеттігін айтқан. Себебі, бұл – заман талабы. Мектепте оқушы­лар­­дың сыни тұрғысынан ойлау дағ­ды­ларын қалыптастыруда, олардың әрқай­сысының ерекшелігін еске­ре және ынтымақтастық ортада білім алуын қамтамасыз ете оты­рып, озық ел­­дер­дің қатарына енуіміз керек. Яғни жаңар­тылған білім беру жағдайында зама­науи мектеп бас­шысы жоғары нәти­жеге қол жеткізу үшін ынтымақ­тас­­тық ортада бірлескен жұмыс істей­тін табысты көшбасшы болуы ке­рек. Ин­но­вациялық басқарудың нәти­же­сінде ғана біз болашақтың тізгінін ұс­т­ай­тын функционалдық сауатты XXI ға­сыр­дың жаңа буын өкілін тәрбиелей аламыз. Осы ретте заманауи мектептердің көшбасшысының рөлі қандай? Негізгі көшбасшы - мектеп директоры. Ал мектеп директоры - мектепті білім беру ұйымы ретінде оның Жарғысына және ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес басқаратын лауазымды тұлға. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес, мектепті жүйелі білім беру (оқу-тәрбие) қызметімен және әкімшілік-шаруашылық жұмыстарымен қамтамасыз ету міндеті директорға жүктеледі. Ол мектеп ұйымының жұмысына байланысты шешімдер қабылдайды, оған қажетті моральдық-психологиялық, материалдық-техникалық және басқа да жағдайлар жасайды, ұжыммен бірге оқу орны қызметін жетілдіруді, дамыту стратегиясын, мақсаттар мен міндеттерді белгілейді. Мектеп басшысының қызметі лауазымдық міндеттерінен бөлек әрбір нақты жағдайға, басқару әрекеттерінің әрқилы түрлеріне, сондай-ақ, маман ретіндегі өз жұмысына (сараптаушы, диагностикалаушы, жоспарлаушы, жобалаушы, бағдарлама жасаушы, ұйымдастырушы, жетекші, көшбасшы, үйлестіруші, оқытушы, зерттеуші, тәрбиеші, заңгер және т. б.) байланысты «рөлдік репертуарын» да сипаттайтынын ескеру керек. Қазіргі мектеп директорының  ең басты талабы – білім берудің уақыттан озық, инновациялық сипатын қамтамасыз етуі. Бұл үшін бүгінгі күні маңызды, ертең мұнан да маңызды болатын міндеттерді алға қойып, оларды шешу жолдарын табуы шарт. Директор – мектептегі бірінші тұлға. Бұл оны стратегиялық тұрғыдан ойлауға, алысты көре білуге, басқарудың жетілдірілген жүйесін жасауға міндеттейді. Директор лауазымы осы тұрғыдан алғанда кәсіби әрі іскер инновациялық менеджер қызметімен сәйкес келеді. Басшының қызметі тиімді болу үшін ол, ең алдымен, ұжымның жағдайын талдай білуі керек. Өз қол астындағылардың мінез-құлық мотивтерін түсініп, оларды өнімді еңбекке жұмылдыруы, кәсіби тұрғыдан өсуге ынталандыруы қажет. Жұмысты оңтайлы түрде бақылап, қызметкерлердің мүмкіндіктері мен ынта-ықыласын дұрыс бағалауы, ұжымда қайшылықтардың алдын алып, ол орын ала қалған жағдайда дер кезінде шешіп отыруы, жеке өзіндік ерекшеліктер мен нақты жағдайларды ескере отырып іскерлік қарым-қатынас жасай алуы шарт. Бұл жеке басқаруға байланысты директорға жүктелетін жұмыстардың азын-аулақ бөлігі ғана. Жаһандану заманында өз тілін, салт-дәстүрін жоғалтып алмай, жаңа ғасыр бәсекесіне түсе алатын, «өзгермелі өмірге икемді» бала оқытып, тәрбиелеу - жаңартылған білім беру бағдарламасының негізгі идеясы.

Қазіргі уақытта мектеп директоры – білім беру және басқару процестерінің менеджер – ұйымдастырушысы. Басқару жөніндегі менеджер – ұйымдастырушының басты функциялары қандай? Шешім қабылдау функциясы. Ол даму стратегиясының таңдалып алынуына, ресурстардың бөлінуіне, оперативті қызмет түрлерінің жүзеге асуына жауап береді. Басқару шешімдерін қабылдауға қажетті ақпараттарды жинайды және талдайды. Қазіргі заманғы ақпараттық және білім беру технологияларын, мультимедиялық жабдықтар мен интерактивті құралдарды, коммуникация құралдарын қолдануға қабілеттілігін танытады. Ақпараттарды нақты әзірлеп, орындаушысына дейін жеткізеді. Мектептің ішкі және сыртқы қарым – қатынастарын қалыптастырады, мұғалімдер соңына еретіндей көшбасшы болады, парызды сезінеді және өз ісіне деген адалдығын танытады. Адамдармен қарым-қатынаста адал болу және серіктестерге сену, өз ойларын жеткізе білу және орнықты дәлелдей алу, білім беру процесіне қатысушылармен ізгі адамгершілік қарым-қатынаста болу, өзінің физикалық және рухани күш – қуатын тез қалпына келтіру қабілетіне ие болуы керек.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту – Ел Президентінің жолдауында айқындалған тапсырмаларының бірі. Осы орайда елімізде «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы әзірленгені белгілі. Онда сан салаға ақпараттық технологияларды енгізудің қадамдары тайға таңба басқандай көрсетілді. Цифрлық қызмет денсаулық сақтау, білім беру ісінде де қолданылады. Атап айтар болсақ, Kundelik.kz, Bilim Land, Ұлттық білім беру деректер қорының тиімділігінің нәтижесін көріп отырмыз.

Жылдармен жаңаланып, ақпараттар ағынымен ілесіп, заман талабының биігінен көрініп жүрген, тарихы терең білім ұяларының бірі - №46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейі. Бұл мектептің негізі 1950 жылдың қазан айынды қаланған. 2011 жылы заман талабына сай оқушыларға инновациялық білім беру ісін жүзеге асыру мақсатында №46 А.С.Пушкин атындағы мектепке аудан әкімінің өкімімен мектеп-лицей статусы берілді. 2018 жылдың қаңтар айынан бастап осы мектепке басшылық жасап келемін. Мектеп-лицейдің ішкі жабдықтау жұмыстарын жаңа заманауи талаппен нәтижелі жүргізуді мақсат еттім. Мектеп-лицейде жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша оқу кабинеттері жүйеленіп, арнайы «Тәуелсіздік шежіресі», «Тілдер әлемінде», «Математика әлемінде» залдары, «Тағзым алаңы» және робототехника, IT сыныптары, туған жердің флорасы мен фаунасын бейнелейтін жасыл бұрыш пен шахмат алаңы жасақталып, шәкірттердің заманауи, озық технологиямен білім алуына жағдай жасадым. Елбасы Н.Назарбаевтың жариялаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Атамекен», «Мектебіме тағзым» жобаларын жүзеге асыру мақсатында мектеп тарихынан сыр шертетін «Жаңғыру» түлектер музейін ашу бастамасын көтеріп, тарихи мәліметтер мен тың деректерді, түлектер жетістіктерін жүйелеп жинауды жолға қойдым. Тарихы терең білім ордасы бүгінде көне тарихқа айналып бара жатқан әр сәтін саралап, мәдени бағытын жаңғыртып, болашаққа берік бағдар алды. Мектебіміздегі осындай жаңалықтар көпшіліктің көңілінен шығып, Республикалық «Хабар 24» телеарнасының жаңалықтар бөлімінен және облыстық «Кызылординские вести» газетінің беттерінен орын алды. Мұражайдың ашылуына сүбелі үлестерін қосқан «Алси» компаниясының жетекшісі, мектеп түлегі - Талғат Баймағанбетов, Шиелі орталық базар директоры Әбдіғани Шорабаев, қамқоршылық кеңестің мүшелері Амангелді Абдрахманов, Болат Күлімбетов сынды айтулы азаматтарды ерекше атап өтуге болады. Әрине, жақсы бастамалар қиындықсыз болмайды. Тарих қойнауына кеткен мәліметтерді жинақтау, қаржылық қиындықтар – өз кедергісін тигізсе де, мақсатқа жету жолында ұжым ауызбіршілігімен күрмеулі мәселе шешімін тапты.

Осы мектептегі «Жаңғыру» мұражайының ашылуы 2017 жылдың қаңтар айында №153 Ш.Есенов атындағы мектеп-лицейінен бастау алған болатын. Бұл инновациялық мектепте де мұражай ашып, шахмат алаңын ұйымдастырып, мектеп ауласына Ш.Есеновтің бюсті орнатылып, ауданның әлеуметтік-экономикалық өсіп-өркендуіне ықпал етіп, аудан қаражатынан 11 млн теңге үнемделуіне септігімді тигіздім. Мемлекет және қоғам қайраткері, геология – минерология ғылымдарының докторы Ш.Есеновтың 90 жылдық мерейтойы қарсаңында аудан әкімінің алғыс хатымен және Қызылорда облысы әкімінің алғыс хатымен,

Латын қарпін дәріптеу мақсатында латын әліпбиін қолданып, үштілді кітап- энциклопедиясын жарыққа шығаруға қолдау көрсеткенім үшін «BIRINSHI» төсбелгісімен, 2018 жылы «Білім беру ісінің үздіг»і төсбелгісімен марапатталдым.

Ойын – адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Шахмат ойыны арқылы оқушылардың математикалық ойлауын, логикасын, зейінін шоғырландыру қабілетін дамытуға болады. №153 мектеп-лицейінде де шахмат алаңын ұйымдастырдым . Бұл игі іс-шара республикалық шахмат федерациясынан қолдау тапты.

Қазіргі қызмет жасап жүрген №46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейі - инновациялық білім беру бағытындағы озық білім ордаларының бірі. Тек соңғы он жылдың бедерінде мектеп қабырғасынан жиырма үш алтын белгі иегері түлеп ұшты. Жаратылыстану және политехникалық бағытта терең білім беретін мектеп базасы заман талабына сай технологиялармен жабдықталған. Бүгінде мұнда мың үш жүзден аса оқушы білім нәрімен сусындауда.Ұстаздардың мақтанышы - білімпаз шәкірттер. Өткен жылдың нәтижесімен мектепті бітірген елу екі түлектің отыз сегізі еліміздегі ЖОО-ның білім грантын жеңіп алды. Оқушыларымыз үлкен жетістіктерге жетіп, ғылыми жобалардан жүлдегер атанып келуде. Биылғы оқу жылында біздің мектебімізде 43 түлек білім алып, оның 37-сі ҰБТ-ға қадам басқалы отыр.Мектеп оқушылары республикалық, облыстық пәндік олимпиадалардан үнемі үздіктер қатарынан көрініп жүр, талай білім бәйгелерінде оза шауып, жүлдемен оралуда. Келер жылы білім ордамыз 70 жылдық белесті бағындырмақшы.

Көшбасшы болуға ұмтылған жан қол қусырып отыруға жол бермес. Өз өмірінің басым бағыттарын өз ынта-ықыласына сәйкес белгілейді. Алға қойған мақсаттарым арқылы жетістіктерге жетуде өз ережелерім көрініс таптым.

  • Білім, тәрбие процесінің, педагогикалық қызметтің сапасын арттыруға бағытталған ықыласпен іс-әрекеттерді ынталандыру

  • Мұғалімдердің кәсіби талап-тілектері мен мотивацияларын ескере отырып, олардың тиісті дағдылары мен қабілет-қарымын дамыту

  • Жаңалықтар жаршысына айналып, ұжымды шығармашылық ұжымға айналдыру

  • Білім беру және басқару процестерінде менеджер-ұйымдастырушы болу

  • Адам ресурстарымен жұмыс жүргізу және кадр саясатын қолға алу

Адам өмірі қилы белестерден, қиян асулардан тұратыны белгілі. Сол асуларды еңбекпен еңсеріп, жоғары білім мен біліктің, биік ой мен өршіл өренің, мектебім деп соққан жүректің арқасында білім саласында ұшы қиыры жоқ, қиындықтары мен қызықшылықтары қатар жүретін ұстаздық қызметімді мақтан етемін . Қайырымдылық, адамгершілік, ізгілік сынды асыл қасиеттерді шәкірт жанына күн нұрындай құйып, білім көкжиегіне жетелеген ынта-жігерімді уақытпен санаспай, ұжыммен бірлесіп әлі талай асуларды бағындыратыныма сенімім мол.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 мамыр
864
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі