Материалдар / "Менің жүрегімдегі колледж" Эссе
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Менің жүрегімдегі колледж" Эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
Менің жүрегімдегі колледж,Эссе,студенттерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Ақпан 2021
559
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

МД-11

1-ші курс студенті

Турсынбеков Бек



Менің жүрегімдегі колледж

Мен 9-шы сынып бітіріп,қолыма негізгі білім туралы куәлік алғанда Қазақстан Еркін колледжіне өзім қалаған мамандығыма құжат тапсыратымды көз алдыма елестетіп едім. Менің жүрегімнің түкпірінен орын алған колледж көпқабатты,заманауи жабдықтармен жабдықталған, сандық технологисы жеткілікті, өз мамандығын жанындай сүйетін білікті де, инабатты,парасатты, мейірімді,жан-жақты ұстаздары ,жауапкершілігі мол,жаңашыл студенттері бар колледж болатын. Сол колледжге өзімнің туған қаламда ұқсайтын колледж осы Қазақстан Еркін колледжі еді. Мен аталған колледжке түсіп, студент атанғаныма шексіз қуаныштымын.Менің бірінші тобым мен топ кураторы Гулбақыт Қаблашевна мен армандаған колледжге сай келіп еді, бірақ өкінішке орай мен екі аптадан кейін басқа топқа ауыстырды. Бірінші тобым өте тату еді,біз бір-бірімізбен желіде танысып, Ата Заң күні қаламыздың көрікті жерлерінің бірі Арбатта кездесу ұйымдастырып, танысып, дос болып кеттік.Басқа топқа ауыссам да мектеп табалдырығын аттағаннан кейінгі ең бірінші тобым болғандықтан ол топтың студенттері маған ыстық, хабарласып тұрамыз.

Әр бала жақсы мамандық иесі атанғысы келеді,жақсы маман болуды армандайды.Менің әулетімде бухгалтер мамандығы бойынша қызмет атқаратын адам жоқ. Ата-анам-мұғалімдер. Олар маған педагогикалық колледжге түс деп үгіттеді. Бірақ,мен қалаған маманлық бухгалтер мамандығы.Мен 3 жасымнан шахмат ойнаймын,әртүрлі деңгейлі жарыстарға қатысып,шахматтан талай мақтау қағаздарын алып,жеңімпаз атандым, логикалық ойлау,әр қадамыңды алдын ала ойластыру бухгалтер мамандығыңа жақын.Осы колледж мамандары маған өмірде өз орнымды табатын білікті маман болуыма қажет мүмкіндіктерді жасап,терең білім береді деген сенімдемін.

Колледждің өз тарихы , колледжер арасында алатын орны бар.Бұл колледж Шығыс Қазақстан облысы мен республиканың кәсіпорындары, ұйымдары мен мекемелеріне арнап 18,5 мыңнан астам маман даярлап шығарыпты. Менің армандаған колледжімнің басты міндеті – заманауи еңбек нарығы талаптарына сай жоғары білікті мамандар даярлау. Соның бірі мен болсам деген арман жетелеп әкелді мені осы колледжге. Армандар орындалады, мен оны білемін.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!