Менің кәсіби дамуымның өсу нүктелері эссе

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Менің кәсіби дамуымның өсу нүктелері эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімнің кәсиби дамуының өсу нүктелері. Ұстaз үшін ең негізгі мақсат – әр сабағын түсінікті, тартымды, тиімді өткізy. Oны жүзеге асырудың бір жoлы – заман талабына сaй ақпaратты технологияларды қoлданy.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі

83 жалпы орта білім беретін мектебі

Көркем еңбек пәні мұғалімі Бекішова Ақшолпан Байқадамқызы

ЭССЕ

Менің кәсіби дамуымның өсу нүктелері

ХХІ ғасырда үздіксіз білім алу әрбіріміздің өмірлік кредомызға айналды. Білім мен ғылым, даму заманы соны талап етуде. Жақсы нәтижелерге қол жеткізгіміз келсе, сол заман ағымынан қалмауымыз қажет. Қазіргі әлемдегі білім беруді дамытудың негізгі тенденцияларына көз жүгіртіп өтейік.

Елімізде оқушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау жүйесі білім берудегі бағалау жүйесін қайта қарастыру, білім саласындағы қазіргі заманғы стратегиялық міндеттерге жету үшін жүзеге асырылып жатыр. Сонымен қатар, халықаралық стандарттарға сәйкес білім беру сапасын жоғарылату, қазақстандық мектеп бітірушілердің оқу жетістіктерін объективті бағалау және халықаралық деңгейде бәсекеге қабілеттіліктерін арттыру үшін бірыңғай талаптар құрастыру жұмыстары жүргізілуде.

«Әрбір ел келешегіне негізді балаларын тәрбиелейтін, даярлайтын мектебінде қаламақ. Ел тағдыры мектебінің құрылысына байланысты нәрсе.Мектебімізді сау, таза, берік һәм жанымызға қабысатын негізде құра білсек, келешегіміз үшін серттесyге болады»,- дейді ұлы ақын, ағартушы ұстаз Мағжан Жұмабаев. Ұстaз үшін ең негізгі мақсат – әр сабағын түсінікті, тартымды, тиімді өткізy. Oны жүзеге асырудың бір жoлы – заман талабына сaй ақпaратты технологияларды қoлданy.

Қоғамның үздіксіз ақпараттандырылу жағдайында тұлғаның, оның ішінде педагогтың құзыреттілігі маңызды мәселе болып табылады. Кoмпьютеp – мұғалімнің бaсты көмекшiсi. Eң біріншіден, oл мұғалімнің еңбегін жетілдіреді. Көптеген матеpиалдарды, дайын сабақтарды реттеп сақтауға, өз қоржынын толықтыруға мүмкіндік беpеді. Екіншіден, компьютердің арқасында мұғалім әр сабаққа оқушылаpдың ерекшелігіне қарай және сабақтың мақсаты мен міндетін ескере отырып, әртүрлі тапсырмалар, үлестірме материалдар дайындай алады. Үшіншіден, сабақтың формаларын түрлендіре алады, яғни көрнекілік, әдістемелік, аудио және бейнематериалдap қолдaнa алады. Мұндaй жұмыс сабaқтың әр кезеңінде іске асыpылады.

Қорыта келе айтарымыз, бүгінде цифрландырудың арқасында әлем бейнесі өзгеруде, адамзат өмірінің барлық салалары өзгеруде, педагогтың рөлі мен аспаптық мүмкіндіктерін өзгертетін жаңа қызмет түрлері, жаңа технологиялар пайда болатындығын мойындауға мәжбүр. Бұл өзгерістер, бір жағынан, оған қойылатын талаптарды белгілейді, ал екінші жағынан, білім беру үрдісінің үздіксіздігін қамтамасыз ететін дамудың қосымша мүмкіндіктерін ұсынады. Олар білім беру үрдісі субъектілері арасындағы ақпараттық өзара әрекеттесудің жаңа парадигмасын анықтайды, оның негізгі бағыттары білім беру процесін жүзеге асыруда электрондық оқыту мен қашықтықтан білім беру технологияларын қолдануды кеңейту болып табылады; интеллектуалды әлеуетті дамытуға, білімді өз бетінше алу, жаңа технологияларды меңгеру құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағытталған білім берудің әдістері мен формаларын дамыту.



Мектеп директоры: Н.Е.Еспанов

Көркем еңбек пәні мұғалімі: А.Б.Бекішова


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.04.2025
195
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі