Материалдар / "Менің кәсіби мамандығым" іскерлік ойын
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Менің кәсіби мамандығым" іскерлік ойын

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандармен өз қызметін алғаш бастағанда мотивация беруде, өздерінің әдістемелік бағытын таңдауға әсерін тигізуге, өз мамандығына қызығушылығын арттыруда жүргізілетін іс-шара
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қаңтар 2019
967
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Менің кәсіби мамандығым

Іскерлік ойын


Мақсаты:

- Кәсіби мотивтер мен мүдделерді қалыптастыру ;

- Қоғам мен табиғатты, әлемдегі өз орнын толықтай түсіндеп тұрратын, мамандарды жүйелі ойлауға тәрбиелеу;

- Кәсіби қызмет туралы түсіндіру .

- Іс–әрекетке, әлеуметтік құндылықтарға, ұжыммен қоғамдағы нұсқауларға деген сыйластыққа тәрбиелеу;

Жас мамандармен амандасу.

- Сәлеметсіздер ме, жас мамандар!

Іскерлік ойын тақырыбын табу. Тақырып жасырулы тұрады.

«нңемі исікбә ааыыдғмнмм»

Амандасу. Қатысушылар өз есімдерін атап ,әр түрлі тәсілдермен амандасады қалғандары қайталайды.

1.Адам атын еркелетіп айту.

2.Адам атын төмен, жоғары, орташа дауыспен айту.

Елтаңба. Қатысушыларға өз елтаңбасын салу ұсынылады, ол міндетті түрде бір-бір нақты нәрсе болуы шарт емес, ол түстердің жиынтығы, геометриялық фигуралар, түрлі- түсті таңбалар болуы мүмкін. Елтаңбаның жанына өздерінің өмірлік ұранын жазып қою қажет болады. Ұран қысқаша және өмірлік ұстанымдарды, идеялары мен мақсаттарын бейнелеуі керек. Жұмысты аяқтаған соң талқылау жүреді.

1.Өзіңіз туралы және басқалар туралы қандай жаңа нәрселерді білдіңіз?

2. Қандай сезімдерді басыңыздан кешірудесіз?

3. Бір-біріңізбен не туралы ой бөлісер едіңіздер???

Есім жаттығуы

«Педагог» сөзінің мағынасын ашатын сөздерді сөздің әр әрпін қолдана отырып жазу.

Үйлесімділік шеңбері. Қағаз бетіне шеңберді түсіріңіздер. Сол шеңберге педагогтын кәсіби қасиеттерін ашып жазамыз.

1-өзін-өзі бағалау

2-кәсіби құзырлылық

3-мамандыққа махаббат

4-белсенді тыңдау

5-ұстамдылық

6-сыйлау білу

7-денсаулық

8-сезімталдық

9-қаржыға деген ұқыптылық

10-балдық бағамен өздеріне баға бергізу.

Бір қарындашпен әңгімелесу

Қатысушылар жұптарға бөлінеді, екеуі бір қарындашты келісе отырып таңдайды. Парақ қағазды алып, жеке отырады да жүргізушінің белгісі бойынша қарындашты оң қолға ұстап ортақ суретті салады. Одан соң бұл суреттің атын бірге ойластырып, астына жазу керек. Орындау кезінде бастан кешірген сезімдер мен эмоцияларды айту керек.

- Бірлесіп істеген жеңіл болды ма, әлде керісінші, қиын болды ма?

Егер де мен сен болсам

Мақсаты: басқа адамның вербалды емес білінулеріне бақылаушылықта болу тренингі. Адамның көңіл-күйін оның ымы, қалпы, қозғалыстары бойынша түсіне білуді дамыту .

Ым мен тұрған тұрыс - бұл қарым-қатынастың мықты тәсілі.Біз бір-біріміздің тілімізді білмесек те ым мен тұрған тұрыс арқылы табысты түрде тілдесе аламыз. Көптеген жағдайларда ымдар айтылған сөздерді күшейту үшін де қолданылады. Кейде тек қана осы ымдаулар арқылы біз адамның бізбен шынайы еместігін, бізге сенетінін немесе қандайда-да бір күйзелісте болғанын түсінеміз.

Жаттықтырушы топқа сұрақ қойып,2-3жауаптан тыңдайды.

- Егер адам сөйлесіп тұрған кезде білегінің асты саусағымен тықылдатып тұрса не деп ойлауға болады? Мүмкін,ол ашуланып тұрған шығар.

- Егер адам сөйлесіп тұрған кезде, креслоның арқасына шалқайып, біртіндеп жайлана бастаса, нені білдіруі мүмкін? Мүмкін, ол сабырлы, бізге сенеді, мүмкін, әңгіме тақырыбы оған қатысы жоқ немесе қызықпайтындықты білдіреді.

- Егер адам кенеттен өзінің тырнағын, аяқ киімін немесе үстінде бір нәрсені мұқият қарай бастаса, нені білдіруі? Мүмкін, ол немесе ұялуы немесе өзінің әсер етуін көрсетпей, көзінің, бетінің әрекеттерін жасырып тұруы мүмкін.

- Егер адам әңгімелесу кезінде кеудесіне қолын айқастырып немесе оны бір нәрседен жауып тұрғандай қалыпта отырса нені білдіреді? Әрине, ол психологиялық жабық күйді білдіреді. Оны бір нәрсе қатты мазалайды және ол оған қатысқысы келмейді немесе өзінің мазасыздығын білдіргісі келмейді.

- Егер адам бар күшімен жұдырығын түйіп алса, нені білдіреді? Мүмкін,ашуды.

- Егер ол саусақтарын айқастырып қысып алса, қолдарымен басын және бетін ұстап тұрса нені білдіреді? Мүмкін,ол қатты мазасыз күйде немесе қапаланған күйде шығар.

- Егер адам қолын кеудесіне қысып, демін тоқтата қалса, нені білдіреді? Мүмкін, ол бір нәрсені кенеттен ұғынып немесе қорқып кетті немесе ол пайда болған қапаланудың бірінші белгісі болар.

- Егер адам киімінің етегін жұлмалап, бір затты айналдыра берсе, нені білдіреді? Ол бір нәрсе қатты мазаланады.

Нұсқау: Қазір әр қатысушының есімі жазылған карточканы алып шығады. Оны ешкімге көрсетпеу керек. Карточкада жазылған адамның есімі - ол жеті минут ішінде сіз қадағалайтын адам. Сіз не істесеңіз де, өзіңіз білесіз. Жүруіңізге, шай ішуіңізге де болады. Бірақ, әрқайсыңыз өзінің жасырын серіктесін бақылаудын тыс қалдырмау керек. Бақылау отыра, пластика, қозғалыс ептілігі, сіздікінен серіктесіңіздің келбеті қандай ұқсастық пен айырмашылықта болатынын түсінуге тырысыңыз. Міндетті түрде ұқсастықты табыңыз.

Орындағаннан кейін:10минут өтті. Енді сіз өзіңізді сол адаммын деп елестетіп көріңіз. Және де келесі 7минутта ол сияқты қозғалыңыз. Серіктесіңіз көңіл-күйін түсінуге тырысыңыз. Орныңыздан тұрмай,қозғалуға тырысыңыз.

Талқылау: Сіз кімді бақыладыңыз? Енді құпиямызды ашуға болады. Сізге нені байқап қалуға мүмкіндік болды: айырмашылық па, әлде ұқсастық па? Сол адам сияқты болуға тырысқан кезде, нені ұғындыңыз? Бұл жаттығу сіз үшін несімен тиімді болды?

Жаттықтырушының түйіні: Кейде адамның жағдайын жақсы түсіну, оның қозғалыстарын, қалпын, ымын бақылау керек. Тіпті бақылай отыра, сол адам сияқты қозғалып, соның қалпына енуге тырысу керек. Сіздің денеңіз сіздің уақытша өзгерістеріңізге тез арада әсер етеді. Сіз сол адамға іштей сүйкенгендей болып көрінесіз.

Мысалы, сіз адамның барлығы қалпында екенін көрсетуге тырысқанын көріп тұрсыз. Бірақ сіз оның иығы көтеріңкі, қолдары қатты қысулы екенін байқап отырсыз. Егер бір минут сол қалыпқа еңсеңіз сіз,мысалы ,қауіп пен қорқуды сезінесіз. Басқа жағдайда адамның бет-әлпеті ымдарын, қалпын қайталай отыра, оның қапаланып отырғанын сезінесіз. Мүмкін,сіз оны қолдауға шешім қабылдарсыз немесе оған қазір соқтықпаған жөн шығар. Кез-келген жағдайда сіз қаншалықты бақылағыш болсаңыз, соншалықты адамды жақсы түсіне аласыз

Тренингтен кейін алуан түрлі адамдар мен олардың жағдайларын бақылап көріңіз. Мүмкін, сізде уақыт аз болар, бірақ принцип сол күйінде қалады: басында сіз мұқият бақылайсыз, сосын оның қалпына еніп, қозғалыстарын қайталауға тырысасыз. Бұл айналадағы адамдарды түсінуге өте жақсы дағды болып табылады.

Осы жаттығуды орындау кезінде қатысушылар қатысушының көңіл-күйін әрдайым дұрыс есептей алмауы мүмкін. Бірақ ол өте маңызды емес. Ең бастысы-бақылау және айырмашылықтары мен ұқсастықтарды табу тәжірибесі пайда болады. Осы тәжірибенің өзі кейіннен өмірдегі қоршағандарды түсінуге ықпалын тигізеді.

Сергіту жаттығуы

Жоқ деп айтудың үш тәсілі. Ассертивті - өзіне сенімді.

Мақсаты: Ассертивтілік бас тарту модельдеріне уйрету.

Қазір біз өркениетті ассертивті бас тарту деп аталатын кейбір формулалармен танысамыз.Үлгілер

Бас тарту –сипаттау. Мысалы, Бұл мүмкін емес пе деп қорқамын.

Бас тарту - аяушылық. Мысалы: Өкінішті-ақ, бірақ мен оны істей алмаймын. Мен сізді мүлдем ренжіткім келмейді, бірақ менің жауабым-жоқ.

Бас тарту - мәжбүрлік.Мысалы:

Мен бұл ұсыныстан бас тартуға мәжбүр болдым.

Өкінішті-ақ! Менің басқа міндеттерім бас тартуымды талап етеді!

Маған, дегенмен де бас тартуға тура келіп тұр.

Егер де барлық адамдар осылай сөйлессе, жақсы-ақ болар еді. Өркениетті бас тартудың ассертивтілігі жағдайда лайықты пікірдің үлгісін таңдаумен анықталады. Ол үлгі болуы мүмкін:

  1. Жоқ-аргументтерімен өркениетті бас тартудың бір үлгісінде

  2. Жоқ аргументерімен және басқа нәрсені ұсынумен өркениетті бас тартудың бір үлгісінде.

Нұсқау: Дұрыс үлгіні таңдауды үйрену үшін, жаттығуды орындайық. Жұптарға бөлініздер. Қазір сіздердің біреулеріңіз бір нәрсені жалынып сұрайсыздар. Ал екіншісі одан бас тартатын болады:

Алдымен сіз ешқандай аргументсіз ЖОҚ деп айтатын боласыз.

Сосын ЖОҚ аргументтерімен өркениетті бас тартудың бір үлгісінде:

Сосын ЖОҚ аргументтерімен және басқа нәрсені ұсынумен өркениетті бас тартудың бір үлгісінде. Әрбір үлгіге менің белгім бойынша ауысуға болады.

Жаттықтырушы ауысуға 3 минут береді. Орындағаннан кейін, серіктестер рөлдерімен ауысады.

Талқылау: Жаттығуды орындағаннан алған әсерлеріңізді ортаға салыңыздар. Бас тартудың қандай үлгісін қабылдау жеңіл болды? Қайсысы қатты ашуландырды? Және қандай үлгіде сізге жоқ деу жеңіл болды.

Түйіндеме: Сіздер өздеріңіз қандай үлгіні қабылдағаныңызды, қайсысы ашуыңызды келтіргенін сезіндіңіздер. Ол барлығында бірдей болған жоқ. Сондықтан нақты жағдайға және нақты адамдарға лайықты келетін үлгіні таңдап алуларыңызға болады.

Жаттықтырушыға комментарийлер

Сен өз жұмысыңды жазып болдың. Маған көмектесуге үлгере алмай жатырмын. Маған қарызға 1000 теңге бере тұршы, өтінемін. Мен екі аптадан соң қайтарамын.

Ассертивтілік тәсілдер - өте мықты қару, сондықтан оны ақылмен пайдалану керек. Біріншіден, оларды қолдануға сіз өте байсалды, орнықты болып көрінуіңіз керек-әйтпесе, оның мағынасы болмайды және олар жұмыс істемей қояды. Екіншіден кімге және қашан қолданатынызды ойлану керек. Мысалы, егер директор сізге, қандай-да, бір жұмысты істеу керектігін айтса, сіз әрине, аргументі бар өркениетті бас тартумен жауап бересіз.

« Мумия » .

Екі қатысушыны ортаға шығарып орындыққа отыруын ұсыну ….Көз,аяқ,қол, аузы байланады

-Өзіңізді қалай сезінесің?

-Дәл осы сәтте не істегің келеді?

Залға сұрақ

Неге ұқсайды?

— Сіздер өзіңізді  қалай сезінер едіңіздер?

Пирамида жаттығуы

Барлығы щеңберге отырады. Жүргізуші: Біздің әрқайсымыз не нәрсені, не болмаса біреуді жақсы көреміз. Бірақ біз махабатымызды әртүрлі білдіреміз. Мен өз отбасымды, балаларымды, жұмысымды жақсы көремін. Сіздер де кімді және нені жақсы көретіндіктеріңіздерді әңгімелеңіздер.

Ал енді сіздердің қолдарыңыздан махаббат пирамидасын құрайық. Мен бір жақсы көретін нәрсемді атаймын, сосын өз қолымды саламын ,одан соң сіздердің әрқайсыңыз өздеріңіз жақсы көретіндеріңізді атап, қолдарыңызды менің қолымның үстіне саласыздар. Барлық қатысушылар пирамиданы құрайды,

- Сіз қолдың жылулығын сездіңіз бе?

- Сізге ұнады ма?

- Бізде қандай биік пирамида болғанын қараңыз? Себебі, бізді жақсы көреді және біз де жақсы көре білеміз!!!

Көңіл-күй ағашы

Мақсаты:Қатысушылармен кері байланыс орнату.

Тақтаға ағаштың суреті ілінеді. Қатысушыларға жүрекше және шам бейнесіндегі стикерлер таратылады. Әр қатысушы тренингтен алған жағымды немесе жағымсыз әсерлерін, көңіл-күйлерін берілген стикерлер арқылы білдіреді

жүрекше-жағымды әсер

шам-жағымсыз әсер







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!