«Қостанай
гуманитарлық колледж» мекемесінің
Қазақ тілі және әдебиеті пәндерінің
оқытушысы Карасартова Г.Ж
«Менің
кәсіби ұстанымым»
М.И.
Бобневаның көрсетуі бойынша, «кәсіби
қызмет атқаратын тұлғаның белгілі
әлеуметтік дәрежесі, іс-әрекетті
туғызатын қажеттілігі тек мотивациялық
жүйе арқылы жүзеге асады» деп түсіндірді.
Яғни бұл сөздерден түйін шығаратын
болсақ, қызметкер қандай да бір әрекеттерге
кірісуден бұрын, өзінің мотивтерін
зерттеуге салады, басқаша айтқанда,
мақсаты бар әрекеттің орындалуына алып
келетін үдерістің негізгі бөлімдерін
анықтайды. Демек менде өз кәсіби қызметтік
саламда ең басты ұстанымымды мотивтік
процесс деп есептеймін. Менің
пікірімше, біріншіден ұстаздың кәсіби
ұстанымы өз пәнін шәкірттеріне жақсы
үйретуден де тереңірек қызметте жатыр.
Алдымыздағы әрбір бала қайталанбас бір
ғажайып әлем десек, сол зерттелмеген
таза құпияға терең үңіліп, баланың
басқаға ұқсамайтын ерекше қасиеттерін
тану, оның жүрегіне, жан дүниесіне жол
таба білу – біздердің, ұстаздардың
бұлжытпас борышы.
Екінші, ең бастысы, мұғалім шын мәнінде
баланы жан тәнімен беріле сүюі керек.
Алдымен рухани қуат беруі керек.
Мейірімділік, шыдамдылық, кешіре білу,
баламен тең жағдайда сырласу,оның
мүмкіндіктеріне сену, ойын әрқашан
құлақ қоя тыңдау тәрізді қасиеттері
арқылы ғана мұғалім өз мәртебесін көтере
алады.
Үшінші, балаға үнемі қолдау көрсету –
үлкен мәнді гуманизмді ізгі ұстаным.
Оның астарында не бір қағидалар бар:
баланы жақсы көру, оның адами өмір сүру
ортасын шама жеткенше ұйымдастыру,
баланың бойынан өзінің балалық шағын
зерделі көзбен көру.
Төртінші, мұғалім әр оқушының мінез -
құлқын, көз қарасын, талғамы мен әдет
дағдыларын зерделеп, әр баланың өз
шамасына сай дамуын қамтамасыз ететін
тәрбие сағаттарына бейімдеу қажет. Бұл
сағаттар – ғибратты да әсерлі болуы
тиіс - ақ. Осы сөздерде түйе келе менің
кәсіби ұстанымдарымды төрт салаға
жіктей аламын. Бірінші пәнге деген
қызығушылықты ояту арқылы, білімділікті
шындап, өз біліктілігімді одан әрі
арттыру. Екіншіден рухани жан дүниемнің
бай болуы. Үшінші гуманизмді бағытты
бұлжытпай орындау болса, төртіншіден
ұстаздың сан-қырлы бола алуы. Осы
ұстанымды ұстай отыра мен нағыз кәсіби
ұстаздық кәсіби маманның қандай тұрғыда
болатының түсінемін. Осы ретте мен
өзімнің кәсіби тұрғыда шындап, өсуімді
арттыру үшін педагогикалық шеберлік
және бірнеше оқыту семинарларына қатыса
бастадым. Педагогикалық
шеберлік орталығы жалпы кәсіптік, жалпы
гуманитарлық, жалпы білім беретін және
арнайы пәндер бойынша колледж
педагогтерінің біліктілігін арттырудың
90-нан астам бағдарламасын әзірледі.
Оқыту
семинарларының негізгі нәтижесі
оқытушылардың кәсіби шеберлігін арттыру,
білім берудің жаңартылған мазмұнын
енгізу аясында болашақ педагогтерді
даярлау бойынша кәсіби білімнің жаңа
сапасына қол жеткізу болуы тиіс. «Нашар
ұстаз шындықты қайталайды, жақсы ұстаз
сол шындықты іздеп табуға үйретеді»
деп ұлы ойшыл А. Дистерверг айтқандай,
ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да
жауапты. Демек, белгілі бір жақсы
көрсеткішке жету үшін сабаққа үздіксіз
дайындаламын, көп ізденемін, тиімді
жолдарын тауып, оқушыларға тиімді әрі
түсінікті дәрісті беруге ынталанамын.
Расында да, тек қана жігерлі, әр нәрсені
үнемі білгісі келген, табандылығын
көрсеткен, кәсіби шебер маман ғана өз
мақсатына жетіп, шәкіртінің жеңісін
көре алады деп ойлаймын. Нәтижесінде
ұстазда: оқушылардың
пікірін назарға алу, сыни ойлауға үйрету,
логикалық ойлауға ықпал ету, оқушылардың
деңгейіне қарап, тапсырмаларды түрлендіру,
бағалау түрлерін пайдалану шеберлігі
дағдыға айналса Бүгінгі оқушыны кешегі
әдіс-тәсілмен оқытсаң, баланың ертеңін
ұрлайсың деген тамаша сөз дөп айтылған.
Өз мамандығын сүйіп, әрдайым ізденіс
үстінде жүретін ұстаз оқушы жүрегіне
жол аша білетініне сенімім мол. Менің
кәсіби ұстанымым «мұғалім әрдайым
ізденіп, жаңаша дүниені зерттеп, қабылдап,
сабағына тиімді кіріктіре білуі керек,
жаңалықтың бәрінен хабардар, жан-жақты
яғни өз кәсібінің шебері болуы керек.
Ал кәсіби шебер болу — ұстаз өз білімін
үнемі жетілдіріп отырғанда ғана көре
алады. Менің кәсіби ұстанымдарымдарымның
бастысы-шебер, шындалған, білікті,
бәсекеге қабілетті ұстаз болу. Осы ретте
мен өзімді одан әрі дамыту үшін әлі
талай тер төгерім айдан анық.