Тақырып бойынша 31 материал табылды

Менің кәсіби ұстанымым

Материал туралы қысқаша түсінік
Кімде -кім өзінің мамандығын сүйіп, жүрек қалауымен қызмет етсе, өз басына да, қоғамға да үлкен пайда келтірмек. Мамандығымыз- мақсатымыз, мақтанышымыз және болашағымыз болсын дегім келеді. Психологтарға арналған эссе
Материалдың қысқаша нұсқасы

МЕНІҢ КӘСІБИ ҰСТАНЫМЫМ!

  Менің өмірдегі басты мақсатым – балалар

өмірге еш қорқынышсыз, зұлымдықсыз қарап,

олар алдарында бір ғажап жұмбақтың шешімін

табатындарына және де алда ашық, жарқын

күндер күтетініне сенсе екен деймін.


Армансыз адам ормансыз бұлбұл демекші, сол сияқты менің де ойлаған арманым, көздеген мұратым, жетем деген мақсатым бар. Өмірде өмірің мен өнеріңді бәйгеге тігіп білек сыбана кірісер мамандықты таңдағаныма қуаныштымын. Мен таңдаған мамандық «психолог» деп аталатын қиын да қызық әлемге апарар соқпаққа түсуге бел будым. Өйткені әр адамның жан дүниесіне үңілу және адамдар арасындағы қарым-қатынастың жақсаруына өзімше үлес қосу мен үшін өмірдегі зор жетістік шыңдарының бірі еді.

Иә, аз ғана уықыт болса да қасиетті соқпаққа аяқ басып көрдім.Санаулы ғана жасаған қадамымда көзім жеткені-жеке тұлғаның өмірге құштарлығының артуы, болашағына сеніммен қарап,келешекке нық қадам жасауы, өзіндік Мені бар, көзі ашық, көкірегі ояу, білімді де, білікті боп қалыптасуының негізгі іргетасы мектептен қаланады екен. Сол мектепте мың түрлі мінезден қорықпай, оларды зерттеп біліп, талмай еңбектеніп, жан-жақты ізденіп, өзін-өзі жетілдіріп жүретін ерекше мамандық иелері-психологтар. Олар әр адамның сүйіспеншілігін-таза жүрегімен, мінсіз ақылымен, адал еңбегімен жаулап алып, жақсы өмір сүруіне, өмірге позитивті қарауына барынша ат салысып келеді.

Алдыма қойған мақсатыма,аңсаған арманыма жету үшін жан – жақты ізденіп, білім алуды, өзіме деген ішкі сезімнің берік болуы үшін тынымсыз еңбек етуді негізгі ұстанымым етіп ала отырып, әр оқушының «жеке тұлға» болып қалыптасуына барлық күш – жігерімді, ыстық жүрегімді арнағым келеді. Күнделікті жұмысымда сол бір бақытты да жігері,дені сау, білімге құштарлығы артып келе жатқан жеткіншектермен жүздесумен басталатыны мені қуантып,алға жетелейді. Бойыма қуат беріп,көңілімді биіктете түседі. Өйткені күлкіге толы қуанышты, шат – шадыман, елгезек те еңбекқор шәкірттерім менің де жемістерім емес пе?! Мен олардың ішкі жан дүниесіне үңіле отырып рухани әлем беттерін оқимын.

Мұғалім, ата-ана, оқушылар қай-қайсысына да қандай да бір қиындық туындаса мектеп психологының көмегі қажет емес пе? Мәселен, мектеп психолгы оқушылардың өз мәселелерінде іштен тынбауға үйретеді, ұстаздарға кеңес береді, ал ата-аналарға өсіп келе жатқан ұрпаққа тәрбие беру барысында қолдау көрсетеді. Мен өз тарапымнан аталмыш жағдайда психологтың этикалық кодексінің ешкімге зиян тигізбеу! деген қағидасы бойынша шешуге тырысамын.

Осы жүріп өткен жолымда түйсінгенім- нағыз психолог болу үшін өзгенің өміріне өзіңнің өмірің ретінде бойлай отырып, олардың жан дүниесіне кіре білу екен.

Сезінгенім- Жан сырын өзі ашсын деп үстелдің екінші жағында қатып қалған адам психолог бола алмайды екен.

Аңғарғаным- әрбір жеке тұлға сенің оқымаған кітабың екен, әр парағын ашқан сайын жаңалық табасын, таңырқайсың, тамсанасың, қызығасың,қынжыласың.

Жақсы психолог- адам жаны мен сырына қанығуы арқылы олардың ішкі әлеміне үңіле алатын ерекше жаратылыс. Құдіретті де мәртебелі, қасиетті де киелі осы мамндықтың иесі –бүгінгі Сіз және Мен, келешектегі біздің әріптестеріміз.

Біздің қолымызда бізден көмек сұрайтын адамның тағдыры мен оның жан дүниесі тұр. Ол адамның болашағы да психолог қолында тұр десем қателеспейтініме сенімім кәміл.

Менің, сенің таңдаған мамандығымыз- біздің мақтанышымыз! Өйткені біздің мамандық- өскелең өре, адамдық келбет,рухани биіктік мамандығы. Біз әр жаны жаралы жандарға керекпіз.

Адам жанының бағбаны, шыдамдылық пен табандылықтын үлгісі,асыл қасиеттері мен білімін басқаның бақыты мен зор болашағы үшін сарп еткен психология ол болашақтың мамандығы.

Ойымды тұжырымдай келе, бүгінгі таңда жаңа заман, жаңа қағиданың жаңаша еңбек ететін ұстаз болу тиіс. Ол менің пікірім ғана емес, Елбасымыздың халық алдына шығып сөйлеген сөздерінен түйіндеген пікірім. Мен пікір ғана түйіндеп жүрген жоқпын, болашақта мықты білікті маман болуға мақсаттар қойып, жоспарлар шимайлаймын. Сөзім дәлелді болу үшін бірер мысал келтірейін.

Біріншіден, жаңа заман ұстазына, әсіресе, адамның жан дүниесімен жұмыс істейтін психолог маманына өте терең білім керек. Рухани жан дүниесі бай, мәдениетті, адамгершілігі биік адам болу керек.

Екіншіден, баламен жұмыс атқаруда жан аямай еңбек ететін керекті жерінде күресе білетін мұғалім болу керек.

Үшіншіден, ұстаз-психологтың басты қасиеттерінің бірі - адамзат баласына деген махаббатының шетсіз-шексіз болуы.

Сөзімді қорытындылай келе, мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез-келгеніне икемділік қажет, ол үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін еңбек.

Кімде -кім өзінің мамандығын сүйіп, жүрек қалауымен қызмет етсе, өз басына да, қоғамға да үлкен пайда келтірмек. Мамандығымыз- мақсатымыз, мақтанышымыз және болашағымыз болсын дегім келеді.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.11.2021
930
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12