Менің кіші Отанымның тарихы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Менің кіші Отанымның тарихы

Материал туралы қысқаша түсінік
Менің кіші Отанымның тарихы. Тарих беттерін парақтасақ, туған жердің киелі һәм құтты мекен екенін талай дәуір көшінде өмір сүрген, талай ғасыр бұрын жасаған тарихи тұлғалардың өмір деректері дәлелдейді. Туған жер – өгейленсек те өзегіне теппейтін жалғыз мекен! Туған жер – әлемдегі жалғыз дара орда! Туған жер – ата-бабамыз ірге тігіп қалдырған жәдігеріміз. Оны сүю, түтінін аңсап, топырағына «тал» егу – адамзаттық парызымыз
Материалдың қысқаша нұсқасы

Менің кіші Отанымның тарихы

Иә,туған Отан, туған ел, туған жер... Адам өмірінде осыншалық ыстық, осынша қымбат, осыншалық құтты мекен жоқ шығар. Әрбір адам шыр дүние есігін ашқанда, кішкентай ғана қос жанарымен әуелі анасын, кейін – жер – анасын көреді ғой. Сол сәттен бастап – ақ сәби жүрегінде екі махаббат пайда болады. Бірі – анаға деген, ал енді бірі туған жерге деген махаббат. Осынау қос ұлы құбылысты бірінен өте бірін сүймейтін адамды «адам» деп айтуға аузын бармасты. Кіндік қанын тамызып, ауасымен тыныстатып, топырағынан нәр беріп, жер бетінің «жұмағын» сездіретін қасиет – туған жер. «Туған жер – тұғырың, туған ел – қыдырың,» - деп қазақ халқы бекер айтпаса керек-ті. Туған жердің адам өміріндегі киелі орын екендігі, негізінен, дәлелдеуді де қажет етпейтін аргумент, бірақ «неге туған жер адам өміріндегі ең киелі орын саналады?» - деген сұраққа жауап көрейік.

Тарих беттерін парақтасақ, туған жердің киелі һәм құтты мекен екенін талай дәуір көшінде өмір сүрген, талай ғасыр бұрын жасаған тарихи тұлғалардың өмір деректері дәлелдейді. Мысалы, аты аңызға айналған Асан қайғы бабамыз да халқынын қамын ойлап, шұрайлы жер іздеп желмаясымен қазақ даласының түкпір-түкпірін шарласа да, өзінің туған жеріндей жайлы мекен табылмасына көз жеткізіп, туған топырағына барып дүние салғанын – туған жердей жер болмасынын дәлелі емей немене?

Қазақ халқының дарынды жазушысы Шерхан Мұртазаның Парижде болып, Париж түсіне кірмеуі, Мысырда болып, Мысыр түсіне кірмеуі, қанша ғажап елдерді шарласа да, түсінде ылғи Мыңбұлағын, Ақсу-Жабағылыны көруі – «ауылдан адам көшсе де, адамнан ауыл көшпейтінінің» дәлелі сияқты.Туған жер туралы толғанып, осы тақырып санамда тоғысып тұрған сәтте менің ойыма бірден Авар ақыны, елінің, жерінің нағыз патриоты, Отанының ұлы Расул Ғамзатов оралады. Туған жерге деген шетсіз, шексіз сүйіспеншілігімен, махаббатымен өзінің шығармаларының барлығына кіндік қаны тамып, тай-құлындай тебісіп, ойнап өскен өлкесін арқау ету арқылы Дағыстанын әлемге танытқан Расул Ғамзатов - мен үшін туған жерді сүю символы.

Жоғарыда атап өткеніміздей, өткен замандарда туған жердің маңызы, туған жердің адам өміріндегі ролі қандай зор болса, дәл бүгінгі күні де туған жер тақырыбы назардан тыс қалып жатқан жоқ. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты қоғамдық сананы жаңғыртуға арналған мақаласында туған елге, жерге баса назар аударып, әр жанның туған жерді қастерлей білуіне, туған мекенді аялап, сүйе білуге тәрбиелеу нысаны ретінде «туған жерге туыңдды тік» атты бөлімін айшықтап жазған.Туған жерге ту тігу – туған топырағыңды жан-тәнінмен сүйіп, патриоты болу, өскен өлкенін көркейіп, дамуына үлес қосу, перзенттік борышыңды өтеу. Сондықтан да, әрбір адамзат баласы тіліне, дініне, діліне қарамай туған жерлеріне ту тіксе, бұдан асқан алғыс бар ма?

Қорытындылай келе, туған жердің тұғыры перзенті үшін әрдайым биік, әрдайым асқақ болатынын айтқым келеді. Туған жер – өгейленсек те өзегіне теппейтін жалғыз мекен! Туған жер – әлемдегі жалғыз дара орда! Туған жер – ата-бабамыз ірге тігіп қалдырған жәдігеріміз. Оны сүю, түтінін аңсап, топырағына «тал» егу – адамзаттық парызымыз.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.11.2021
2882
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі