|
Тапсырма
|
Мұғалімнің
іс-әрекеті
|
Оқушының
іс-әрекеті
|
|
Оқушыларға
психологиялық ахуал туғызу
|
Мұғалім
сыныпты сабаққа ұйымдастыру үшін оқушылармен бірге «шаттық шеңберін»
құрады.
|
Оқушылар
ортаға шеңбер құрып, мұғаліммен бірге ән
айтады.
|
|
Өткен
сабақты тексеру
|
Өткен
сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді,
бағалайды.
|
Тапсырманы
айтады, тақырып бойынша
сұрақтарға жауап береді.
|
|
І.
Қызығушылықты ояту
|
Мұғалім «Ойлан, тап!» стратегиясы бойынша алдын-ала тірек сөздерді ( жейде, кітап, көйлек, үстел, орамал,
дәптер, т.б.) тақтаға жазып қояды.
|
Тірек
сөздерді қолдану арқылы тақырыпқа қатысты негізгі сөзді
табады.
|
|
ІІ.
Мағынаны тану
|
1. Сөздікпен
жұмыс. А) Мұғалім Интерактивті тақтадан тақырыпқа
қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.
|
Тыңдалым.
Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды. Айтылым. Дұрыс
айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.
|
|
Ә)
«Дұрыс айт!» айдарында берілген сөздерді дұрыс айтуға машықтандырады, бірнеше рет
қайталатады.
|
Айтылым.
Сөздерді дұрыс айтуға жаттығады,
қайталайды.
|
|
2. Мәтінмен
жұмыс. Тыңдалым. Оқулықтағы тыңдалымға арналған мәтінді тыңдатады,
сөздердің мағынасын түсіндіреді.
|
Тыңдалым.
Мәтінді мұқият тыңдайды, жаңа сөздерді
қайталайды.
|
|
3. Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс. А)
Айтылым. Оқулықтағы 1, 3-тапсырманы
орындатады.
|
Айтылым.
Сұрақтарға жауап береді, диалог құрады.
|
|
Ә) Жазылым.
Оқулықтағы 2-тапсырманы орындатады.
|
Жазылым. Көп
нүктенің орнына тиісті қосымшаларды
жазады.
|
|
4. Сергіту
сәті. Мұғалім «Не артық?» ойынын ұйымдастырады
(5-тапсырма).
|
Айтылым.
Суреттерге қарап, ненің артық екенін айтады. Қай топ көп ұпай
жинаса, сол топ жеңеді.
|
|
5. «Білгенге маржан...» айдарымен берілген
жұмбақты оқиды.
|
Тыңдалым. Айтылым. Жұмбақты тыңдайды,
жауабын табады.
|
|
ІІІ. Ой
толғаныс
|
«Атаулар туралы үш сұрақ» тәсілі бойынша оқушыларға шалбар, көйлек, әдемі, жаңа, қызыл, сары, т.б. сөздер жазылған карточка таратады. Сөздерді
пайдалану кезінде мынадай сұрақтарға ауызша жауап берулерін
сұрайды.
Бұл сөзді қайда пайдаландыңдар?
Болашақта күнделікті тұрмыста қалай
қолданасыңдар?
Осы
сабақтан кейін бұл сөз қандай қолданыста болады деп ойлайсыңдар?
|
Әр
оқушы бір сөзден таңдап алады, сұрақтарға ауызша жауап береді.
Мысалы, әдемі
сөзін көйлегіме байланысты қолдандым (Менің көлегім
әдемі). Жақсы пайдаландым. Жиі
қолданамын деп ойлаймын.
|
|
IV.
Бекіту
|
«Есте
сақта!» айдарымен берілген сөйлемдерді оқиды, талдатады.
|
Сөйлемдерді
оқиды, талдайды, жаңа сөздерді қайталайды.
|
|
V.
Бағалау
|
Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың өзін бағалауы бойынша қорытынды бағаны
өзі қояды.
|
«Бағдаршам»
үлгісі бойынша өзін бағалайды.
|
|
VI. Үйге
тапсырма
|
Оқулықтағы
4-тапсырманы орындау.
|
|
|
VII.
Рефлексия
|
Күн шапақтары салынған А4 парағын
таратады.
|
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін күн шапақтарына жазып,
тақтаға іледі.
|