Сынып сағаты тақырыбы:
«Менің көк байрақты Отаным»
Мақсаты:
Өз Отаны Қазақстанды сүюге және өз елінің
байлығын бағалап, табиғатын аялауға тәрбиелеу.
Міндеттері:
-
Танымдық тапсырмалар орындау арқылы оқушылардың
Отанға деген сүйіспеншіліктерін, ойларын жүйелеу.
-
Топпен жұмыстар жасау арқылы оқушылардың сөздік
қорын, шапшаңдық қабілеттерін жетілдіру.
-
Отанын сүюге, ұлжанды азамат болуға
тәрбиелеу.
Түрі: аралас
сабақ
Қолданылатын
әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, хабарлау,
талдау, әңгімелеу, көрнекілік.
Көрнекілік: суреттер, сөздер жазылған
қағаздар, ноутбук, үнтаспа, т/б.
І.Ұйымдастыру кезеңі:
А) Оқушыларды сынып сағатына
дайындау.
Ә)Топ мүшелеріне бөлу;
(төраға, хатшы, баяндамашы, бақылаушы)
ІІ. Ой шақыру:
(тақтада
үлкен Қазақстан
картасы жабық тұрады, оның сыртында
1,2,3,4,5,6 деген цифрлар жазылған, әр тапсырма орындалған сайын,
цифрлар ашылады)
1 цифр-5мин
-
Әр топ қандай белгілермен
бөліндіңдер?
-
Ту, елтаңба бұларды бір сөзбен не
дейді?
-
Отан деген сөз туралы не айтар
едіңдер?
-
Астана, Қарағанды, Ақтас деген нені
білдіреді?
-
Неліктен осылай бөліндік деп
ойлайсыңдар?
2 цифр-10мин
(барлық топтарға қағаздар таратылып беріледі,
өздері бөлінген топ белгілері және берілген сұрақтар бойынша
пікірлер жазады)
-
Тудың түсі неге көк?
-
Неліктен туда қыран құс
бейнеленген?
-
Ту не үшін қажет?
-
Біздің туды қай жерлерден
көрдіңдер?
-
Туды қорғау қажет дегенді қалай
түсінесіңдер?
Елтаңба туралы:
-
Елтаңбада нелер бейнеленген?
-
Елтаңбаның түсі қандай?
-
Шаңырақ нені білдіреді?
-
Елтаңбаны қайдан көруге болады?
-
Елтаңбаны қорғау керек дегенді қалай
түсінесіңдер?
Отан туралы:
-
Отан деген не?
-
Біздің Отанымыз қай жер?
-
Отан деген сөздің мағынасын аш.
-
Отан үшін қандай өлең шумақтарын
білесіңдер?
-
Отанды қорға деген сөздің мағынасын
аш.
Астана туралы:
-
Астана біздің неміз?
-
Астана нені білдіреді?
-
Астанада қандай әдемі жерлер
бар?
-
Астана қай өзеннің бойында?
-
Астананы аяла деген сөзді
түсіндір.
Қарағанды туралы:
-
Сендер тұратын облыс қалай
аталады?
-
Қарағандыда не өндіріледі?
-
Қарағандының қандай әдемі жерлерін
білесіңдер?
-
Қарағандыда тағы нелер
шығарылады?
-
Қарағандыны бағала деген сөздің мағынасын
аш.
Ақтас туралы:
-
Сендер тұратын мекен қалай
аталады?
-
Ақтасты бір сөзбен не дейміз?
-
Ақтаста қандай мекемелер бар?
-
Сен оқитын мектеп қалай
аталады?
-
Ақтасты көркейт деген сөздің мағынасын
түсіндір.
3
цифр-10мин
(әр топтан 2 оқушыдан 2 шумақты тақпақ сұрау-12
оқушыдан)
Айғаным
Керемет өріледі гүл өңірде өлең,
Кезің қандай өрік пен шие гүлдеген.
Жүрегіме сыйғызып бар бейнеңді,
Қалсам деп ем өзіңнің жүрегіңде мен.
Кең дала – Қазақстаным.
Ербол
Керегі жоқ даңқ дейтін маған
сөренің,
Жетер біраз есіңде қала алса өлеңім.
Халқым маған сенеді әлсіз демей,
Үйткені мен, туған жер, саған сенемін.
Жасай бер , Қазақстаным.
Абильмансур
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған: «Отан!» деп сыбырлаған
Жаным менің,
Кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған!
Отан!
Отан!
Бәрінен биік екен.
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
Отанды сүймеуің де күйік екен,
Отанды сүйгенің де күйік екен...
Бұлбұл
Өзіңсің , Қазақстан, ән, арманым да,
Аяулым, алтын бесік, қара орманым да.
Ақзер
Бір нәрсе жетпейді деу қате болар
Өзіңдей ұлан байтақ далам барында.
Гүл дала – Қазақстаным.
Жігер
Сен үшін бар сөздіктен сөз
таңдайын көп,
Сен барда басылмайды жез таңдайымда от.
Нұрдәулет
Мен сенен кете алмаспын, амалсыздан
Бір кетсем, оралармын бозторғайың боп.
Ән дала – Қазақстаным.
Лунара
Сен барда ғажап шебер, ғажап
ұстамын,
Түсінем өзендердің саз ағыстарын.
Динмухамед
Ұшады көгіңе жыр жаза құстарың.
Қырандар қанатында даңқы кеткен,
Дән дала – Қазақстаным.
Аида
Туған елім, өзіңнің,
Жазираңды кездірдің.
Жайма –шуақ кезімнің,
Рахатын сездірдің!
Дәмер
Туған елім – гүл елім,
Қасиетіңді білемін.
Өзіңе деп жүремін –
Лүпілдеген жүрегім!
Айзерек
Бабамның көздерінің қарашығы
ең,
Баламның бақытына да қорған боларсың.
Жан дала – Қазақстаным.
4 цифр-5 мин
(оқушыларға видео көрсету, онда олимпиада
жүлдегерлері, табиғаты, т/б)
5 цифр-8мин
(барлық топтарға Қазақстан деген сөзден, 5 минут
ішінде сөздер шығарту)
6 цифр-5мин
(топтарға суреттер тарату мозайка ретінде,
оқушылар сол суреттерді реттеп, суреттен кім шыққанын анықтайды.
онда олимпиада чемпиондары болады)
Қорытынды:
Рефлексия: