400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Менің көлігім», «Жүк машинасы».

Материал туралы қысқаша түсінік
Жерде жүретін және аспанда ұшатын қозғалыс құралдары туралы білімдерін кеңейту, жаяу жүргіншілерге арналған қарапайым ережелермен таныстыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін _______________

КМҚК «Айналайын» ясли бақша

Әдіскері: Мушакулова С.Б





Тәрбиеші: Амангелдиева Гүлдана

Мерзімі:  .02.2018 жыл.

Білім саласы: «Әлеуметтік орта», «Шығармашылық»

Білім бөлімі: Қоршаған орта, Аппликация.

Тақырыбы: «Менің көлігім», «Жүк машинасы».

Мақсаты: Жерде жүретін және аспанда ұшатын қозғалыс құралдары туралы білімдерін кеңейту, жаяу жүргіншілерге арналған қарапайым ережелермен таныстыру.

Желімді дайын үлгіге мұқият жағуды жетілдіру,көліктердің дайын бейнелерін олардың арасындағы арақашықтықты сақтап жапсыруды үйрету. 

Көрнекілігі: көлік түрлерінің суреттері, ойыншық машина түрлері, бағдаршам, слайд.

Сөздік жұмыс: машина, ұшақ, пойыз, қайық.

Билингвальды компонент: машина- машина-car, ұшақ- самолет-plane, пойыз-поезд- train, қайық- лодка- boat, көлік- транспорт.

Әрекет кезеңі

Тәрбиешінің  іс-әрекеті

Балалардың әрекеті

  Мотивациялық-қозғаушылық



























Ұйымдастырушы-ізденуші









Рефлексивтік-түзетуші


- Балалар сендер күннен күнге әдемі, ақылды болып өсіп келесіңдер. Сендер барлық жақсылықты бойларыңа сіңіріп Қазақстанның үлгілі азаматы болып өсулерің  керек, солай  ма?

- Олай болса бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс- әрекетімізді бастайық.

Жылулық шеңбер

-Сәлем, саған алтын күн!
-Сәлем, саған көк аспан!
-Сәлем, саған жер ана!
-Сәлем, саған достарым!
-Сәлеметсіздер ме, қонақтар.



- Балалар, қазір сендермен көлік деген сөздің  төңірегінде әңгіме жүргіземіз, сұрақтарға жауап  беріп, жұмбақтар шешеміз.

- Көлік дегеніміз не?

- Ол адамға неге қажет?

- Ал енді, мен жұмбақ жасырамын.

   Жұмбақтар

1.  Құс сияқты құс емес,
Жүрсе де тым биікте.
Қақпайды бір қанатын
Жүрсе де тым биікте

2.  Қос күрекпен еседі,
Су көлігі деседі.

3. Жүргізуші  жүргізеді,
Төрт аяқты батырды.



- Балалар, мына суреттерге қараңдаршы.  Көліктердің қандай түрлері болады?



Әңгіме: «Көліктер».

  Адамдар көліктерді алыс жерлерге қатынас  жасау үшін пайдаланады. Көліктердің төрт  түрлері бар. Олар:

   1. Әуеде ұшатын көліктер:
   2. Суда жүзетін көліктер:
   3. Жерде жүретін көліктер:
   4. Темір жол көліктер:

 Ал енді, балалар, осы көліктерді танысайық.

  Ерте, ерте, ертеде адамдар алыс жерлерге  жануарлар арқылы және жануарларға жегілген  екі дөңгелекті арбамен қатынаған. Кейінірек адамдар машина, автобус сияқты жерде жүретін көліктерді, содан кейін темір жол көліктері: пойыз, трамвайды ойлап апқан.

- Балалар, сендер құс сияқты ұшқыларың келе ме?  Міне, адамдар түрлі жолдарын ойластырған, ең алдымен әуе шары пайда болды да, кейін моторы бар ұшақтар мен тік ұшақтарды ойлап тапты.

- Балалар, сендер суда жүзіп көрдіңдер  ме?

- Ал қайықпен ше?

- Адамдар ертеде үлкен өзендерден бөренелер  арқылы жүзіп өткен. Қайықтарды, кемелерді уақыт өте ойластырып тапқан.

-Ал енді, балалар, сергіту сәтін жасап бір сергіп  алайық.

            Сергіту сәті


Дидактикалық ойын:

          «Бағдаршам» ойыны

Көшедегі қимыл- қозғалысты реттеу үшін не қажет деп ойлайсыңдар?

- Бағдаршам туралы кім тақпақ біледі?

- Жолда жүру  тәртібі  не үшін қажет ?

- Ал, машина туралы тақпақты кім айтады?

-Балалар, жедел жәрдем көлігі кімдерге қызмет  етеді.

-Жол полициясы қандай қызмет атқарады?

-Өрт сөндіретін машина қандай қызмет  көрсетеді?

-Автобус, пойыз, ұшақ не үшін керек?

-Дұрыс айтасыңдар, машина жүргізетін адамды  кім деп атауға болады?

-Пойызды жүргізетін адамды кім деп айтамыз?

-Ұшақты кім басқарады?

Жарайсыңдар балалар.

Ал енді,  балалар,  бүгінгі ұйымдастырылған  іс-  әрекетімізді жапсыру сабағымен жалғастырайық.

Ұжымдық  жұмыс.

   Геометриялық пішіндерден машина жапсырып,  түстерін сұраймын.

Қорытынды:

-Көліктің қандай түрлері болады?

-Адамға көлік не үшін қажет?

-Жолда жүру тәртібі не үшін қажет?

-Бүгінгі сабағымызда не жапсырдық, балалар?

Жарайсыңдар, балалар!

Осымен бүгінгі  іс- әрекетіміз аяқталды.  Балаларды мақтау-мадақтау.





-Ия









-Балалар өлең жолдарын қайталайды

Балалардың жауабы







-Жұмбақтардың  жауабын шешеді








- Ұшақ




- Қайық

- Машина




- Балалар суреттерге  қарап көліктердің  түрлерін айтады.

- Ұшақ, тікұшақ, зымыран

- Кеме, қайық,

-Жедел жәрдем, өрт сөндіру, жеңіл машина

-Трамвай, пойыз



-Балалардың жауабы.



-Әуенді қайталап, іс-қимыл жасайды.





-Бағдаршам.



            Асел

- Қызыл  көзін ашқанда,

Сынық сүйем баспа алға.

Сары  көзін  ашқанда,

Қарап  қалма  аспанға.

Жасыл  көзін ашқанда,

Өте бергін  жасқанба.



-Жол  апаты  болмау  үшін.



    Ерасыл

-Бип-бип,бип  дейді.

Жолдан  былай   кет –дейді.

Күшікті  басуға, басуға,

Болмайды,  болмайды машина.

Бип-бип-бип

-Балалар қызыға  ойнады, ойын бірнеше  рет қайталанады.

-Балалардың жауабы.




-Ауырып  қалғандарға.



-Жол  тәртібін қадағалайды.



 -Өрт  болған  жағдайда.

 -Ұзақ  сапарға  . шыққанда керек.

  Жүргізуші.



 - Машинист.

 - Ұшқыш



Балалар  қандай көлік түрін   құрастырғанын айтып,   талдайды.



Балалар  пішіндерді  орнына  қойып,  түстерін ажырата  біледі.









Балалардың  жауабы.

-Су, жер, темір  жол,әуе  көліктері.

-Алыс жерлерге  бару  үшін  керек.



-Жол  апаты  болмау  үшін.



-Жүк машинасы.

 Күтілетін нәтиже:

Нені білді: Көлік түрлерін ажыратып, қызметін біледі.

Нені игерді: Барлық көліктер адамға қызмет етеді. Көліктің түрлерінің өзгеріп, көбейюі адамның қиялына, шығармашылығына байланысты  екен.

Меңгерді: Көліктердің сыртқы құрлысы мен қызметіне қарай ажыратады. Жолда жүру ережелерін сақтауды.

Тексерілді:



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
10 қараша
542
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі