15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Менің көңіл – күйім.
ШҚО Өскемен қаласы әкімдігінің «№22 орта мектебі» КММ «Еркетай» шағын орталығының педагог - психологы
Жолтаева Зухра Алимхановна
Тақырыбы: «Менің көңіл – күйім» ойын – жаттығуы
Мақсаты: Топта жағымды көңіл – күй қалыптастыру,балаларға көңілді күй сыйлау, эмоциясын білдіруге үйрету.
Міндеттері:
Білімділік: Балаға өзінің көңіл - күйін анықтап бағалай отырып өзгелердің көңіл күйіне назар аудара білуге үйрету, «көңіл күй»ұғымын бекіту.
Дамытушылық: Өзгелердің көңіл – күйін түсіну және қалыпты ұстай білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік:
Өзіне
және қоршаған ортаға позитивті
қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелеу.
Әдіс-
тәсілдері:
әңгімелеу, сұрақ – жауап, ойын, музыка
терпиясы, психологиялық жаттығулар.
Қажетті материалдар: көңіл – күй таңбалары (смайликтер), көңіл – күй текшесі, муз.диск, суреттер.
Қатысушылар: «Жұлдыздар» орта тобы
Барысы: Ұйымдастыру сәті:
Жаттығу: «Амандасу – сәлемдесу» Балалар жүргізушімен бірге музыкамен топқа кіріп, шеңбер жасап тұрады, бір – бірінің аттарын атайды, бір – біріне амандық сөздерін айтады. Қайырлы таң, Әли! «күліп, басын изейді)
Қайырлы таң, ....! ( жүргізушінің атын атайды)
Қайырлы таң,қонақтар!
Психолог: Балалар мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Көңіл – күйлерің қалай?
Балалар: Жақсы, тамаша, керемет ( бас бармақтарын жоғары көтеріп көрсетеді)
Психолог: Бүгін менің де көңіл – күйім өте тамаша болып тұр. Осы көңіл – күйімді сендермен бөліскім келеді. Олай болса бір – бірімізге жақсы көңіл – күйімізді жымию арқылы берейік.
Жаттығу: «Көңіл – күйіңмен бөліс» Балалар бір – біріне қарап күлімдейді, езу тартып жымияды.
Психолог: Жарайсыңдар балалар! Күлкілерің қандай әдемі!Енді орындарыңа отырыңдар.
Балалар орындарына отырады
Психолог: Балалар, көңіл- күй әлемінде болып көрдіңдер ме?
- Жоқ.
- Ендеше ыңғайланып отырып, денемізді бос ұстаймыз, көзімізді жұмамыз. Көңіл- күй әлеміне аттанамыз. (Музыка ойнап тұрады) Ал енді көздеріңді ашыңдар. Міне, біз ғажайып көңіл- күй әлеміндеміз. Балалар менің қолымда не?
Смайликтер.
Дұрыс. Олардың көңіл- күйлері әртүрлі екен. Олай болса олардың көңіл- күйлерін тауып көрейікші?! Мына смайликтің көңіл – күйі қандай?
Ашулы.
Осылайша балалар барлық смайликтердің көңіл- күйлерін ажыратып айтады: күліп тұр, таңданып тұр, қорқып тұр,мұңайып тұр, ренжіп тұр.
Бұл елдің тұрғындары сендер сияқты саяхатшыларды өте жақсы көреді екен. Сендерге арнап тапсырмалар дайындап қойыпты. Ал енді мына суретке қараңдаршы: Суреттегі қыздың көңіл – күйі қандай?
Көңілді.
-Дұрыс. Ал көңілді екенін қайдан білдіңдер?
Күлімдеп тұрғанынан
Дұрыс айтасыңдар. Біз үндемей қуанамыз және қатты қуанамыз. Солай ма?
Иә
Үндемей, тыныш қуанып көрейікші. «Балалар тыныш отырып қуанады, езу тартады»
Ал енді қатты қуанамыз.
1,2,3 Ура! Орнындарынан тұрып секіреді.
Ал енді мына суретке қараңдаршы баланың көңіл- күйі қандай деп ойлайсыңдар?
Көңілсіз.
Көңілсіз екенін қайдан білдіңдер?
Көзінен.Аузынан.
Мүмкін ол ауырып тұрған болар.....
Кәне, олай болса бейнелеп берейік. (Балалар көңілсіз күйді бейнелейді).
Ал мына смайликтің көңіл- күйі қандай екен?
Ашулы.
Ал сендер қай уақытта ашуланасыңдар? (балалардың жауаптары)
Кәне, бейнелеп беріңдерші (жұдырықтарын жұмып, қабақтарын түйіп жерді топылдатады)
Сендер балалар таңданып көрдіңдер ме?
-Иә. Ал таңданған кезде бет- әлпетіміз қалай өзгереді?
Аузымыз ашылып, көзіміз шарасына шығып кетеді. Мыс: сендерге аналарың ерекше бір ойыншық алып берді. Қатты таңданып не дейсіңдер: Керемет! Күшті!
Көңіл – күй елінің тұрғындары сендерге арнап қорап дайындап қойыпты. Бұл жай қорап емес сиқырлы қорап екен. Ойын ойнағыларың келе ме?
Иә.
Ойын: «Көңіл- күй текшесі » ойынның шарты түсіндіреді. Балалар текшені кезекпен лақтырады, көрген көңіл – күйін бейнелейді.
Шынында да балалар кейде біз қуанамыз, кейде ренжиміз әртүрлі көңіл- күйде боламыз. Көңіл – күй адамның ішкі дүниесінің құбылысы.
Ойын сендерге ұнады ма балалар?
Иә
Жарайсыңдар!
Тағы бір ойын бар екен ойнаймыз ба?
Иә
Мен сендерге сөйлемдер айтамын. Ал сендер «біз де!» жауап қайтарасыңдар.
Мен сендермен жақсы көңіл – күйіммен бөлісемін.
Біз де!
Мен сендерге әдемі күлкімді сыйлаймын.
Біз де!
Мен қуаныштымын!
Біз де!
Мен қуаныштан секіремін.
Біз де!
Мен сендерді жақсы көремін!
Біз де!
Мен сендерді құшақтаймын!
Біз де!
Тамаша балалар! Жарайсыңдар!
Балалар, біздің сендермен көңіл- күй әлеміне жасаған саяхатымыз аяқталды. Бізге топқа бару керек.
Балалар көздерін жұмады.Денелерін бос ұстайды. Өздерін жеңіл, жақсы сезінеді. Іштерінен «Бүгін менің көңіл- күйім тамаша!» дейді
Ал енді көзімізді ашамыз! Бір- бірімізге қарап жымиямыз.
Рефлексия: - Балалар сендер қайда бардыңдар?
Не көрдіңдер? – Қалай демалдыңдар?
Саяхаттан қандай көңіл – күймен оралдыңдар?
Балалардың жауаптары
Тамаша!Бүгінгі алған жағымды энергияларың бойларыңда ұзақ уақыт сақталсын! Әрдайым жүздеріңнен күлкі кетпесін! Сауболыңдар!
Психолог балаларды мадақтап, сыйлыққа ойыншықтар таратады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген