400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

менің көңіл күйім

Материал туралы қысқаша түсінік
Жырту, қиып алу әдістерімен түрлі ертегі бейнелерін, т.б. жасай отырып, қарапайым заттарды жапсыру. Жапсыруға арналған материалдарды тиімді жұмсау (тығыздығы, түсі, текстурасы жағынан әртүрлі қағаздар). Жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектепалды даярлық «Б»сыныбының оқу іс–әрекетін ұйымдастырудың конспектісі.

Өткізу күні: 05.09.2018

Тәрбиеші: Тасмагамбетова К.А

Білім беру саласы: Шығармашылық

Пән: Аппликация

Өтпелі тақырып: Мен кіммін және қандаймын?

Тақырыбы: менің көңіл күйім

Мақсаттары:

Жырту, қиып алу әдістерімен түрлі ертегі бейнелерін, т.б. жасай отырып, қарапайым заттарды жапсыру.

Жапсыруға арналған материалдарды тиімді жұмсау (тығыздығы, түсі, текстурасы жағынан әртүрлі қағаздар).

Жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіру.

Педагогикалық технологиялар:

Билингвальдік компонент:

жапсыру – аппликация – аpplique.

1.Ұйымдастырушылық кезең

Тәрбиеші тәрбиеленушілер өздеріне және басқаларға көтеріңкі көңіл күй тудыруларын ұсынады. Әрқайсысы білген тақпақтарын оқып, ән айтады. Шаттық шеңберін құруларына болады.

Тәрбиеші балалардан Аппликация туралы не білетіндерін сұрайды. (Аппликация – қағаздан, қатырғықағаздан әртүрлі фигураларды, ою-өрнектерді немесе бүтін картиналарды қиып алу және жапсыру.)

2.Негізгі бөлім

Аппликация көлемді болуы үшін қағаз бөлшектерін қалай жапсыру керектігі туралы ойланыңдар. Бүгін біз жапсырудың жаңа түрімен танысамыз.

Ол жырту тәсілімен жапсыру.

Жырту тәсілімен жасалатын жапсыруда суреттің барлық бөлшектері түрлі түсті қағаздан қиып алынбайды, олар жыртылып алынады және контур ішіне жапсырылады, құралдарды ретке келтіруге жұмылдырады.

Сен қандай құралдарды пайдалана аласың? Бүгін бізге қайшы керек пе? Құрал ретінде нені

пайдаланамыз? (Қолдарымызды.) Саған қағаздың қандай қасиеттері белгілі?

Проблемалық сұрақ: көңіл күйдің пішіні қандай болуы мүмкін? Түсі қандай? (Балалардың болжамдары.)

Тәрбиеші балаларға жұмысқа қажет құрал-жабдықтарды: төсеніш клеенка, қайшы, желім, желім жаққыш, шүберек, қоқыс салғыштың дайындығын тексеруді ұсынады.

саусақтарға арналған жаттығулар жасайды. Кемпірқосақ

Қараңдар, кемпірқосақ аспанда (қолдарын жоғары көтеріп жарты шеңбер салады),

Ағаштардың үстінде (қолдарын жоғары көтеріп, саусақтарын тарбитады).

Теңіздің де, толқынның да үстінде (қолдарын жоғары көтеріп толқын жасайды),

Ол менің де үстімде (қолдарын бастарына тигізеді). (ұ, Ж) Жұмыстың орындалу технологиясы (жұмысты орындау кезектілігін түсіндіру).

Тәрбиеші балаларға жапсыру алгоритмін түсіндіреді. Балалар өз көңіл күйлерін айқындап алуы тиіс – шеңбер, бұлт, шлейф және т.б. Пайдаланатын қағаз түсін таңдайды.

Педагог жай қарындашпен бейненің контурын сызуды ұсынады. Одан кейін балалар жыртылған қағаз бөлшектерін контурдың ішіне орналастырады. Суреттің ірілеу жерінен бастаған дұрысырақ болады. Суреттің қажетті жеріне желім жағылады, түрлі түсті қағаздар контурдан бастап желім жағылған жерге жапсырылады, одан кейін ортасы толтырылады. Бұдан басқа бұл суретте айқын контур мен тегіс сызықтар қажет емес, балалардың шығармашылық қиялына еркіндік беріледі. Өзіндік жұмыс кезінде педагог тапсырма берудің орнына, балаға кеңестер, жанама сұрақтар қойып, оның өз бетімен жұмыс жасауына қолдау көрсетеді.

Тәрбиеші сабақ кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді.

Аппликацияға арналған материалдарды «тиімді» пайдалану дегеннің не екенін түсіндіреді. Тәрбиеленушілерді жұмыс барысында жұмыс орны мен құралдарды ретке келтіруге жұмылдырады.

3.Қорытынды

Шағын көрме ұйымдастырылады. Балалар талқылайды және ең жақсы жұмыстарды таңдайды. Тәрбиеші балалардан өз жұмыстарын бағалауды сұрайды:

Кімге өз жұмысы ұнады?

Өз жұмысыңды үлгімен салыстыр.

Жұмыс мұқият орындалды ма? Жақсы ма, немесе онша емес пе?

Нені істей алмадың?

Кімнің аппликациясы барлығынан да артық ұнады? Не себепті?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
25 қаңтар
1126
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі