400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Менің көңіл-күйім.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

1-ұОқ.Менің көңіл күйім (жырту техникасымен заттық аппликация)


мектеп/мұ:

Күні:

Педагогтің аты-жөні:

сынып/топ:

қатысқандардың саны:

қатыспағандардың саны:

ұОқ оқыту мақсаттары

0.1.1.1. Жырту, қиып алу әдістерімен түрлі ертегі бейнелерін, т.б. жасай отырып, қарапайым заттарды жапсыру.

0.2.2.1. Жапсыруға арналған материалдарды тиімді жұмсау (тығыздығы, түсі, текстурасы жағынан әртүрлі қағаздар).

0.2.2.4. Жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіру.

Күтілетін нәтижелер

Барлық тәрбиеленушілер:

-жырту әдісімен қарапайым заттарды жапсыра алады;

-желімді пайдалану дағдыларын қолдана алады;

-жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіре алады.

Көптеген тәрбиеленушілер:

-жапсыруға арналған материалдарды тиімді жұмсай алады;

-қағаз парағын толтыра алады, заттарды бір жолаққа орналастыра алады.

Кейбір тәрбиеленушілер:

-елестету арқылы бейнелерді жасай алады.

тілдік мақсаттар

дағдыларды дамыту. тәрбиеленушілер:

-жапсыру жөнінде ойларын ұсыну;

-өзінің және өзгелердің жұмыстарын талқылау және түсіндіру;

-пікір алмасу;

-қазақ, ағылшын тілдерінде таныс сөздерді білу;

-бастапқы біліктерді меңгеру.

Көптілділік: жапсыру – аппликация – аpplique.

негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

-аппликация, қайшы, желім, түрлі түсті қағаз, әліппе-альбом, жұмыс орны, жырту тәсілі.

талқылауға арналған сұрақтар:

Аппликация дегеніміз не?

Аппликация кезінде қандай материалдар мен құралдарды пайдаланамыз? Жырту тәсілімен не істеуге болады?

Бүгін сенің көңіл күйің қандай?

Оны ненің көмегімен білдіруге болады? Қандай түстерді пайдалануға болады?

Алдыңғы білім

Бейнелеу өнерінің түрі – аппликация туралы бастапқы түсінік. Қайшымен жұмыс дағдылары. Қағазды жырту техникасы туралы бастапқы түсінік.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

і. Оң көңіл күй орнату.

0–1 минут

(ұ) ұОқ оң көңіл күй орнату.

Педагог тәрбиеленушілер өздеріне және басқаларға көтеріңкі көңіл күй тудыруларын ұсынады.

Әрқайсысы білген тақпақтарын оқып, ән айтады. Шаттық шеңберін құруларына болады.

Музыкалық сүйемелдеу.

II. өмірлік тәжірибені өзектендіру.

мақсат қою

2–5 минут

(ұ) Педагог балалардан Аппликация туралы не білетіндерін сұрайды. (Аппликация – қағаздан, қатырғықағаздан әртүрлі фигураларды, ою- өрнектерді немесе бүтін картиналарды қиып алу және жапсыру.)

ҰОҚ-де шығармашылық тәжірибе ұйымдастыруды

– өз көңіл күйін білдіру үшін әсерлі бейне жасауды ұсынады.

Аппликация жұмыстарының үлгілері.



III. ұОқ-нің тақырыбы бойынша жұмыс.

6–25 минут

(ұ) Әліппе-альбомдағы иллюстрациялық материалмен жұмыс.

Аппликация көлемді болуы үшін қағаз бөлшектерін қалай жапсыру керектігі туралы ойланыңдар. Бүгін біз жапсырудың жаңа түрімен танысамыз.

Ол жырту тәсілімен жапсыру.

Жырту тәсілімен жасалатын жапсыруда суреттің барлық бөлшектері түрлі түсті қағаздан қиып алынбайды, олар жыртылып алынады және контур ішіне жапсырылады, құралдарды ретке келтіруге жұмылдырады.

Сен қандай құралдарды пайдалана аласың?

Бүгін бізге қайшы керек пе? Құрал ретінде нені пайдаланамыз? (Қолдарымызды.) Саған қағаздың қандай қасиеттері белгілі?

Проблемалық сұрақ: көңіл күйдің пішіні қандай болуы мүмкін? Түсі қандай? (Балалардың болжамдары.)

Педагог балаларға жұмысқа қажет құрал- жабдықтарды: төсеніш клеенка, қайшы, желім, желім жаққыш, шүберек, қоқыс салғыштың дайындығын тексеруді ұсынады.

(ұ) саусақтарға арналған жаттығулар жасайды. Кемпірқосақ

Қараңдар, кемпірқосақ аспанда (қолдарын жоғары көтеріп жарты шеңбер салады),

Ағаштардың үстінде (қолдарын жоғары көтеріп, саусақтарын тарбитады).

Теңіздің де, толқынның да үстінде (қолдарын жоғары көтеріп толқын жасайды),

Ол менің де үстімде (қолдарын бастарына тигізеді). (ұ, Ж) Жұмыстың орындалу технологиясы (жұмысты орындау кезектілігін түсіндіру).

Педагог балаларға жапсыру алгоритмін түсіндіреді. Балалар өз көңіл күйлерін айқындап алуы тиіс – шеңбер, бұлт, шлейф және т.б. Пайдаланатын қағаз түсін таңдайды.

Педагог жай қарындашпен бейненің контурын сызуды ұсынады. Одан кейін балалар жыртылған қағаз бөлшектерін контурдың ішіне орналастырады. Суреттің ірілеу жерінен бастаған дұрысырақ болады. Суреттің қажетті жеріне желім жағылады, түрлі түсті қағаздар контурдан бастап желім жағылған жерге жапсырылады, одан кейін ортасы толтырылады. Бұдан басқа бұл суретте айқын контур мен тегіс сызықтар қажет емес, балалардың шығармашылық қиялына еркіндік беріледі. Өзіндік жұмыс кезінде педагог тапсырма берудің орнына, балаға кеңестер, жанама сұрақтар қойып, оның өз бетімен жұмыс жасауына қолдау көрсетеді.

(ұ) қауіпсіздік ережелері.

Педагог ҰОҚ кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді.

Аппликацияға арналған материалдарды «тиімді» пайдалану дегеннің не екенін түсіндіреді.

Тәрбиеленушілерді жұмыс барысында жұмыс орны мен құралдарды ретке келтіруге жұмылдырады.

Әліппе-альбом.



Музыкалық сүйемелдеу.










Түстер палитрасы.








Музыкалық сүйемелдеу.










Тіктөртбұрышты түрлі түсті қағаздар, ПВА желімі, желімге арналған жаққыш, шүберектер, клеенка.


(ұ, ө) Шағын көрме ұйымдастырылады. Балалар

Жұмыстарды қоюға арналған

IV. ұОқ қорытындылау.

талқылайды және ең жақсы жұмыстарды таңдайды.

көрме қабырғасы.

Рефлексия.

Педагог балалардан өз жұмыстарын бағалауды


26–30 минут

сұрайды:



Кімге өз жұмысы ұнады?



Өз жұмысыңды үлгімен салыстыр.



Жұмыс мұқият орындалды ма? Жақсы ма, немесе



онша емес пе?



Нені істей алмадың?



Кімнің аппликациясы барлығынан да артық ұнады?



Не себепті?



1


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
5 маусым
895
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі