Менің көңіл-күйімнің түсі.«Менің көңіл-күйім» жаттығуыМақсаты: оқушылардың көңіл-күйін игере білуге және басқаруға, қадағалауға, дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу.Алдарыңдағы бланкіге өз көңіл-күйлеріңді суреттеп салыңдар.Есте қалған қызықты оқиға.Мен саған сенемін .Уақыты: 10 минут.Нұсқау: Әуен ойнап тұрады. Жұп құрып, бір-бірінің көздеріне қарап отырады. «Мен саған сенемін ...» өйткені сен жақсы адамсың. «Көңіл-күй неге ұқсас». Ойыншылар олардың бүгінгі көңіл-күйлері неге (қай жыл мезгіліне, ауа райына, табиғаттың құбылысына) ұқсас екенін айтып береді. Ойынды үлкендер бастаса жақсы болар еді: «Менің қазіргі көңіл-күйім көгілдір аспандағы жылы, жұмсақ күннің көзіне ұқсайды, ал сенің ше?». Жаттығу шеңбер бойымен жалғаса береді. Ойынның сонында жауаптар қорытындыланады, бүгінгі шеңберіміздегі балалардың көңіл-күйі қандай екен: қайғылы, көңілді, күлкілі, ызаланған т.б.Жауаптардың қорытындысын шығарған кезде, жаман ауа райы, суық, жаңбыр, түнерген аспан сияқты элементтер агрессивті, қобалжу күйлердің көрсеткіштеріне назар аударыңыз.«Менің көңіл-күйім»Мақсаты:Әр түлектің өзі туралы, өз әдет-қылықтары, жеке ерекшеліктері туралы ой-толғауға мүмкіндік жасау.Уақыт: 15 минут.Нұсқау: Төменде берілген пайымдауларға «иә» немесе «жоқ» деп жауап бересіз. Барынша ашық болуға тырыс. Тест нәтижесі ең бірініші өзіңіз үшін қажет, өзіңді тани отырып тренигтік жаттығуларда өзіңіз туралы жеке ерекшеліктерініңз, қылықтарыңызға көңіл бөлуіңізге мүмкіндік береді.Тест пайымдауларын талдауда, «әдетте» деген қағиданы қолданыңыз, яғни пайымдау сіздің күнделікті мінез-құлқыңызды білдірсе «иә» деп жауап бересіз. Тест сұрақтары:1. Менің жиі көңіл күйім түсіңкі, жылаймын;2. Адамдармен кездескенде, оның көзіне тіке қараудан қысыламын;3. Жиі мен ашулы, салым суға кеткендей көрінем;4. мен білетін, не білген адамдардың көпшілігінен көңілім қалды;5. Көпшілігі үшін өмірде ең маңызды нәрселер (спорт, жұмыс, айналадағылар көзқарасы т.б) мені тіпті қызықтырмайды;6. Соңғы уақытта менің көңіл-күйім түсіңкі болып жүр, тіпті күлмеймін;7. Мен жиі әлсіздікті сезінем және туыстарым мен таныстарыма шағымданам;8. Дәл қазіргі уақытта менің көптеген сұрақтар бойынша өзіндік позициям жоқ;9. мен әдетте жәй сөйлеймін, сондықтан мені адамдар сирек түсінеді;10. Маған қойылған сұрақтардың көпшілігіне қалай жауап беру керектігін білмей, иығымды көтеремін;Тест кілті:Әр «иә» деген жауап үшін 1 ұпайдан беріп, жалпы соммасын шығарыңыз.1-2ұпай. Біршама өмір қиындықтарына қарамастан сіз өмірге көзсіз сеніммен қарайсыз. Бұл жаман емес, бірақ белгілі бір шекке дейін.3-6 ұпай. Сіздің өмірег көзқарасыңызды тұтастай қарасақ қалыпты, бірақ белгілі бір әлсіздік, сенімсіздік сезіледі. Ерте емес пе?7-10 ұпай. Сізбен болып жатқан өмір өзгерістерін жағымсыз қабылдайсыз. Сіздің өміріңізде шынымен қуанышты сәттер жоқ па?Әрине, сіз тест нәтижесімен келіспеуіңізге құқыңыз бар. Дегенмен шыққан нәтиже ақпаратын ой елегіңізден өткізудің мәні зор. Және сіздің алдыңызда тренингтердің тұтас сериясы тұр, олар сізге өзіңізді түсінуге, өзгертуге көмегін тигізеді.«Суретті аяқта және жалғастыр»Мақсаты: психофизиологиялық кедергілерді жою, топты біріктіру.Уақыт: 15 минут.Нұсқау: Бір-бір ақ бет алыңыз және ең жағымды түсті қарындаш алыңыз. Мен қол соққаннан кейін, тілегіңізге қарай сурет салуға кірісесіз. Тағы қол соқсам суретіңізді сол жақ көршіңізге бересіз, ол суретті толықтырып салады. Содан соң тағы қол соғамын, сурет әрі қарай шеңбер бойынша келесі қатысушыға беріледі, жаттығу сурет ең бірінші иесіне жеткенше жалғасады.Мүмкін өз суретін толықтырғысы келетіндер бар болса, өзгерткісі келсе мүмкіндік беріледі.Талдау:Туынды сізге ұнады ма?Сезіміңіз, көңіл-күйіңізбен бөлісіңіз.Басқа адамның суретін, ойын жалғастыру қиын болды ма?«Ааааа және Иииии»Мақсаты: «Мен» бейнесін дамыту, көңіл-күйді көтеріп, оптимистікті қалыптастыру.Уақыт: 10 минут.Өткізу техникасы: Қатсушылар шеңбер құрады.«Ааааа» дыбысының энергиясыНұсқау: Мен сізге жаңа күшпен қарулануға көмектескім келеді. Бәріміз тұрып терең демалып, шығарамыз. Содан кейін ауызға ауаны толтырып, дыбыс арқылы шығарыңыз. Ауаны шығаруда әрдайым ұзақ «Ааааа» дыбысымен әндетіңіз. Жәнеде осылай сіз әлсіздік, көңілсіздік, іш пысу сезімінен арыласыз. Ал ауаны жұтуда сіз көңілді, қуанышты ойларды сіңіресіз. Әр тыныс шығарғанда «Ааааа» дыбысын қатты, үдете қайталаңыз,яғни сіз әлсіздігіңіз, жағымсыз сезімдеріңден толығымен айрылғанша қайталаңыз... (1 минут)
«Иииии» дыбысының энергиясыНұсқау: бір минутқа орныңызда тұрып, «Жеңіл жәрдем» машинасының белгі әуенін бейнелейін. Қолымызды басымызға қойып, дауыстап ұсақ «Иииии» деген дыбыстаймыз. Осы дыбыстан басыңыз дірілдеуін сезінуге тырысыңыз.Енді шынымен машина дауысын бейнелейміз, бірде қатты, бірде бәсең айтамыз. Біраз уақыт өткеннен кейін, сіз ол арқылы өз күшіңізді сақтағаныңызды сезінесіз... (30 секунд)Кейде сіз басқа дауысты әріптердің (қайсысының күші, сергектік күйге бөлейтін қасиеті басым екенін) сынап көруіңізге болады. Мысалы: «Ааааа», «Иииии», «Ооооо» немесе «Ууууу» әріптерімен жаттығуға болады. жаттығу барысында бұл әріптердің бірде жоғары, бірде төмен шырқалуы тиіс.Талдау: Өз көңіл-күйіңіз туралы әңгімелеңіз.