400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Менің көзқарасыма әсер еткен кітап

Материал туралы қысқаша түсінік
Әр адам кітапты оқып болған соң бір ой түйеді, дәл сол сияқты таңғы уақыттың қадірін маған түсіндірген кітаптың аты "магия утра". Сол кітаптың қысқаша ерекшелігін және мазмұнын сіздерге өзімнің оқиғаммен бірге ұсынбақшымын.
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Менің көзқарасыма әсер еткен кітап»



Кітап – адамзаттың ой-өрісін, фантазиясын, тіл байлығын дамытушы құрал. Кітап-ғалым, тілсіз мұғалім демекші, барша әлемнің жансыз мұғалімі әрі ұлы ұстазы. Ол ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа беріліп жатқан асыл мұра.

Қазір далада XXI ғасыр болып, көпшілігі ақпараттарды дамыған электронды ресурстардан, яғни, интернет желісі, телефон, компьютер, нешетүрлі сайттардан алғанымен, әлі де өз таңдауын кітапқа қоятын жандар да қаншама. Және мен бастапқыда 1-інші типке жатқанмын, алайда осыдан 1 жыл бұрын менің 15 жасыма толғаныма байланысты құрбым маған сыйға кітап тартты. Негізі мен кітапқа зейін салып қарайтын адамдардың қатарында болған жоқпын, тіпті сырты да әдемі дизайнде болды деп айта алмаймын, мен қалай бұны оқимын деген ой туындады. Ұзаққа қалдырып жүріп, бір күні соны қолыма алып оқып көрейінші деп шешім қабылдадым. Бұл – болашағым үшін ең дұрыс шешімдердің бірі болды. Тургенев айтпақшы: Сізді ойлауға мәжбүр еткен кітап қана өз міндетін толық атқарған кітап. Бұл кітаптың аты – «магия утра». Ең бастапқы бетіннің өзінде автор өзінің оқиғасын мәлімдеп, біздің оқиға да маңызды деп ой салды. Содан бастап менің қызығушылығым оянды. Кітаптың негізгі мәні: таңның атқан сәтінен бастап өз күніңе сенімді болу. Былайша айтқанда ғұмырыңның әрбір уақытынан ләззат әрі пайда алудың басты қайнар көзі – арманмен ұйықтап, мақсатпен тұру. Өзімнің мысалымды келтірейін, дәл қазір мен 11 сынып оқушысы болған соң үнемі уақыт жетіспей жатады, әрнәрсені үлгеру қажет, тіпті кейде мен жәй ғана тіршілік етіп жүрген сияқты көрінді. Бірақ осы кітапты оқыған соң менің көзқарасым түбегейлі 360°-қа өзгерді. Осының арқасында менің түсінгенім: Өмір – ол бірнәрседен бастау алатын ағымды кезең, сол сияқты таң да күннің бастапқы мезгілі. Сол үшін біздің тұрар-тұрмастан атқару керек тірлігіміз – жоспар қойып, сол жоспармен жүріп, жақсы көңіл күйде болу. Себебі, дәл осы алғашқы кішкентай, қарапайым қадамдар арқылы біз өз өмірімізді өз қолымызға алып, біздің қалаумызша басқара аламыз. Ендіге мен таңертең күннің шуағынан оянғанды, келесі күнімді алдын-ала қағазға жазып жоспарлағанды ұнатамын. Әсіресе, осы кітап арқылы менің кітапқа деген махббатым ашылды.

Сөз қорытындысын Джордж Лоример атты атақты жазушы және оратордың сөзімен аяқтағым келеді: Егер түнде қанағаттану сезімімен ұйықтағыңыз келсе, әр таңертең шешімділік сезімімен ояныңыз. Күндізгі уақытта бізбен болатын оқиғаларды толығымен бақылау мүмкін емес, бірақ біз таңертеңгі алғашқы сағатты дұрыс басқара аламыз. Бәрі өз қолымызда.



















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
10.03.2024
369
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі