15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Менің мамам дәрігер.
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Менің мамам дәрігер» өлеңі
Мақсаты:
Білімділік: Балаларды мамандықтың түрлерімен таныстыру, дәрігер мамандығының не үшін қажет екендігін түсіндіру, өлеңді жатқа айтуға үйрету.
Дамытушылық: Шығармашылық сөйлеу тілін, танымдық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Дәрігердің еңбегін бағалай білуге, құрметпен қарауға, топта бірлесе жұмыс істеуге, берілген тапсырманы дұрыс орындап, ойланып жауап беруге, дұрыс отыруға тәрбиелеу.
Әдіс –тәсілдер: Әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, қайталау, сұрақ-жауап, ойын
Көрнекіліктер: суреттер, топтық тапсырмалар,слайд, ойынға қажет заттар
Тілдің үштұғырлығы: Дәрігер –врач- doctor, дәрі – лекарства- drugs, дәріхана- аптека- famezi
Интеграция: «Таным», «Денсаулық»
Іс-әрекет бөлімі |
Тәрбиешінің іс -әрекеті |
Балалардың іс -әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Шаттық шеңбері: Үлкенге сіз, Кішігеде сіз. Бар адамды құрметтеп, Бас иеміз біз. |
Балалар өлең жолдарын қайталайды. |
Ұйымдастырушылық- ізденістік
Рефлексивті- түзетушілік |
- Балалар жұмбақ шешкілерің келе ме? 1. «Қолында қайшы, тарағы, Тәртіпке шашты салады». Ол кім? 2. «Ұстап қалақ, жүр үй қалап» Ол кім? -Ал мен кіммін балалар? -Дұрыс айтасыңдар. Шаштараз, құрылысшы, мұғалім, аспаз мамандықтарға жатады. (Суреттен көрсетеді) Тосын сый. Есік қағылады. Дәрігер кіреді.
Тәрбиеші: Ішті де, тісті де емдейтін ақ халатты абзал жандар кімдер? Дәрігер: Мен дәрігермін. Дәрігер мамандығы өте құрметті мамандық. Өйткені дәрігер адам жанының арашасы, ол адамдарды емдейді, дәрі береді. Ал ауырмас үшін дені сау, мықты болып өсу үшін жаттығу жасап, спортпен шұғылдану керек. Дұрыс тамақтанып, таза жүру керек. Дәрумендер жеп тұру қажет. Ал ауырған жағдайда міндетті түрде дәрігердің қабылдауына келу керек. Тәрбиеші: Міне, балалар дәрігер апайларың дәрігерлік кеңесін айтты . Не деу керек? Дәрігер: Сендерге де рахмет. Сау болыңдар! Ауырмаңдар! -Шынымен де балалар ауырған жаман ғой солай ма? Ол үшін дәрігердің айтқан кеңесін орындау керек. - Балалар араларыңда кімнің мамасы дәрігер болып істейді? - Өте жақсы. Олай болса , бүгін біз «Менің мамам- дәрігер» өлеңін жатқа айтып үйренеміз.
Сергіту жаттығуы: «Арам-зам-зам»
Тілдің үштұғырлығы: Дәрігер –врач- doctor Ә.Мұсахановтың «Менің мамам- дәрігер» өлеңін мәнерлеп оқиды. Іш ауырса, тіс ауырса, Мамам дәрі береді. Барлық ана, барлық бала, Оны жақсы көреді. (Өлеңді оқып береді, мазмұнын түсіндіреді). Тілдің үштұғырлығы: дәрі – лекарства- drugs Өлеңді жатқа айтып үйретеді. Топқа бөлу: ( Шеңбер, үшбұрыш, төртбұрыш.)
1-ші топтың тапсырмасы: «Кімнің құралы?» Тігінші,құрылысшы, мұғалім,дәрігер, суретші мамандықтарына қажет заттарын табу. 2-ші топтың тапсырмасы : «Кім қайда жұмыс істейді?» Сатушының,шаштараздың, ұшқыштың, дәрігердің,аспаздың жұмыс істейтін орындарын көрсету. 3- ші топтың тапсырмасы: «Дәрігер» мазмұнды- рөлдік ойынын ойнау. Әр тапсырманы түсіндіреді, ойынның ережесін айтады
Бағалау. «Бас бармақ» әдісі
ҰОҚ бағалау. Көнілді, көңілсіз смайликтер арқылы бағалау жүргізеді, мақтап- мадақтайды. Қоштасу. |
-Иә
Шаштараз
Құрылысшы Тәрбиеші
Мұқият қарайды.
Сәлеметсіз бе?
Дәрігерлер
Балалар ынта қойып тыңдайды.
Рахмет.
Иә
Ясмина: Менің мамам- дәрігер.
Қимылмен жасайды.
Тыңдайды
Қайталайды. Бірге дауыстап жаттайды.
Балалар пішіндер арқылы үш топқа бөлінеді, түсіне қарай үстелдерге жайғасады.
Балалар топпен жұмыс істейді, тапсырманы орындайды,қорғайды.
Топтар бір-бірін бағалайды «Менің мамам дәрігер» өлеңі Балалар қойылған сұрақтарға қызығушылықпен жауап береді. Балалар оқу қызметін бағалады. Үш тілде қоштасады |
Күтілетін нәтиже:
Біледі : Әр түрлі мамандық түрлерін және дәрігердің адамдарды емдейтінін біледі.
Түсінеді: Ойын ойнау және тапсырмалар орындау барысында дәрігерге қажетті құралдармен танысып, дәрігер мамандығының қажетті екенін түсінеді;
Істей алады : «Дәрігер» мазмұнды- рөлді ойынын рөлдерге бөлініп ойнайды, топтық жұмыста топтасып жұмыс істей алады;

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген