Түркістан
облысы Жетсай ауданы №65 «Достық» ЖОМ
камуналдық мемлекеттік мекемесі
Педагог-психолог:
Койшыбекова Жумагуль Сапарбековна
Эссе.
«Мен
және менің мамандығым»
«Тән
қуаты болса, жан қуаты да ажарлы
болады.
Нашар жаннан осал мінез
туады»
Ж.
Аймауытұлы.
Менің
өмірдегі бақытым –жүрек қалауым психолог
болуым. Мен бұл сөзді жайғана айта
салмаймын, өйткені менің жүрек жылуымды
көп адамдар қажететеді екен ,себебі
ұстаздар мен оқушылар өздерін мазалаған,
шешімін таппаған сұрақтарымен бөліскісі
келетінін байқаймын.
Педагог-психолог
болу жай ғана мамандық емес, ішкі сезімің
мықты болу керек, көзбен - ақ көп нәрсені
ұғуға түсінуге болады. Алдыңа келген
жанды жан- тәніңмен беріліп тыңдап, осы
тығырықтан қалайда өзі шығуына рухани
көмек беремін. Келесі кездескенде, сол
адамым немесе оқушым қуанып күлімдеп
келіп сәлемдесіп рахмет жаудырған да:
« сен өзіңнің мықтылығыңнан бәрін
жеңдің,»-деп оның өмірге деген қызғушылығын
ынталандырамын.
Өмірде
еш нәрсе мәңгі емес,ақ пен қарасы бірге
жүретінін естен шығармаймын өмірдің
өзі таразы.
Мен
мамандығым мен мақтанамын мен бұл
жұмысты сүйіп жан- тәнім мен атқарамын.
Педагог –психолог болу тек қана
жоғары оқу орнын үздік бітірумен ғана
бағаланбауы керек, себебі бұл мамандықтың
өз қырлары мен сырлары өте көп. Психолог
адам жанын терең түсінетін, қиналғанда
жол сілтеп бағыт-бағдар бере алатын
маман болу керк. Үздіксіз ізденісте
болуыды қажет ететін мамандық. Заман
талабына сай, саралай білуді талап
етеді. Әрбір баланың толыққанды жеке
тұлға болып қалыптасуына үлкен үлес
қосу баршамыздың міндетіміз.
Менің
өмірден түйгенім рухани қуаты мықты
болу. Әрбір психолог мейірімді,шыдамды,сабырлы,
кешірімді әрбір балаға жүрек жылуын
беріп, өмірге деген құлшынысын оята
білсе сол нағыз маман деймін.
«Өз
тағдырыңды өзің басқар, өйтпесең басқа
біреу басқаратын болады» деген даналық
сөзді есімнен шығармаймын. Бұл мамандықтың
иелерін мен құрметтеймін, кез-келген
уақытта сабыр мен ыждағаттылықпен,
өзінің ой-саналылығы мен білімділігі
мен дұрыс жол көрсетіп бағыт- бағдар
береді.
Қазіргі
заман талабына қарай бұл мамандық өте
қажет. Кейде психологтың өзіне көмек
керек болады, сол кезде мен рухани азықты
кітаптар оқу арқылы кеншін жерімді
толтырамын. Кемшіліксіз адам болмайды
оны дұрыс тани білу кемшілігін дұрыс
қабылдай алуына көмек беруші осы маман
деп ойлаймын.
Бұл
менің мамандығым деп толық сеніммен
айта аламын, өйкені ұлттық санаммен,
мінез-құлқыммен, жүріс-тұрысыммен,ізденімпаз
жаңашылдығым мен, жылышырайлылығыммен
жүрек жылуыммен, шын ниетіммен өз
мамандығымды сүйіп атқарып келемін.