Материалдар / Менің мамандығым
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Менің мамандығым

Материал туралы қысқаша түсінік
Әр адам мамандық таңдауда қателеспеу керек, өйткені мамандығын - өмірің! Адам баласы жаны не нәрсені қаласа, соны аса құштарлықпен орындайды. Логопед мамандығын таңдап еңбек еткеніме бірнеше жыл өтіпті. Соның ішінде мектепке дейінгі және мектеп жасындағы тіл ақауы бар балалармен жұмыс атқарудамын. Қиыны мен жеңілі, қызығы мен қуанышы мол болған еңбек жолындағы педагогикалық ұстанымым – үнемі жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну және әр баланың бойынан жақсылық тауып, тілін дамыту, бұлақтың көзін ашу арқылы биік мақсаттарға жетелеу. Неге бұл мамандықты таңдадым? Мүмкін бала кезімнен ұстаздық тәрбие көргендігімнен болар?
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қараша 2020
952
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұстаз болу жүректің батырлығы,

Ұстаз болу сезімнің ақындығы.


Әр адам мамандық таңдауда қателеспеу керек, өйткені мамандығын - өмірің! Адам баласы жаны не нәрсені қаласа, соны аса құштарлықпен орындайды. Логопед  мамандығын таңдап  еңбек еткеніме  бірнеше  жыл өтіпті. Соның ішінде мектепке дейінгі және мектеп жасындағы тіл ақауы бар балалармен жұмыс атқарудамын.  Қиыны мен жеңілі, қызығы мен қуанышы мол болған еңбек жолындағы педагогикалық ұстанымым – үнемі жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну және әр баланың бойынан жақсылық тауып, тілін дамыту, бұлақтың көзін ашу арқылы биік мақсаттарға жетелеу. Неге бұл мамандықты таңдадым? Мүмкін бала кезімнен  ұстаздық тәрбие көргендігімнен болар?

Логопед  маман - тіл ақауы бар және сөйлеу тілінде бұзылуы бар балаларды тәрбиелеу, оларға өзіне деген  сенімділік сезімін тәрбиелеу. Сондықтан логопед кім?- десек, Ол- ең ғажап мамандық иесі- дер едім. Себебі:

ол- адам жанын емдеуші, өзінің тіл мүкістігі бар шарасыз жандардың көзі мен көңілінен жанын ұғушы;

ол, алдымен, зерттеуші.

ол- бақылаушы, балаларды үнемі назарда ұстап, жандарына қамқорлық арқылы алақан жылуын беруші;

ол- әр адамның мінезі мен ерекшелігін зерттеп, танып, олармен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдеріне жол тауып беруші;

ол- қарым-қатынас мәдениетіне үйретуші, ата-аналар мен оқушылар арасында ойындар мен тренингтері арқылы позитивті көңіл-күй мен қуаныш сыйлаушы;

ол- дамытушы, даму мүмкіндігі шектеулі немесе түрлі санаттағы балалармен тіл табысып, оларға өмірдің бағытын нұсқаушы.

Мен, Аққулы аудандық психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде жұмыс істегендіктен: сөйлеу қабілетінің спецификалық бұзылуы және психикалық процестердің (ес, зейін, ойлау және т.б.) дамуындағы басқа да ауытқушылықтарды алдын алуға және жоғары дәрежеде түзетуге бағытталған жұмысты жүзеге асырудамын. Өз оқу іс-әрекеттерінде педагог балалар ұжымында қолайлы психологиялық жағдай жасайды және де балаларда тұрақты танымдық процесті тәрбиелеп, балалардың ойлау әрекеттерін белсендіреді. Әрбір баланың жеке мүмкіншіліктерін ескереді. «Тілінде кемістігі бар мектеп жасына дейінгі балалармен ППТК аясында логопедиялық жұмыс жасау» атты мәселе бойынша жұмыс жасаймын, сондықтан шығармашылық инновациялық тәсілдерді жүзеге асырып, әрбір оқу іс-әрекетін ойынға айналдыруға тырысамын.

Бұл балалар басқа балалар сияқты емін еркін жүре алмайды. Көбінесе тұйық,  ұялшақ, сенімсіз, көмекті қажет ететің балалар. Менің мамандығымның ерекшелігі, балаларға көмек бергенде тек стандартқа байланысты жұмыс емес, сонымен қатар әр баланың ерекшелігіне байланысты және көмекті қажет ететің балаларға өзіндік кілт табу.

Балаларда тіл кемістіктің пайда болуы:

Біздің әлеуметтік өмірде ата-аналарымыз қателіктері деуге болады. Ата-аналар өздері де оны байқамайды. Үй тіршілігінде бала мазасын алса, ата-ана көбінде планшет, ұялы телефон немесе интернеттегі жасқа сай емес  мультфильмдерді  қосып беріп,  уақыт шектеуліктерін қоймайды. Әрине заманауи заттарды пайдаланған дұрыс, бірақ баланың тілінің  дұрыс дамымауына әсерін тигізеді.

Менің ойымша бұл кемістіктерді жоюға болады. Тек оны логопед маманы ғана емес сондай-ақ ата-ана мен бірге бірлесіп жасалған жұмыс, нәтижесін береді деп ойлаймың.

Шешу жолдарын айтатын болсақ: Жаңа технологияны  алатын болсақ. Ол әрине интерактивтік тақта,  магнитафон арқылы жұмыс, микрафонмен қайталау, әртүрлі түрлі-түсті бейнеленген суреттер, жапсырмалы (на лепучке) дидактикалық ойындар сияқты т.б. Осы аталған заттарды пайдалана отырып мен жеке  жұмыс дыбыстық ойын түрлерін,  сурет бойынша әңгімелеу, ұсақ моторика ойындары, жаттамақтар, буынұйқастар, тақпақтар  өте тиімді деп санаймың. Бұл міндетті орындау үшін, баланың ұйымдастырылған  оқу  қызметіне  қызығушылығын арттып   тәрбиелеу мен оқытудың көптеген жаңа әдіс-тәсілдерін алып, өз іс-тәжіребиемде ұтымды пайдалана білуге тырысамын.

Қазақ тілінің мемлекеттік статус алуына байланысты Қазақстан Республикасының білім беру саласында бірсыпыра шаралар жүзеге асырылды. Соның бірі - әр түрлі тіл кемістігі бар балалардың ана тілінде оқыту мәселелері. Қазіргі кезеңде тілінде кемістігі бар балаларды мектеп жасына дейінгі арнайы  балабақшамызда, топтарда тәрбиелеу оқыту жұмыстары қолға алынған. Арнайы  тобында  тәрбиелеу және оқытудағы жұмыстар олардың жалпы сөйлеу мүмкүндіктері ескеріле отырып, жалпы балабақшалардың бағдарламасына сәйкес жүргізіледі. Мысалы: бағдарламада «Дыбыстардың айтылуы қалыптастыру», «Фонетикалық есту қабілетін жетілдіру», «Сауат ашу» «Байланыстырып сөйлеу» сияқты жаңа бөлімдері.

ЛОГОПЕД  деген    сөздің әр әрпінің мен үшін өзіндік  мағынасы бар:

Л–Любовь-Махаббат    Балаларға деген махаббат. Балаларға  деген махаббатсыз  жұмыстың нәтижесі болмайды.

О- Ответственность – Жауапкершілік. Баланың болашағы біздің қолымызда.

Г-Гордость-Мамандыққа деген мақтаныш. Баламен бірге жұмысымның қорытыңдысын   көргенде, мен үшін және бала үшін жеңіс.

Ообразованность -Білімділік   Балаға білім беру үшін ұстаз өзінің білімін жетілдіру тиіс. Ол үшін мен: Методикалық әдебиеттерді пайдалану    (Мысалы: Журнал «Логопед» «Дұрыс сөйлейміз», М.Г. Генинг «Балалардың дұрыс сөйлеуін дамытамыз» А.М. Бородич)  қолданамын  бұл әдебиеттерді  қазақ тіліне аударып және жаңа  технологияларды қолданамың  Ол Монтессори әдісі бойынша т.б

П-Положительные эмоции  -Жағымды әсер. Күнделікті баламен қарым-қатынас ұстазға да балаға да жағымды әсер.

Е-Единство- Бірлік. Логопед пен Ата-ана  қарым-қатынасы. Көп жағдайда ата-аналар баласының даму заңдылығын түсінбейді және  мәселенің шешу жолдарынын білмегендігі. Логопед пен Ата-ананың  тығыз қарым-қатынасымен ғана нәтижесі болады.

Д-Достижение- Жетістікке жету. Баланың таза, дұрыс сөйлеуі - ол атқарылған жұмысымның нәтижесі деп есептеймін. Ол:Баланың өз ойын дұрыс айту, сюжетті суреттерді өз бетімен әңгімелеу. Оқылған ертегілерді жас шамасына сай қайталап беру.

Әр баламен жасаған жұмысымның нәтижесін көргенде.

Әр адам өзінше қызықты. Барлығымыз бірдей құтқарушы, мұғалім, ұшқыш бола алмаймыз. Әр адам өз қалауы бойынша мамандық таңдайды. Біздің таңдауымызда әртүрлі. Біреуің ертең ақын, екіншісі инженер, үшіншісі құрылысшы болады. Жаман мамандық жоқ. Мамандықтың бәрі жақсы.

Мен бақытты жанмын! Жұмысымнан ләззат алып, балалардың былдырлаған балдай тілінен, дұрыс дыбыстай алатын, дұрыс дыбыс қоя алғаннан рахат аламын! Әр бала жұлдыз болуға лайық. Тек оған уақытында  көмектесіп, дем бергенге не жетсін. 

Қорыта айтсам, мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез-келгеніне икемділік қажет, ол үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін еңбек. Кімде-кім өзінің мамандығын сүйіп, жүрек қалауымен қызмет етсе, өз басына да, қоғамға да үлкен пайда келтірмек. Мамандығымыз - мақсатымыз, мақтанышымыз және болашағымыз болсын дегім келеді.


















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!