400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Менің мамандығым - тәрбиеші»

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешіге қажет, мамандық жайлы қысқаша эссе
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мен - қазіргі заман педагогімін»

«Ұстаз ізденгіш болуы, ойлай білуі, қандай істі

болсын, бар ынтасымен атқара білуі керек»

В.Маяковский

Мектеп қабырғасында оқып жүргенімде сабақты жақсы оқыдым, мектептің қоғамдық жұмыстарына да белсене араластым. Сол кездерде ұстаз болуды армандайтын едім. Арманыма қол жеткіздім, Тиісті оқу орнына түсіп, оны ойдағыдай аяқтап, қазір міне балабақшада қызмет етіп келе жатқаныма 11- жыл да боп қалыпты.

Өз басым осы мамандығымды мақтан тұтамын. Балалармен жұмыс жасау – мен үшін үлкен бақыт. Өйткені, мен олардың екінші анасымын десем де болады. «Еліміздің  ертеңі – бүгінгі  жас  ұрпақтың  қолында, ал  жас  ұрпақтың  тағдыры-ұстаздардың  қолында»-, деп Н.Ә. Назарбаев өз жолдауында өте орынды айтқан. Бала балалабақшаға келген күннен бастап, тәрбиешінің назарында болады. Баланың жан дүниесін неғұрлым терең таныған сайын тәрбиеші оның тұлға ретінде жетілуіне септігін тигізе алады. Тәрбиешінің жұмысының күрделі де қызықты екенін барлығымыз да білеміз, әрине. Тәрбиешінің әрбір өткізген оқу-қызметі, тәрбие процесі баланың ақыл-ой парасатын дамыта білетіндей, баланың жас ерекшелігіне сай құрылса, баланың ынта – жігері артары сөзсіз. Өзімнің еңбек жолымда әрдайым балалардың тілін, ой-өрісін, тіл байлығын дамыту мақсатында ертегілерден көріністер ұйымдастыруға тырысамын. Себебі бала рөлде өзі ойнаса сол кейіпкердің бойындағы барлық қасиет дағдыларын ой елегінен өткізіп саралайды. Ақылмен ойланады. Ол үшін тәрбиеші бойындағы асыл қасиет – ақыл-парасат болуы шарт. Баланың ішкі жан дүниесіне жол тартқан тәрбиеші ең нәзік те мөлдір, алайда, сонымен қоса, ең күрделі де жұмбақ әлемге енеді. Баланың жан дүниесін неғұрлым терең таныған сайын тәрбиеші оның тұлға ретінде жетілуіне септігін тигізе алады. Тәрбие процесі мен білім берудің берік дағдыларын қалыптастыру мақсатында ортаңғы топ тәрбиеленушілерін балабақша өміріне енгізудің өзі таңдаулы технология мен асқан шеберлікті талап етеді. Баланың «Мен бәрін де балабақшадан үйренемін» – деген үмітін анықтау, ата-анасының, туған-туысының қатысуымен жүзеге асырылады. Мен ылғи да балалардың ата-аналарымен үнемі байланыста болып, оларды балабақшадағы түрлі шараларға белсендіре қатыстырып отырдым.

«Ұстаз ізденгіш болуы, ойлай білуі, қандай істі болсын, бар ынтасымен атқара білуі керек» деп В.Маяковский дәл айтқан. Өйткені, баланың мектепке дайындығын балабақшадағы әдіс-тәсілдерді ұштастыру арқылы жүзеге асыру – басты  мақсатым. Осындай еңбектің жемісін көру үшін, тәрбиешілік жұмыс тәрбиешінің бойынан – жігерлілік пен еңбекқорлықты қажет ететінін айқын аңғардым. Әрбір тірлікте жігерлі еңбек етпей айтарлықтай нәтижеге жету мүмкін емес. Ал тәрбиешіде бұл қасиеттердің түп негізі жауапкершілікте. Әрбір тәрбиеші алдындағы балалардың мінез-құлықтарын жатқа білуі керек. Олардың ата-анасымен қарым-қатынастары жақсы болса, тәрбиешіге бұдан артық бар ма дер едім! Өйткені тәрбиешінің жұмысын бағалайтын, бірден-бір адам - ата ана.

Тәрбиеленушілердің шығармашылығын дамыта отырып, қазіргі заманғы педагогикалық теория мен практиканы басшылыққа алып, жұмыс жасаған қандай жақсы! Педагогикалық озық технологияларды оқу қызметі барысымда жиі пайдаланып отырамын. Үнемі ізденісте жүремін.

Сәуір айында «Үздік тәрбиеш»» Республикалық байқауға қатысып, ІІІ дәрежелі дипломмен мрапатталдым. Сонымен қатар тәрбиеленушілерімді де қашықтықтан өткізілетін республикалық деңгейдегі байқауларға жиі қатыстырып отырамын.

Алдағы уақытта көпеген жетістіктерге қол жеткізіп, өз мамандығымды абыроймен алып жүрсем, тәрбиеленушілерімнің, ата-аналарымның ыстық ықыластарына бөлене берсем деген ойым бар. Мен мамандығымды құрметтеймін, сүйемін.
























«Шапағат» бөбекжай - бақшасы









Эссе:

«Менің мамандығым - тәрбиеші»




















Сулейманова Гулнар Кулмуратовна

2021ж.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13.05.2021
590
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі